Әлем жаңалықтары06.11.2024
Күн энергетикасына жаһандық инвестициялар жыл соңына дейін $500 млрд жетуі мүмкін

QAZAQ GREEN. 2024 жылы әлемдік күн энергетикасы секторы шамамен 2 тераватт орнатылған қуатқа жетуі тиіс, ал күн энергетикасына жаһандық инвестициялар 2024 жылдың соңына қарай 500 млрд долларға дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Нью-Делиде өтіп жатқан Халықаралық күн альянсының 7-ші Бас ассамблеясында сөйлеген Үндістанның жаңа және жаңартылатын энергия көздері министрі Пралхад Джоши мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
«2023 жылы күн энергетикасы әлемдік электр энергиясының 5,5%-ын құрады және оның энергетикалық теңгерімдегі рөлі тез өсіп келеді. Бұл қарқынды өсу рекордтық инвестициялармен қамтамасыз етілуде. 2018 жылы күн энергетикасына жаһандық инвестициялар 144 млрд доллардан 2023 жылы 393 млрд долларға дейін өсті және 2024 жылдың соңына қарай 500 млрд долларға жетеді деп күтілуде», - деді ол.
Сондай-ақ, Халықаралық күн альянсының төрағасы қызметін атқаратын үнді министрінің айтуынша, «бүгінде күн энергиясы көптеген аймақтарда ең қолжетімді электр энергиясы көзіне айналды, тіпті көмір мен газды да басып озды».
Джошидің еске салуынша, Үндістан жаңартылатын энергия саласында өршіл мақсаттар қойған. «Өткен айда Үндістан күн энергетикасының орнатылған қуатын 90 ГВт-қа жеткізіп, 2030 жылға қарай 500 ГВт жаңартылатын энергия қуатына қол жеткізу бойынша үлкен мақсатына сенімді қадамдармен алға басуда», - деп атап өтті ол.
2015 жылы Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди күн энергетикасын дамыту үшін елдер альянсын құруды ұсынды. Үш жылдан кейін Халықаралық күн альянсы құрылды. Оны жүзден астам ел қолдады, олардың көпшілігі экватордың оңтүстігі мен солтүстігіндегі тропик аймақтарында орналасқан. Альянстың штаб-пәтері Үндістанның Харьяна штатындағы Гургаон қаласында орналасқан.
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты