ТМД елдерінің жаңалықтары08.04.2025
Masdar Әзірбайжанның ЖЭК-тен электр энергиясына сұранысының 30%-дан астамын қамтамасыз етеді

QAZAQ GREEN. Masdar компаниясы (БАӘ) Әзірбайжанда жаңартылатын энергетика саласындағы ірі жобаларды іске асырады, бұл елдің ЖЭК-тен алынған электр энергиясына деген сұранысының 30%-дан астамын жабуға мүмкіндік береді.
Report хабарлағандай, бұл туралы Masdar Azerbaijan директоры Мурад Садыхов «Жасыл» болашаққа инновациялық жол: жаңартылатын энергия көздері және шығарындыларды азайту» тақырыбындағы іс-шара барысында мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта Биласуварда қуаты 445 МВт және Нефтчалда қуаты 315 МВт болатын екі күн электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Биласувардағы станция бүкіл Каспий өңірінде бір учаскедегі күн генерациясының ең ірі объектісіне айналады», – деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін қуаты 240 МВт жел электр станциясының құрылысын бастау жоспарлануда.
«Бұл үш нысан жалпы қуаты 1 гигаватт болатын ауқымды Mega жобасының бір бөлігі болып табылады. Оларды іске асырудың арқасында Masdar жаңартылатын көздер есебінен электр энергиясын ағымдағы тұтынудың 30%-дан астамын қамтамасыз ете отырып, Әзірбайжанның энергетикалық ауысуына елеулі үлес қосады», – деп атап өтті М. Садыхов.
Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру Әзірбайжан үкіметімен, халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастықтың, сондай-ақ Әбу-Даби мен БАӘ үкіметі қолдауының арқасында мүмкін болды.
«Қиындықтарға қарамастан, біз осы өршіл жобамен бірге алға жылжу туралы шешім қабылдадық», – деп қосты ол.
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты