Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары23.02.2026

Қазақстан мен Франция 1 ГВт-тық ЖЭС мегажобасын іске асырудың белсенді кезеңіне өтті

QAZAQ GREEN.  Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов француздық TotalEnergies энергетикалық компаниясының топ-менеджментімен кездесу өткізді. Талқылауға TotalEnergies EP компаниясының Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша аға вице-президенті Мансұр Жақыпов және TotalEnergies-тің Қазақстандағы басшысы Фруде Юнес қатысты, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Келіссөздер барысында компанияның Қазақстандағы негізгі инвестициялық жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Нақты айтқанда, Жамбыл облысында қуаттылығы 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр стансасын салу жобасына ерекше назар аударылды.

Аталған жоба Қазақстан мен Франция арасындағы декарбонизация бағытындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бөлігі болып табылады. Ол екі ел үкіметтері арасында жасалған арнайы келісім аясында жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, стансаның бірегейлігі оның гибридті сипатында: жел генерациясымен қатар, кешен 300 МВт/600 МВт.сағ көлеміндегі энергия жинақтау жүйесімен жабдықталады. Бұл жалпы электр желісіне берілетін қуатты тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба аясында «Оңтүстік Қазақстан МАЭС» (ЮКГРЭС) және «ШУ» қосалқы стансаларына қосылу үшін 280 шақырым жоғары кернеулі электр желілерін салу жоспарланған.

Кездесу соңында Ерлан Ақкенженов жобаны уақтылы іске қосу және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Энергетика министрлігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

TotalEnergies компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылатын бұл жоба Қазақстанның көміртектік бейтараптыққа қол жеткізуіне елеулі үлес қосып, өңірді таза энергиямен қамтамасыз етуге және жаңартылатын энергия көздері саласында жаңа технологиялық құзыреттерді дамытуға мүмкіндік береді.

30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды