Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары13.11.2024

БҰҰ Басшысы COP-29: климаттық қаржыландыру – бұл қайырымдылық емес, инвестиция

QAZAQ GREEN. Халықаралық қауымдастықта ғаламдық температураның өсуін Париж келісімінде белгіленген 1,5 градустан асырмау мүмкіндігі күннен-күнге азайып келеді. Бұл туралы Бакуде өткен БҰҰ-ның 29-шы климат конференциясында (COP-29) БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді, деп хабарлайды БҰҰ сайты.

Тарихтағы ең ыстық жыл

«Уақыт бізге қарсы жұмыс істеуде», – деді ол, климаттық дағдарысты талқылау үшін Әзірбайжан астанасында жиналған әлем көшбасшылары мен делегаттарға үндеу тастап. Гутерриш 2024 жыл Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мәліметі бойынша, тарихтағы ең ыстық жыл болатынын еске салды. Осы жыл ең ыстық күнді және ең ыстық айларды көрсетті.

Бірде-бір ел аман қалмайды

Егер парниктік газдар шығарындыларын азайтпасақ, климат өзгерісінің әсерінен бірде-бір ел аман қалмайтынын Бас хатшы атап өтті.
«Жаһандық экономикада жеткізу тізбегіндегі мәселелер бүкіл әлем бойынша шығындардың өсуіне әкеледі. Бүлінген егіндер азық-түлік бағасының көтерілуіне – әлем бойынша; үйлердің қирауы сақтандыру жарналарының көтерілуіне – бүкіл әлем бойынша себеп болады», – деді Гутерриш.
«Бұл – алдын алуға болатын әділетсіздіктің тарихы. Байлар мәселеге себепкер, ал кедейлер ең жоғары бағаны төлейді», – деп айтты.

Үміт бар

Гутерриштің пікірінше, адамзаттың үміттенуге барлық негіздері бар.
«COP28-де сіздер қазба отыннан бас тартуға, нөлдік шығарындылар жүйесін құруды жеделдетуге, климаттың өзгеруіне бейімделуді күшейтуге және 1,5 градус Цельсий шегіне сай келетін ұлттық климаттық жоспарларды жаңартуға келістіңіздер. Қазір әрекет ету уақыты келді», – деді БҰҰ басшысы.
Өткен жылы алғаш рет жаңартылатын энергия көздеріне салынған инвестициялардың көлемі қазба отынға салынған қаржыдан асып түсті деп еске салды ол.
«Таза энергия саласындағы революция басталып кетті. Ешбір топ, бизнес немесе үкімет бұл үрдісті тоқтата алмайды. Бірақ сіздер оның әділ әрі қарқынды болуын қамтамасыз етуіңіздер керек», – деді Гутерриш.

Үш басымдық

Ол әлем көшбасшыларын үш басымдыққа назар аударуға шақырды: зиянды шығарындыларды 2019 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2030 жылға қарай 43 пайызға қысқарту, халықты, әсіресе, осал топтарды климаттық дағдарыстың жойқын салдарынан қорғау және жаһандық жылынумен күресу мен бейімделу үшін қаржыландыру мәселелерін шешу.
«Іс-әрекетке ұмтылатын дамушы елдер көптеген кедергілерге тап болуда: мемлекеттік қаржыландырудың аздығы, капиталдың жоғары құны, климаттық апаттар мен қарыздарды өтеу қажеттілігі», – деді Бас хатшы.
«Өткен жылы Қытайдан тыс дамушы нарықтар жаһандық деңгейде таза энергияға салынған әрбір доллардан небәрі он бес цент алды», – деді Гутерриш.

Жаңа қаржылық мақсаттар

COP-29 қатысушыларына ағымдағы жағдайға сай келетін қаржылық мақсаттар қоюды шақырған Бас хатшы, арзан қаржыландыруды ұлғайту, дамушы елдерге қажет триллиондаған долларды жұмылдыру, көпжақты даму банктерінің несие мүмкіндіктерін кеңейту және теңіз тасымалы, авиация мен қазба отын өндіруден түсетін алымдар сияқты инновациялық қаржыландыру көздерін пайдалануды атап өтті.
COP-29 қорытынды құжаты қыркүйек айында Нью-Йоркте келісіммен қабылданған Болашақ туралы пактіге негізделуі тиіс.
«Көпжақты даму банктерінің негізгі акционерлерін өздерінің жағдайын пайдалана отырып, өзгерістерге қол жеткізуге шақырамын», – деді Гутерриш.
«Климаттық қаржыландыру – бұл қайырымдылық емес, инвестиция», – деді ол.

 

03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
27.06.2025
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
27.06.2025
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
26.06.2025
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
26.06.2025
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
25.06.2025
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
25.06.2025
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
25.06.2025
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
25.06.2025
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
24.06.2025
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
24.06.2025
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
24.06.2025
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты