Қазақстан жаңалықтары16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді

QAZAQ GREEN. Қазақстандық агрокәсіпорындар өндіріс қалдықтарын тұрақты табыс көзіне айналдырып, «жасыл» энергетика технологияларын жыл сайын сенімді игеріп келеді. Биогаз жобалары тек экологиялық шешім ғана емес, сонымен қатар агробизнесті дамытудың экономикалық тұрғыдан тиімді бағытына айналуда, Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оған айқын дәлер ретінде 2018 жылы құс фабрикасының қалдықтарын өңдеп, биогаз алу жүйесі сәтті енгізген «Агрофирма Курма» серіктестігін атауға болады. Нәтижесінде электр және жылу энергиясы, сондай-ақ биотыңайтқыштар шығарылуда.
Инвестициялық жобаның жалпы құны 573 млн теңге.
Қазіргі уақытта биогаз станциясы тәулігіне 150 тоннаға дейін тауық саңғырығын өңдейді. Осы үдеріс барысында метан мөлшері 65% болатын 22–23 мың м³ биогаз өндіріледі. Электр энергиясының өндірісі сағатына 600 кВт-қа жетсе, органикалық тыңайтқыштар көлемі тәулігіне 20 тоннаға дейін жетеді.
Технологияның негізгі көзі - құс шаруашылығынан шығатын органикалық қалдықтарды қайта өңдеу. Ферментация процесі кезінде түзілген биогаз электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Сонымен қатар кәсіпорын егістіктерінде қолданылатын органикалық тыңайтқыштар шығарылады. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, өндірістік шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Станция жұмыс істеген уақыт ішінде 15 млн киловатт-сағат электр энергиясы өндірілді. Кәсіпорын жыл сайын 100-190 млн теңге көлемінде табыс табады.
Осы ретте «Агрофирма Курма» тәжірибесі қалдықтарды тиімді өңдеу
арқылы тұрақты бизнес-модельге айналдыруға болатындығының жарқын көрінісі. Биогаз аграршыларға қосымша табыс көздерін ашумен қатар Қазақстанда экологиялық бағыттағы ауыл шаруашылығын дамытуға да ықпал етеді.
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты
Тәжікстанда 250 МВт күн электр станциясы салынады
Тибетте ең биік таулы күн электр станциясы салынуда
ЖЭК инвесторлары Қырғызстанда энергия жинақтағыштарды орнатуға міндеттелді
Нидерландыда алғашқы перовскитті күн тақтайшасын әзірледі
Мексикада жинақтағыштары бар 900 МВт екі күн жобасы жүзеге асырылуда