Қазақстан жаңалықтары09.06.2022
2022 жылы Қазақстанда 280 млн ағаш отырғызылады

Жыл соңына дейін Қазақстанда 280 миллион ағаш отырғызылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар Кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап Qazaq Green.
Пленарлық отырыста ірі трансұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде экономиканы көміртегінен арылту ісін дамыту және көміртегін аз пайдалану технологияларын енгізу мәселелері қарастырылды.
Мемлекет басшысы аумақтарды көгалдандыру және жаңа орман алқаптарын құру жөніндегі жұмысты басым міндеттердің бірі деп атады.
«Менің тапсырмаммен 2025 жылға дейін еліміз бойынша екі миллиард ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Өткен жылы 138 миллион, ал биыл 280 миллион ағаш егілді. Алайда бұл қарқын жеткіліксіз, оны жылдамдату қажет. Кеңес мүшелерін аталған бастаманы қолдап, осы іске елеулі үлес қосуға шақырамын», – деді мемлекет басшысы.
Жиын барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» Ассоциациясы басқармасының төрағасы Ерлан Досымбеков, Азия даму банкінің вице-президенті Ашок Лаваса, Chevron корпорациясының атқарушы вице-президенті Джеймс Джонсон, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстон, ERG Sarl директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапман, Ресей мен ТМД елдеріндегі General Electric компаниясының президенті Бела Ференци, Шығыс Еуропа бойынша Philip Morris International компаниясының президенті Марко Мариотти, «Полиметалл УК» АҚ президенті Игорь Финогенов, Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі PwC компаниясының басқарушы серіктесі Ник Кош, Veon Ltd тобының бас атқарушы директоры Каан Терзиоглу, Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша TotalEnergies компаниясының аға вице-президенті Жулиен Пуже баяндама жасады.
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты