Әлем жаңалықтары10.05.2024
Ауадан электр энергиясын өндіретін ақуыз талшықтары жасалды

Ақуыздан жасалған бактериялық жіптер электр тогын өткізе алады және әлеуетінде сыртқы қуат көзін қажет етпейтін датчиктерді жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда, бұл жіптерді өзгерту қиын, яғни олардың функционалдығы шектеулі. Бұл қиындықты жеңу үшін Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің ғалымдары ішек таяқшасы бактериясының ДНҚ-сын редакциялап, оны ақуыз жіптерінің дұрыс түрін шығаруға мәжбүр етті, олар кейіннен наноталшықтарға жиналды. Жіптерді өткізетін қосымша молекула ретінде жануарлардың қанында болатын және оттегінің тасымалдануын қамтамасыз ететін темір негізіндегі қосылыс – гем алынды.
Әрі қарайғы зерттеулер гем молекулалары бір-біріне жақын болған кезде олар электрондарды беруге қабілетті екенін көрсетті. Бұл молекулаларды редакицяланған жіптерге жеткілікті қысқа қашықтыққа орналастыру арқылы ғалымдар электр өткізгіштігін өлшеп, гем молекулалары ақуызды шынымен электр өткізгіш еткенін растады.
Мұқият сынақтар кезінде олар электр тогы ауаның ылғалдылығы шамамен 20-30% болғанда ең күшті болатынын анықтады. Электродтар арасындағы өткізгіш материал көлемінің ұлғаюымен қайталанған сынақтар ылғалдылық материалда заряд градиентін тудыратынын және қосымша әлеуетті пайдаланбай қосымша ток түзетінін растады.
Содан кейін зерттеушілер, тіпті оған жай дем жіберсе де, электр тогын тудыратын ылғалдылық датчигін жинады.
Бұл жаңалықты практикалық қолдану туралы әзірге сөз болмайды – ақуыздардың қасиеттерін гем құрылымын немесе талшық ортасын өзгерту арқылы қалай өзгерту керектігі туралы әлі де көп нәрсе зерттелуі керек. Тәжірибелердің бірінде олар электрондардың берілуін бастау үшін жарыққа аса сезімтал молекулаларды пайдаланды.
Жақында АҚШ ғалымдары өлімге әкелетін инфекциялық бактериялардың кейбір түрлері адам қанымен қоректенетінін анықтады. Олар қазір қан түзілім жүйесінің инфекцияларын емдеу және алдын алу үшін қолдануға болатын нақты «қоректену тетіктерін» анықтады.
Қашаған, Қарашығанақ, ЖЭК: ҚМГ мен Eni ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды
+300 млн кВт/сағ: Қазақстан электр энергиясының профицитін бекітті
BEW 2026: Қазақстан 2030 жылға қарай жасыл энергетика үлесін екі есе арттырады
Ресей өз елінде қуаты 600 МВт энергия жинақтағыштарды орнатады
Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясының құрылысы жүріп жатыр
Болгарияда ірі энергия сақтау қоймасы ашылды
ХЭA: Әлемдік сатылымдағы электромобильдердің үлесі 2026 жылы алғаш рет 30%-ға жақындайдыі
Қазақстанда жасыл сутегі өндіретін толық циклді алғашқы пилоттық кешен іске қосылды
Украинаның агрохолдингі элеваторларда күн электр станцияларын іске қосуда
2026 жылғы аукциондар: Қазақстан 753 МВт қуатты 16 ЖЭК жобасын іріктеді
Қазақстанда шағын ГЭС салу аукционын бес компания жеңіп алды
Жасанды интеллект Азиядағы тұрақты жасыл ауысуды қамтамасыз етеді
Қазақстанда энергия жинақтайтын «алып пауэрбанктер» салынады
CATL Испаниядағы Grenergy жобалары үшін 1,5 ГВт·сағ энергия жинағыштарды жеткізеді
Miliar Company және «ОсирисЭнерго» Қазақстанда ГЭС салу аукционын жеңіп алды
Terra Wind Солтүстік аймақта 100 МВт қуатты ЖЭС салу аукционын жеңіп алды
Plenitude Kazakhstan Солтүстік аймақта 100 МВт қуатты ЖЭС салу аукционын жеңіп алды
Қырғызстан бес жылдық жасыл энергетика және микрогенерация бағдарламасын бекітті
Энергоалып Statkraft Норвегия гидроэнергетикасын жаңғырту инвестициясын екі есеге арттырды
Қытай болашақ ғарыштық КЭС үшін сымсыз энергия беру жүйесін сынады