Әлем жаңалықтары11.12.2023
АҚШ-та пирамидалық теңіздік жел генераторының бастапқы үлгісі сынақтан өтуде

QAZAQ GREEN. Америкалық T-Omega компаниясы теңіздің жел энергиясының құнын барынша азайту жөнінде өзіне мақсат қойды. Қалтқысы бар пирамидалық негіздегі үш қалақты винт конструкциясы қазіргі уақытта бассейн сынағынан өтіп су толқындарына жоғары төзімділігі байқалды. Енді одан да ірі прототиптің іс жүзіндегі ортада қызмет ету қабілетін тестілеу кезегі келді. Барлығы ойдағыдай өтетін болса, мұндай жел турбинасы 1 МВт сағатына нормаланған құны 50 доллар таза энергия өндіре алады.
T-Omega жел конструкциясының негізіндегі идея әбден қарапайым: құрлық конструкцияларынан теңіз жел генераторларына мұра болып ауысқан орталық діңгектен құтылу ғана қажет болды. Мұндай діңгектер су асты бөлігінде жер үсті құрылымының әрбір тоннасына салмағы төрт тоннаға жуық жүк қойылған жағдайда ғана тік қалпында тұруы сақталады. Демек, материал тұтыну артып, логистика, құрастыру және техникалық қызмет көрсету күрделене түседі.
Компания инженерлері дәстүрлі конструкциядағы үлкен бір жақты жел генераторларын екі жағынан да бекіткіштері бар екі жақты конструкцияларға ауыстырып, су астына түсетін бір діңгектің орнына қалқымалы негізге орнатылған төрт диагоналдық тірек жасады. Бұл пирамида жел бағытының өзгеруіне реакциясы ретінде қозғалып тұратындай болып қатты тартылмаған сым арқанымен түбіне жалғанады, деп хабарлайды Hitech+ New Atlas-қа сілтеме жасап.
Бұл тәсілдің ұтымды артықшылығы – шығыны азайтылып, өндірісі мен орнатылуы, қызмет көрсетілуі және жел генераторының орналасу жерін өзгерту жеңілдей түседі: сүйреткіш кемесіне жалғап, докқа немесе жаңа нүктеге сүйреп жеткізіледі. Мұның барлығы пайдалану шығындарын айтарлықтай азайтады, өйткені үлкен кран кемелеріне мұқтаждық болмайды. Өткен жылғы есептерге қарағанда, электр энергиясының нормаланған құны 1 МВт-сағат үшін шамамен $50 құрайды.
Үлгіні 1:60 масштабта сыннан өткізу көрсеткендей, бұл қондырғы судағы қатты толқынға қарамастан (30 метрлік толқыны бар дауылға балама) тік қалпын сақтауға қабілетті екенін көрсетті. Енді T-Omega 1:16 масштабтағы үлгіні ашық теңізде сыннан өткізбекші. Пирамида жүктелген сүйреткіш кеме Массачусетс штатындағы Нью-Бедфорд жағалауынан шығып кетті.
1:1 масштабына келетін болсақ, көрсеткіші 198 м роторы және қадамы ауыспалы қалақтары бар толық көлемді 10 МВт турбина, компания мамандарының есептеуіне қарағанда, 119 м биіктіктегі тіректерге орналасатын болады. Конструкцияның жалпы салмағы 1200-ден 1800 тоннаға дейінгі аралықта.
Eolink компаниясындағы француздар да ұқсас идеяға қол жеткізді. Әзірлеме энергия өндірудің құнын 20-25%-ға төмендетеді деп күтілуде. Бұған қоса, жаңа конструкция қуаттылығы 20 МВт жел қондырғыларын жасауға мүмкіндік береді. Бұл ең озық дәстүрлі жел қондырғыларынан үштен бір есе артық.
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды