Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары15.05.2025

Қытайдағы бүкіл тау тізбегі күн панелімен жабылған

QAZAQ GREEN. Жақында әлеуметтік желіде тараған дроннан түсірілген бейнежазба Қытайдың Гуйчжоу провинциясындағы күн электр станциясының керемет ауқымын көрсетті. Futurism порталына сілтеме жасай отырып, Наука ТВалып тау тізбегі көкжиектен асып түсетін панельдермен қапталған - дронның бәрін түсіру үшін қуаты да жетпеді деп хабарлады. Бұл Қытайдың күн энергиясы бойынша әлемдік көшбасшыға айналғанының айқын көрінісі.

China Daily ескі деректері бойынша Гуйчжоудағы алғашқы қондырғылар 2015 жылы ғана пайда болды, бірақ санаулы жылдар ішінде бұл өңір Қытайдың энергетикалық картасындағы маңызды нүктеге айналды. 2018 жылға қарай мұнда жылына 1,75 миллион киловатт күн энергиясын өндіріліп, бұл шамамен 1300 қытайлық үй шаруашылығын қуаттандыруға жеткілікті (орташа тұтыну - 2024 жылы бір үйге жылына 1332 кВт/сағ).

2020 жылға қарай провинцияда күн энергиясын өндіру көлемі 5 еседен астам өсіп, 10 миллион киловатттан асты. 2023 жылға қарай 15 млн. болып үлгерді.  Бұл өсімге мемлекеттік субсидиялар, арзан банк несиелері және өңірдегі қолжетімді бос жерлер себеп болды. Күрделі жер бедері мен ылғалды климатына қарамастан, бұрын ауыл шаруашылығына жарамсыз болған таулы провинция күн фермалары үшін мінсіз болып шықты.

Бұл тек жергілікті жетістік емес, ауқымды мемлекеттік стратегияның бір бөлігі. 2020 жылы Қытай 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерін өндіруді үш есеге ұлғайтуға уәде берген болатын. Ел бұл мақсатқа тезірек, 2025 жылы ақ  қол жеткізуі ықтимал.

Global Energy Monitor бағалауы бойынша 2024 жылға қарай Қытайдың үлесіне дүниежүзіндегі коммуналдық күн және жел инфрақұрылымы құрылысының 64%-ы келеді,  қуаты 339 ГВт салыну кезеңінде болды. Салыстыру үшін келесі төрт елдің – АҚШ, Бразилия, Ұлыбритания және Испанияның жалпы қуаттылығы бар болғаны 72 ГВт-ны құрайды. 2025 жылы бұл көлем тағы 10%-ға артады

Дегенмен, көміртегі бейтараптығына жол (мақсат 2060 жылға белгіленген) әлі ұзақ. Көмірді тұтынудың төмендеуіне қарамастан, ол әлі де елдегі электр энергиясының шамамен 57% -ын қамтамасыз етеді. Бірақ күн энергиясының жетістіктері даусыз:

Гуйчжоудағы алып күн электр станциясы әлеуметтік желідегі тамашалауға арналған контент қана емес, сонымен қатар жаһандық энергетикалық ландшафттың қалай өзгеріп жатқанының мысалы болып табылады.

Бейнежазба:https://www.reddit.com/r/Damnthatsinteresting/comments/1kidn4f/china_carpeted_an_extensive_mountain_...

 

30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды