Қазақстан жаңалықтары11.07.2024
Мұнай-газ, ЖЭК және атом энергиясы: ШЫҰ елдері қандай энергетикалық жобаларда ынтымақтасады?

QAZAQ GREEN. 3-4 шілдеде Қазақстан астанасында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде Энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясы бекітілді. Энергетика министрлігі ШЫҰ елдері қандай жобаларда ынтымақтасатыны туралы бөлісті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Стратегия тараптар мұнай-газ саласы, электр энергетикасы, жаңартылатын және төмен көміртекті энергия көздері, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, көмір өнеркәсібі, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сияқты негізгі бағыттар бойынша жобаларды іске асыру бөлігінде ынтымақтастықты тереңдетіп, тәжірибе алмасуды жүзеге асырады деп болжайды.
Құжатта ШЫҰ елдері оның аумағында өндірілетін мұнай мен газ ресурстарын бірінші кезекте пайдалану есебінен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттің мұнай мен газға ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мүмкіндігіне негізделетіні атап өтілген. Бұдан басқа, стратегия транзиттік әлеуетті дамытуды, экспорттық маршруттарды әртараптандыру мүмкіндігін қарауды, мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға жәрдемдесуді көздейді.
Ұйымға қатысушылар сонымен қатар мұнай-газ химиясы өнімдерін қоса алғанда, көмірсутектер негізіндегі өнімдерді өндіру бойынша бірлескен жобаларды құруға қызығушылық білдірді.
Тараптар ШЫҰ кеңістігінде электр энергетикалық инфрақұрылымның өзара байланысының, сондай-ақ әр түрлі энергия көздерін интеграциялаудың, технологиялық мүмкіндіктер шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өңірлік электр энергиясы нарықтарын қалыптастыру саласындағы ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндіктерін зерделеуге ниетті.
Стратегияда тараптар электр энергетикасы саласында білім алмасуды, электр энергиясын жинақтау мәселелерін, сондай-ақ электр желілеріне қосылу рәсімдерін оңайлатудың үздік тәжірибелерін бірлесіп зерделеуді ұдайы жүргізетіні атап өтіледі.
Үздіксіз электрмен жабдықтауды және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қатысушылар қуаттарды жаңғыртуға, реконструкциялауға және жөндеуге инвестициялау мәселесін қарауға міндеттенді.
Стратегия сонымен қатар энергетикалық жабдықтарды өндіру және экспорттау саласындағы ынтымақтастықты, өңірлерді электрмен және жылумен жабдықтау жүйелерін дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларында тәжірибе алмасуды көздейді.
Стратегияға сәйкес, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер жаңартылатын және төмен көміртекті энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты дамытатын, ЖЭК көлемін өндіру мен тұтынуды ұлғайту және парниктік газдар шығарындыларын азайту мүмкіндігін зерделейтін болады. ЖЭК-ті ірі қалаларды энергиямен қамтамасыз ету үшін де, сондай-ақ үй шаруашылықтарының, шағын және орта кәсіпкерліктің ЖЭК-тің шағын ауқымды объектілерін пайдалануы үшін, оның ішінде электр желісінің инфрақұрылымынан шалғайдағы елді мекендерді электрмен жабдықтау мәселелерін шешу үшін де пайдалану жоспарлануда.
Сондай-ақ, елдер жаңа отын түрлері секторындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесін қараустыруға келісті.
Халықтың атом технологияларының қауіпсіздігі туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ШЫҰ елдерінің энергетикалық ведомстволары сараптамалық және ғылыми қоғамдастықты тарта отырып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибе және үздік тәжірибелер алмасуды жолға қоюға келісті.
«Тараптар бейбіт мақсатта пайдаланылатын тараптармен келісілген уран өнімі саласында ынтымақтастық жүргізуге, сондай-ақ ШЫҰ-ның өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін зерделеуге ниетті», - делінген стратегияда.
Бұдан басқа, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің атом ынтымақтастығы жөніндегі ғылыми-техникалық орталығын құру мүмкіндігі зерттеледі.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті ведомстволары ШЫҰ Хатшылығының көмегімен оны іске асыру жөніндегі Жол картасын әзірлейтін болады.
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді