Сұхбат

Cұхбат17.12.2021

Нандита Паршад: ЕҚҚДБ «көміртегі бейтаpaптығы» жолында Қазақстанды қолдауға дайын

Нандита Паршад: ЕҚҚДБ «көміртегі бейтаpaптығы» жолында Қазақстанды қолдауға дайын

2020 жылғы 12 желтоқсанда Б¥¥-ның климаттық мәселелер жөніндегі саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2000 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жететінін мәлімдеді. Елдің энергетикалық секторы кептеген мүмкіндіктермен сүйемелденетін үлкен өзгерістерді талап етеді. Біз бас кеңсесі Лондонда орналасқан Еуропалық қайта құружәне даму банкінің (ЕҚҚДБ) тұрақты инфрақұрылым тобының басқарушы директоры Нандита Паршадтан «көміртегі бейтараптығына» табысты қол жеткізу үшін қажетті шаралар туралы өз ойымен бөлісуді сұрадық.

-   Қасым-ЖомартТоқаев өткен жылы Қазақстан 2060 жылға қарай «көміртегі бейтараптығына» жететінін мәлімдеді. Энергетикалық секторға елдің көміртегі саласындағы парниктік газдар шығарындыларының көп бөлігі келетіні бәрімізге мәлім. Сіздің ойыңызша, энергетикалық ауысудың негізгі проблемалары мен мүмкіндіктері қандай?

-   ЕҚҚДБ Қазақстанның2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы уәдесін құптайды және осы жолда елге қолдау көрсетуге дайын. Елді көміртексіздендірудің маңызды элементтерінің бірі энергетикалық көшу болып табылады, өйткені Қазақстанда электр энергиясының 70%-ын бұрынғысынша көмірэлектрстанциялары өндіреді. Нәтижесінде, ел ЕҚҚДБ қатысатын елдер арасында парниктік газдар шығарындыларының шамасы бойынша алтыншы болып табы­лады. Негізгі проблема - энергетикалық ауысу көмірге тәуелді экономиканы әртараптандыру үшін «көміртегі бейтараптығына» қол жеткізу кестесін саксау­ла қажетті қарқынмен елеулі қаржылық салымдарды талап ететіндігінде. Сонымен қатар, энергетикалық ауысу барысында зардап шегетін қызметкерлер мен қауымдарға (мысалы, көмір өндіретін қалаларда) «жасыл» экономикаға көшудің артықшылықтарын кеңінен насихаттап, олар үшін әділ көшуді қамтамасыз ету маңызды.

Алайда, жақсы жаңалыққа келер болсақ, Қазақстан қазіргі уақытта энергетикалық сектордың ұлттық деңгейде ауысуы үшін қолайлы жағдайлар жасайтын 2060 жылға қарай «көміртегі бейтараптығының» ұзақ мерзімді доктринасын әзірлеуде. Біз соңғы 18 айда доктринаны дайындауға қатысу мүмкіндігіне ризамыз. Климаттың өзгеруі туралы Б¥¥ негіздемелік конвенциясының конференциясында (БҰҰ КӨНК КС-26) Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин ел аталған құжатты 2022 жылғы сәуірге қарай бекітетінін мәлімдеді, бұл, өз кезегінде, көпжақты климаттық қорларды қоса алғанда, жеке сектор инвесторлары мен демеушілер үшін күшті ынталандыру болып табылады.

Тез дамып кележатқан жаңартылатын энергия көздерінің экологиялық артықшылықтарын былай қойғанда, дәстүрлі энергия көздеріне қарағанда арзанырақ болады. Сәтті энергетикалық ауысу қоғам мен экономикаға үлкен пайда әкелуі мүмкін, соның ішінде экономикалық ынталандыруды енгізу,жаңа кәсіби рөлдерді құру, ауа сапасын жақсарту және басқалар. Қазақстан өзінің көлемі жағынан мол жаңартылатын энергия көздерінің артықшылықтарын пайдаланып, «жасыл» инвестициялар мөлшерін арттырып келеді. ЕҚҚДБ «Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері» жобасын бірінші күннен бастап қолдағанын мақтан тұтады. Біз елдің «көміртегі бейтараптығы» саласындағы жоспарларын одан әрі қолдауға ниеттіміз.

-   Соңғы уақытқа дейін қазбалы отыннан алынатын элекгр энергиясы жаңартылатын көздерден алынатын элекгр энергиясына қарағанда әлдеқайда арзан болып саналды. Ол қашан және нел іктен өзгерді?

-    Соңғы жылдары жаңартылатын энергия көздері әлдеқайда қолжетімді болды. Қазіргі уақытта көміртектің құнын, ауаның жергілікті ластануын және қоғамдық денсаулық сақтау саласын ескермеген жағдайда да, көмір және басқа да дәстүрлі энергия көздері жаңартылатын энергия көздерімен баға тұрғысынан бәсекеге түсуге тырысуда. Халықаралық жаңартылатын энергия агенттігі (IRENA) жариялаған соңғы есепке сәйкес, 2020 жылы іске қосылған жел, күн және басқа да жаңартылатын энергия көздерінің үштен екісі (62%) ең арзан жаңа қазбалы отын қондырғыларына Караган­да арзан болды.

Жаңартылатын энергия саласындағы бізосы төңкерісті байқай алатын көптеген себептер бар. Ең алдымен, технология әзірленді және дайын. Технологияның жетістіктері тиімділікті арттырды және МВт-қа жұмсалатын күрделі шығындарды азайтты - бұл жетістіктер ауқымын кеңейтуді жалғастырады және жаңартылатын технологияларды барынша қолжетімді етеді.

Нарықта да өзгерістер болды және біз бәсекелестік процесінің шынымен дамып келе жатқанын байқаймыз. Бәсекеге қабілетті сауда-саттық пен жобаның мүмкіндіктері үшін бәсекеге түсетін тәжірибелі әзірлеушілердің санының артуы тарифтердің төмендеуі не әкеледі. Дүрыс инвестициялық жағдай жасайтын экономикаларда біз күн энергиясы үшін бір кВт/сағ үшін 1-2 цент немесе жел энергиясы үшін 2,6 цент деңгейінде бағаның төмендегенін көреміз.

Құн бүгінгі таңда басты кедергі болып табылмайтындықтан, Қазақстан өзінің бол ашақ қызметінің бағытын айқындады: ел жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін арттыруды жалғастыруы және үй шаруашылықтары мен кәсіпорындарын сенімді, қолжетімді және таза энергиямен қамтамасыз етуі тиіс.

- Қазақстан Президенті Тоқаев мырзаның ЕҚДҚБ Президент! Рено-Бассо ханыммен қазан аиында өткен соңғы кездесуі кезінде ЕҚҚДБ Қазақстанда жаңаргылатын энергия көздері секторын қолдайтын негізгі қаржы институты екендігі атап өтілді. ЕҚҚДБ осы салада көшбасшы болуына қандай факторлар ықпал ете алды?

- Турақты даму Банктің ДНҚ-сына енгізілген. ЕҚҚДБ климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша өзінің күш-жігерін 2006 жылы, Банк қатысатын елдерде экономиканың өте жоғары энергия сыйымдылығын төмендету үшін энергия тиімділігі мен жаңартылатын энергия көздерінебасым инвестициялары бартұрақты энергети­ка (SEI) жөніндегі бастапқы бастамасын қабылдаған кезде бастады. Өткен жылы бекітілген «жасыл» экономикаға көшудің жаңа тәсілінің арқасында ЕҚҚДБ өзінің стратегиялық басымдықтарына сәйкес 2025 жылға қарай «жасыл» қаржыландыру көлемін өзінің жылдық қызмет көлемінің 50%-дан астамына дейін ұлғайтуды жалғастырады. Төтенше климаттық жағдайдың арта түскен өзектілігіне жауап ретінде ЕҚҚДБ 2022 жылдың аяғынан бастап өзінің барлық қызметін барлықөңірлерде көміртексіздендіруді жеделдетуге бағытталған Париж келісімінің мақсаттарымен келістіpiп, ғасырдың ортасына қарай елдерге көміртегі бей­тараптығына жетуде қолдау көрсетеді.

ЕҚҚДБ Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері секторының құрылуының басы-қасында болды, сондай-ақ қазіргі уақытта техникалық ынтымақтастық және инвестициялар жобаларының демеушіл ері қаржыландыратын саяси диалог арқылы жаңартылатын энергия көздері секторын дамытуға өз үлесін қосуда. 2015 жылдан бастап Банк Қазақстандағы 14 жоба шеңберінде 788 МВт жаңартылатын энергия көздерін қолдауға $500 млн астам инве­стиция салды, бұл елде жақында қосылған қуаты 1,8 ГВт жаңартылатын энергия генерациясының жартысына жуығын құрайды. Бұл жобалардың көпшілігі халықаралық климаттық қорлар бірлесіп қаржыландыратын Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін I және II қаржыландыру механизмі шеңберінде қаржыландырылды, олар жаңартылатын энергия көздері саласындағы жеке жобаларды және электрэнергиясының неғұрлым тұрақты нарығын дамытуға жәрдемдесу арқылы елдегі электр энергиясын өндіру секторындағы өзгерістергежәрдемдесу үшін әзірленді. Оңтүстік Қазақстанда қуаты 100 МВт «Жаңатас» жел электр станциясын салу бойынша Жасыл климаттық қорымен (GCF) бірлесіп қаржыландыратын $95,3 млн. сомасына жақында синдикатталған мәміле оған жақсы мысал бола алады.

ЕҚҚДБ электр энергиясын бөлужөніндегі компанияларды да қолдайды және электр энер­гиясын өндіру сипаты айнымалы жаңартылатын көздерді табысты енгізудің негізгі шарты сенімді желілік инфрақұрылым болып табылатындықтан, беруші компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Желілерді нығайтумен қатар, біз аукциондар арқылы деректерді сақтау технологияларын енгізуді, сондай-ақ зияткерлік желілерге сұранысты басқару мен шешімдерді басқаруды қолдау үшін үкіметпен ынтымақтасуға дайынбыз.

- Біз саяси диалог ЕҚҚДБ-ның секторды дамытуды қолдау жөніндегі негізгі тетіктерінің бірі болып табылатынын түсінеміз. Жақында болған бірнеше мысалдармен бөлісе кетсеңіз.

- ЕҚҚДБ жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға және олармен байланысты реттеуді қолдауға бағытталған техникалық ынтымақтастық жөніндегі іс-шараларға басым назар аудара отырып, 2008 жылдан бастап Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері нарығына қатысады.

2021 жылғы наурызда ЕҚҚДБ Президенті Одиль Рено-Бассо және Қазақстанның Энергетика министрі энергетикалық секторды көміртексіздендіруге, климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыруға, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сайып келгенде 2060 жылға қарай «көміртегі бейтараптығына» қол жеткізуге бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Осы келісімнің шеңберінде Банк USAID-пен бірлесіп Энергетика министрлігіне көмірден біртіндеп бастарту және энергетикалық секторда «көміртегі бейтараптығына» қол жеткізу үшін қабылдануы қажет нақты қадамдар туралы ақпарат қамтылатын энергетикалық сектор үшін үзақ мерзімді көміртексіздендіру жол картасын әзірлеуге көмектеседі.

Біз сондай-ақ Энергетика министрлігімен сараптамалық білімді арттыру және «жасыл» энергетиканы дамытуға ықпал ететін жергілікті жеткізу тізбегін кеңейту үшін жаңартылатын энергия көздерінің әзірлемелерін пайдалану болып табылатын басқа да маңызды аспект бойынша жүмыс істейміз. Энергетикалық ауысу тек өндірісте ғана емес, сонымен қатар пайдалану және техникалық қызмет көрсету сияқты қызметтерде де өсуге мүмкіндік береді. Бұл елде дайындалған білікті жүмыс күшін қажет ететін кәсіби жұмыс орындарының жаңа жиынтығын құруға әкелуі мүмкін. Біздің талдауымыз бойынша, халықаралық серіктестермен жұмыс істей отырып, Қазақстан жел және күн энергиясымен байланысты құн тізбегінің нақты компоненттеріне инвестициялар тарта алады.

Біз үшін саяси диалогтың тағы бір саласы гендерлік теңдікке жәрдемдесу және энергетикалық сектордың «жасыл» технологияларға көшу процесіне жастарды тарту болып табылады. Осыған байла­нысты мен Қазақстан Үкіметіне Қазақстанда әйелдерге тыйым салынған жұмыс орындарының тізімін жойғаны үшін алғыс айтамын. Қазіргі уақытта біз тиісті билік органдарымен әйелдер мен жастарды жұмысқа орналастыру жолындағы кедергілерді жою және оларды энергетика секторында жақсы жұмыс іздеу үшін қажетті тиісті дағдыларға үйрету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біз сондай-ақ қазақстандық энергетикалық секторға «жасыл» технологияларға көшуге көмектесетін энергия тиімділігіне қатысты кәсіби дағдылардың, «жасыл» және цифрлық дағдылардың жаңа стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыс істейміз.

Біз сондай-ақ Энергетика министрлігімен үш ірі ауқымды жел энергетикалық жобасы бойынша жел энергетикалық аукциондарды іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысымыз туралы хабарлауға куаныштымыз. Бұл бастама Қазақстан 2018 жылы сәтті енгізген және бәсекеге қабілетті сауда-саттықтың шынайы табысын көрсете отырып, орташа алғанда күн және жел энергиясына алдыңғы тарифтерден 29%-ға темен бағамен 1219 МВт сатқан аукциондардың қолданыстағы схемасының оң нәтижелеріне негізделеді. Елге қазір қажет нәрсе - аукционда масштаб жене темен баға есебінен үнемдеуге қол жеткізу үшін барынша үлкен куаттылықтарды сату.

-   Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері секторының алдында тұрған негізгі проблемалар қандай деп ойлайсыз?

-   Менің ойымша, Қазақстан екі негізгі проблемамен бетпе-бет келеді. Біріншіден, энергетикалық секторды көміртексіздендіру үшін қажетті электрэнергиясын өндірудің айнымалы сипаты бар жаңартылатын көздердіңе дәуір үлкен көлемін табысты интеграциялау үшін желілерді нығайту қажет. Ел электр желілерінің инфрақұрылымы мен жұмыс істеуін жаңғыртуға және нығайтуға, сондай-ақ икемді өндіруші қуаттарды ұлғайтуға елеулі инвестициялар салуға мәжбүр болады.

Екіншіден, реттеужәне қаржыландыру аспектісі бар. Жаңартылатын энергия көздеріне халықаралық инвестицияларды кең ауқымда тарту үшін болжамды және қолайлы нормативтік-құқықтық ортаны қамтамасыз ету маңызды.

-   Біз білетіндей, жаңартылатын энергия көздері нарығын дамыту жұмыстарымен қатар, Банкжергілікті көмір- тегі нарығын дамытумен де айналысады. Сіз Қазақстанда көміртексіздендіру процесіне көміртегі нарығын енгізудің тиімділігін қалай бағалайсыз?

-          2013 жылы Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) өңірінде шығарындылар саудасыныңсхемасын (ETS) құрған алғашқы ел болды және Банк Қазақстанға осы салада қолдау көрсетті. ЕҚҚДБ өз үлесін 2009 жылы Қазақстандағы көміртегі нарығын дамытуға, сондай-ақұлттық деңгейде айқындалатын бастапқы салымға (NDC) енгізе бастады. Бұдан кейін Нарыққа дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі серікгестік (PMR) сияқты басқа тараптардың салымдары болды.

Осы мәселе бойынша Қазақстан Үкіметімен тұрақты өзара іс-қимыл жасау шеңберін- де біз Экология, геология жене табиғи ресурстар министрлігіне және басқа да тиісті мүдделі тараптарға («Жасыл дамуды» қоса алғанда, Қазақстандағы ETS операторы) экологиялық тұтастық мәселесіне ерекше назар аудара отырып, көміртегі нарығын ішкі реттеуді одан әрі нығайтуға көмекгесеміз. Тұтастықты, өтімділікті және баға сигналын арттыру үшін өз конструкциясы мен операцияларын одан әрі жетілдіру шартымен Қазақстанда ETS Париж келісіміне сәйкес өзінің NDC-нде ел айқындаған климаттық міндеттемені орындауғажәне кейіннен өзініңұзақ мерзімді «көміртегі бейтараптығы» мақсатына қол жеткізуге негізгі үлес қоса алады.

-    Энергияның басқа таза көздеріне келетін болсақ, «жасыл» сутегі жаһандық пікірталастарда қарқын алуда. Сіз бұл нұсқаны көміртексіздендіру процесін жеделдету үшін өміршең деп санайсыз ба?

-   Әрине, жаңартылатын энергия көздері арқылы алынған таза сутегінің әлеуеті өте қызықты перспектива болып табылады. Сутегі энер­гия тасымалдаушысы немесе шикізат ретінде қызмет ете алады, жене одан да жақсы - оны маусымдық жаңартылатын электрэнергиясын сақтау үшін пайдалануға болады. Қорытынды жасауға әлі ерте, сала тез дамып келеді.

2021 жылғы мамырда банк Қазақстанды қоса алғанда, еққдб елдерінде төмен көміртекті сутегі экономикасының әлеуетін бағалау үшін техникалық көмек жобасын іске қосты. Ол сенімді және түрақты «сутеп» экономикасын дамытудың ең тиімді және түрақты тәсілдерін бағалау үшін бірқатар экономикалық, коммерциялық, институционалдық және техникалық аспектілерді зерттейді. Біз жұмыс істейтін көптеген елдер көміртексіздендіру процесінде болаты н энергияны көп қажет ететін салаларды және қазбаларға непзделген сутеп қоспасын қолданатын және/немесе арзан табиғи газға қол жеткізе алатын өнеркәсіптік өндірушілерді біріктіреді. Көбінесе, б¥л елдерде бағасы бәсекеге қабілеттіжергілікті жаңартылатын көздерден экологиялық таза сутегіні өндіруге қолайлы жергілікті жағдайлар бар. Бұл факторлар «жасыл» сутепнi кеңінен қолдануға қолайлы жағдай туғызуы мүмкін.

-   ЕҚҚДБ «жасыл қалалар» бағдарламасы аясында муници- палитеттермен жүмыс істеуде жол салушы болды. «Жасыл қалалар» бағдарламасы кем іртексізденді руде қандай рөл атқарады?

-          Әлемдегі қалалар шығарындылардың кем дегенде төрттен үшінің көзі болып табылады, бұл оларды климаттыңөзгеруіне қарсы күресте бастапқы межеге айналдырады. Ол, әсіресе, ЕҚҚДБ аймағының Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізінің қалаларына тән, онда ескірген қалалық инфрақүрылым парниктік газдар шығарындыларын ұлғайту және қауымдастықтардың климаттың өзгеруіне бейімделуіне жол бермеуарқылы азаматтардың өмір сүру сапасын жиі нашарлатады. ЕҚҚДБ-ның саны 52 қаланы құрайтын «жасыл қалалар» бағдарламасы муниципалитеттерге «жасыл қалалар» іс-қимыл жоспарлары (GCAP) арқылы экологиялық мәселелерді шешу үшін басым экологиялық инвестициялар мен саяси шаралардыңжекетізімін жасауға көмектеседі.

2020 жылы Алматы «жасыл қалаларға» қосылған және өзінің «жасыл қала» іс-қимыл жоспарын әзірлеуге кіріскен елдегі алғашқы қала болды. Ол көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларының мәселе- лерін шешуге, энергияны тұтынуды азайтуға, электрлік қоғамдық көлікті, сондай-ақ айналмалы экономика мен ақылды қала шешімдерін енгізуге бағытталған. Өскемен мен Семей де «жасыл қалаларға» қосылып, 2021 жылғы қазанда GCAP дайындығын бастады. Қалаларды тез көгалдандыру елдің климаттық саясатының сәтті болуы және адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өте маңызды.

Қорытындылай келе, біз, ЕҚҚДБ-да Қазақстанның энергетикалық ауысуы саласындағы әлеуетіне нық сеніммен қараймыз. Болашақ инвестициялар мен даму үшін берік негіздер қаланды, бірақ проблемалар әлі де сақталуда. Бір түнде «көміртегі бейтараптығына» қол жеткізу мүмкін емес жене қажетті тәжірибемен бірге дәйекті күш-жігер қажет болады. Қазақстан ие болған табиғи жене бай қазыналар - күн мен желдің молшылығын пайдалана отырып, ел экологиялық таза энергияға көшуді жеделдете алады деп үміттенемін.



24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады