ТМД елдерінің жаңалықтары13.02.2025
Әзірбайжан 2027 жылға қарай ЖЭК есебінен 2 ГВт электр энергиясын өндіруді жоспарлап отыр

QAZAQ GREEN. Әзірбайжанның мақсаты – 2027 жылға қарай 2 гигаватт (ГВт) көлемінде күн және жел электр энергиясын өндіру. «Report» хабарлағандай, бұл туралы Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев Давостағы CGTN (China Global Television Network) қытайлық телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Менің ойымша, қазба отындары бар елдер өздерінің қазба отынынан түсетін кірістерін жасыл технологиялар мен жасыл энергияға инвестициялауға міндетті. Біз инвесторларға инвестициялау үшін жақсы мүмкіндіктер бере отырып, осымен айналысамыз. Біздің ең жақын мақсатымыз – 2027 жылға қарай екі гигаватт күн және жел энергиясын өндіруді қамтамасыз ету, ал 2030 жылға қарай бұл көлемді алты гигаватқа жеткізу, бұл Әзірбайжанның энергетикалық портфелінде революцияға айналмақ», – деп атап өтті Ильхам Алиев.
«Осы жобаларға инвестиция салатын шетелдік және Әзірбайжаннан шыққан жергілікті инвесторлар қытайлық технологияларды қолданатынын қосқым келеді. Мысалы, күн панельдері Қытайда шығарылады. Біздің команда қазір сақтау сыйымдылығымен жұмыс істеп жатыр және біз Қытайда ең үздік батареялар шығарылғанын анықтадық. Сондықтан мен қытайлық өндірушілерді осы керемет жетістікпен құттықтаймын, өйткені бұл – сапа да, баға да. Ешкім олармен бәсекеге түсе алмайды», – деді Әзербайжан президенті Ильхам Алиев.
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты