Әлем жаңалықтары17.12.2024
ХЭА-нің энергия тиімділігі жөніндегі жаһандық конференциясы 2025 жылдың маусымында Брюссельде өтеді

QAZAQ GREEN. Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) атқарушы директоры Фатих Бирол мен Еуропалық комиссияның энергетика және құрылыс жөніндегі комиссары Дан Йоргенсен 2025 жылдың 12-13 маусымында Бельгияның Брюссель қаласында ХЭА-ның энергия тиімділігі жөніндегі 10-шы жыл сайынғы жаһандық конференциясын бірлесіп өткізетіндерін жариялады, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
Жыл сайынғы жаһандық конференция министрлерді, бизнес көшбасшыларын және өнеркәсіп өкілдерін біріктіріп, энергия тиімділігін арттыру шараларын жандандыруды көздейді. Конференцияның басты назары – осы онжылдықта энергия тиімділігін арттыру бойынша жетістікті екі еселеу жөніндегі жаһандық келісімге бағытталады.
ХЭА-нің соңғы талдауы үкіметтердің бұл мақсатқа жету қарқынының артта қалып отырғанын көрсетеді. Ғимараттар, өнеркәсіп және көлік сияқты салаларда энергия тиімділігін арттыруға бағытталған белсенді саяси шаралар қажет. Брюссельдегі конференцияда энергия тиімділігінің өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы және үй шаруашылықтары мен кәсіпорындар үшін энергияның қолжетімділігін қамтамасыз етудегі рөлі егжей-тегжейлі талқыланады.
«Энергия тиімділігін арттыру қарқыны қазіргі таңда көңіл көншітпейді, әсіресе оның энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуда, энергия шығындарын төмендетуде және шығарындыларды қысқартуда атқарар рөлі өте маңызды екенін ескерсек. ХЭА-нің 10-шы жыл сайынғы жаһандық конференциясы, Еуропалық комиссиямен бірлесе отырып, осы саладағы негізгі мүдделі тараптарды біріктіру арқылы энергия тиімділігін арттыру қарқынын жеделдету жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді», – деді доктор Фатих Бирол.
Комиссар Дан Йоргенсен: «Еуропалық комиссия үшін ХЭА-ның энергия тиімділігі жөніндегі 10-шы жыл сайынғы жаһандық конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болу – үлкен құрмет. Біз әлемнің түкпір-түкпірінен келетін қатысушыларды қарсы алуды асыға күтеміз. Мен бұл конференцияда энергия тиімділігін екі еселеу бойынша жаһандық міндеттемені орындау үшін ұжымдық күш-жігерімізді арттыруға арналған идеялар мен нақты міндеттемелер ұсынылатынына сенімдімін. Энергия тиімділігі декарбонизацияның және әділ ауысудың негізгі тірегі, сондықтан оған ерекше басымдық беріп, іс жүзінде жүзеге асыру қажет. ХЭА-не осы мақсаттарға жету жолында серіктестерімен бірлесіп үздіксіз жұмыс істеп жатқанын үшін алғыс білдіремін», – деді.
ХЭА мен Еуропалық комиссия бірлесіп ұйымдастырған шарада үкіметтердің көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға және даму үстіндегі әрі дамыған экономикалы елдерде инвестицияларды тартуға арналған тәсілдер қарастырылады.
10-шы жаһандық конференция Энергия тиімділігі қозғалысымен серіктестікте өтеді. Бұл – өнеркәсіпте энергия тиімді шешімдерді енгізуді жеделдетуге арналған жаһандық қауымдастық.
«Өнеркәсіп энергия тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Конференция – саланың көшбасшыларын біріктіріп, білім алмасу мен ынтымақтастықты дамытуға арналған тамаша алаң», – деді Энергия тиімділігі қозғалысының атқарушы директоры Майк Умикер.
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты