Әлем жаңалықтары26.09.2024
Әзірбайжан 2030 жылдан бастап ЕО-ға өзінің «жасыл» энергиясының үштен екісін экспорттауға дайын

QAZAQ GREEN. Гамбургте өткен конференцияда энергетика министрі Парвиз Шахбазов 2030 жылдан бастап Әзірбайжан елде өндірілген «жасыл» энергияның 70%-дан астамын Еуропаға экспорттай алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vestnik Kavkaza.
Әзірбайжан 2030 жылдан бастап ел кәсіпорындарында өндірілген «жасыл» электр энергиясының 70%-дан астамын Еуроодақ елдеріне экспорттауға дайын, деп хабарлады Wind Energy Hamburg конференциясы аясында «Энергетикалық ауысу кезеңі» панельдік отырысында Әзірбайжан энергетика министрі Парвиз Шахбазов.
Электр энергиясы екі «жасыл» энергетикалық дәліз арқылы жеткізіледі – бастапқы кезеңде Еуропаға 4 ГВт «жасыл» энергия жеткізетін «Каспий-Қара теңіз-Еуропа» және Нахичеваниден 1 ГВт жаңартылатын энергия экспорттап, Каспий теңізінен және Орталық Азиядан Түркия мен Еуропаға электр энергиясын беретін «Әзірбайжан-Түркия-Еуропа», деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
«Бұл жобалардың бірегейлігі – дәліздер жаңартылатын энергия жүйесінде аймақтар мен құрлықтарды байланыстырмақ. Олар Каспий және Орталық Азия аймақтары сияқты сенімді энергия көздерінен жасыл энергияны Еуропаға әр түрлі бағдарлармен жеткізу стратегиялық миссиясын орындайды. Ең бастысы, Еуропадағы жаңартылатын энергия көздерін Солтүстік және Каспий теңіздерімен теңестіруге болады. Мұның бәрі біздің еліміздің жаңартылатын энергетикалық ресурстарға көшуге және жасыл энергиямен қамтамасыз етуде өңірлік көшбасшы болуға деген шешімін көрсетеді», - деді Парвиз Шахбазов
«Жасыл энергетикалық дәліз» – осы жылдың қараша айында Әзірбайжанда өтетін SOR29 климаттық конференция Президиумының 14 бастамасының бірі, деп қосты Әзірбайжанның энергетика министрі.
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды