Қазақстан жаңалықтары25.03.2025
Қазақстанда қуаты 800 МВт болатын күн және жел электр станциялары салынады

QAZAQ GREEN. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов пен China Energy Басқарма төрағасы Лин Сяодан жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады, деп хабарлады қазақстандық компанияның баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Түркістан облысында күн электр станциясын (300 МВт) және Қарағанды облысында жел станциясын (500 МВт) салу жобалары қаралды.
Тараптар жобаларды іске асыру бағытында жүргізілген елеулі шараларды атап өтіп, күн электр станциясын салу бойынша жобалау компаниясын құру мәселесіне тоқталды. Кездесуде жобалау құжаттарын келісу мәселелері де талқыланды: Жобаларды одан әрі іске асыру үшін қажетті инвестициялар туралы келісім (СоИ) және электр энергиясын сатып алу шарты (РРА-келісімшарт).
Түркістан облысында энергия жинақтау жүйесі бар күн станциясын салу жобасына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта жобалау-іздестіру жұмыстарының аяқталуы күтілуде және 2025 жылдың қыркүйегінде 2026 жылдың соңында пайдалануға берілетін объектінің құрылысын бастау жоспарланып отыр.
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты