Аналитика

Аналитика21.12.2022

Ерікті көміртегі нарығы: түсінігі, мысалдары және әлеуеті

Тимур Шалабаев, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы атқарушы директоры

Дәстүрлі энергия көздерінің құндылығын көрсететін дағдарыс аясында климаттық күн тәртібі мен Қазақстанда жаңартылатын энергия көздеріне көшу мәселесі тұрақты дамудың маңызды мәселелері болып қала береді. Корпоративтік сектордағы көптеген компаниялар көміртегі ізін азайту міндетін қойып, темен көміртекті жобаларды жүзеге асыруға да, «таза» энергияны тұтынуға да қызығуиіылық танытуда. Сонымен қатар, шығарындыларды азайту құралдарының бірі көміртекті офсет парниктік газдар иіығгрындыларын азайтуға жене (немесе) парниктік газдардың сіңуін арттыруға бағытталған қызмет немесе қызмет түрлері.

КӨМІРТЕГІ НАРЫҚТАРЫ 

Көміртекті офсеттік нарықтардыңекі түрі бар: реттелетін және ерікті.

Қазақстандағы реттелетін нарықтың үлгісі 2013 жылы пилоттық режим де іске қосылған Шығарындылар саудасы жүйесі (ШСЖ) болып табылады. Жылына 20 000 тонна көмірқышқыл газының шығарындылары шекті мән ретінде пайдаланылады, оған сәйкес қондырғылар Көміртегі квоталарын бөлудің ұлттықжоспарына (ҰБЖ) қосылады. Бүгінгі таңда ШСЖ тек көмірқышқыл газының шығарындыларын қамтиды (квоталайды). Мониторинг, есептілік, верификация (monitoring, reporting, verification MRV) талаптары бөлігінде үшінші тараптың тексеруін көздейтін бағалау (есептеу) әдісі пайдаланылады.

Осылайша, реттелетін көміртегі нарығы «жоғарыдан төменге» жұмыс істейді. Сарапшылардың пікірінше, «төменнен жоғарыға» кері тәсілі көміртегі бірліктерінің ерікті нарығына тән, мұнда эмитенттердіңөздері климатқа әсерді азайту, компанияның имиджін жақсарту, инвестициялық тартымдылықты арттыру, көміртекті бейтарап өнімге қатысты сыйлықақылар алу немесе эмиссияларды бақылау жөніндегі реттеуші құралдарды енгізу кезінде көміртегі бірліктерін болашақта есепке алуға дайындау мақсатында көміртегі ізін азайтуға тырысады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ерікті көміртекті офсеттердің өзіндік стандарттары жоқ. Осыған байланысты компаниялар шетелдік стандарттарды қолданады.

Бүкіл әлем бойынша сарапшыларерікті офсет нарықтарын дамытудыңүлкен әлеуетін атап өтті. Осылайша, 2021 жылы ерікті офсеттер нарығының айналымы жаңа тарихи рекорд орнатты -1 млрд АҚШ долларынан астам (салыстыру үшін: 2018 жылы - шамамен 300 млн АҚШ доллары, ал барлық тіршілік уақытында - 6,7 млрд АҚШ доллары), бірақ бұл болжамдармен салыстырғанда теңіздегі тамшы ғана. Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш өсуін жалғастырады: 2030 жылға қарай 100 млрд АҚШ долларынан 2050 жылға қарай 550 млрд АҚШ долларына дейін, оны реттелетін нарықтардың бүгінгі айналымымен салыстыруға болады.

Осы болжамдарды ескере отырып, кейбір трансұлттық корпорациялар өздерінің мақсаттары үшін де, кірістерін одан әрі әртараптандыру үшін де климаттық жобаларды өз бетінше жүзеге асыруға кірісті. Атап айтқанда, ерікті көміртегі нарығындағы тұтынушылар болып табылатын ірі мұнай-газ компаниялары болашақта көміртегі бірліктеріне бағаның өсуінен қорғану мақсатында жобалардың өзін немесе олардағы үлкен үлестерді сатып ала бастады.



ЕРІКТІ ОФСЕТ НАРЫҒЫНДАҒЫ БЕЛГІЛІ СТАНДАРТТАР

Сарапшылардың бағалауы бойынша жобаның тиімділігін тексеру және растау үшін ең танымал халықаралық стандарттар (бүкіл нарықтың 85%-ы) Верификацияланған көміртегі стандарты (Verified Carbon Standard, VCS) жэне Алтын стандарт (Gold Standard, GS) болып табылады. Сондай-ақ, нарықта жаңа стандарт Global Carbon Council (GCC) табысты дамып келеді.

Верификацияланған көміртегі стандарты (Verified Carbon Standard, VCS) Verra стандартының негізін 2007 жылы ерікті көміртегі нарықтарында сапа кепілдігінің қажеттілігін көрген экологиялық көшбасшылар мен бизнес көшбасшылары қалады. Verra көптеген климаттық бағдарламаларды жүзеге асырады, олардың негізгілepiнің бірі VCS бағдарламасы.

VCS бағдарламасы сертификатталған жобаларға парниктік газдар (ПГ) шығарындыларын азайту мен жоюды сатылатын көміртегі кредиттеріне айналдыруға мүмкіндік береді. 2006 жылы іске қосылғаннан бері VCS бағдарламасы парниктік газдар шығарындылары бойынша әлемдегі ең ірі ерікті бағдарламаға айналды. VCS жобалары парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және жоюға әкелетін ондаған технологиялар мен шараларды қамтиды, соның ішінде ормандар мен сулы-батпақты жерлерді сақтау және қалпына келтіру, ауылшаруашылық жерлерін басқару, көлік тиімділігін арттыру және т.б. Қазіргі уақытта 80-нен астам елде 1600-ге жуық жоба тіркелген, ол 450 миллионнан астам көміртегі кредитін алуға мүмкіндік берді, бұл бір жыл ішінде пайдаланудан шығарылған 98 миллион жолаушылар көлігіне тең.

Алтын стандарт (Gold Standard, GS) Gold Standard 2003 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры және басқа да халықаралық үкіметтік емес ұйымдар көміртегі шығарындыларын азайтуға бағытталған жобалардың экологиялық тазалықтың ең жоғары деңгейімен ерекшеленуін, сондай-ақ тұрақты дамуға ықпал етуін қамтамасыз ету үшін құрылды. Париж климаттық келісімі мен Тұрақты даму мақсаттары қабылданғаннан кейін климат пен тұрақтылыққа араласу үшін озық тәжірибе стандарты іске қосылды.

Gold Standard климаттың өзгеруіне қарсы шаралар біржақты болуы мүмкін емес деген қағидаға негізделген-климаттық жобалар шығарындыларды азайтудан басқа тұрақты дамуда айтарлықтай пайда әкелуі керек. Тәсілдің сәттілігі БҰҰ-ның Таза даму тетігіне (CDM) және басқа да ерікті стандарттарға деңгейді көтеру және олардың кейбір климаттық жобаларына түрақты дамуды енгізу үшін әсер етті.

2021 жылдың соңында Gold Standard әлемнің 98 елінде орналасқан жобаларға 191 миллион көміртегі кредитін берді: бұл 209 миллион тонна СО2 шығарындыларын азайтуға мүмкіндік берген 2600 жоба.

Global Carbon Council (GCC)

GСС Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағындағы (MENA) көміртекті өтеудің алғашқы жаһандықерікті бағдарламасы ретінде құрылды. Бұл Парсы шығанағын зерттеу және дамыту ұйымының (GORD) бастамасы. Бағдарлама МЕИАаймағындағы көміртекті өтеу мәселесін шешу үшін қолданыстағы көміртегі нарығының бағдарламаларын толықтырады.

GCC-де тіркелген жобалардан алынған көміртегі кредиттері бекітілген көміртегі кредиттері (АСС) деп аталады. Стандарт сонымен қатар Халықаралық авиация ұйымының (ИКАО) CORSIA (Халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеу және азайту схемасы) мақұлдауына ие болды. Бұл бағдарламаға көміртегі кредиттерін шығарудың адалдығын жаһандық мойындауға мүмкіндік береді.

GСС жобалардың келесі түрлері үшін нормативтік базаны іске қосуды жоспарлап отыр:

•  Көміртекті тұту және сақтау,

•  Көміртекті тұту және кәдеге жарату,

•  Ауаны тікелей қармау,

•  Энергияны жинақтау жобалары,

•  Жаңартылатын энергия көздеріне негізделген тұщыландыру қондырғылары,

•  Су үнемдейтін жобалар,

•  Энергияны үнемдейтін ғимараттар мен аудандарды масштабтау.

Шынында да, MENA аймағында көміртегі кредиттері үшін үлкен әлеует бар, өйткені күн, «көк» және «жасыл» сутегі, сондай-ақ шығарындыларды азайту бастамалары қарқын алып келеді. GCC 2020 жылдан бастап көміртекті азайту жобаларын ала бастағаннан бері 133 000 кредит берді. Кеңеске 200-ге жуық жоба келіп түсті, оның 121-і бағаланды.

GCC бағдарламасы осы жылдың соңына дейін 2000-ға жуық жобалық өтінім алуға үміттенеді. Егер бұл орын алса, бағдарлама көміртекті өтеудің ең жақсы бағдарламаларының қатарына кіреді деп күтілуде.

Сарапшылар атап өткендей, шығарындылар үшін өтемақы ретінде көміртегі салығын азайту үшін көміртегі бірліктерін қолдану мүмкіндігі бар. Осылайша, VCS және GS стандарттары бойынша верификацияланған климаттық жобалардың нәтижелері Колумбия мен Оңтүстік Африка Республикасында салықты қысқарту кезінде реттеуші тетіктермен, CORSIA (Халықаралық авиация үшін көмірқышқыл газының шығарындыларын өтеу және азайту схемасы) және отын өндіру кезінде эмиссияны қысқарту жөніндегі бастамаларды есепке алуды көздейтін Upstream emissions reduction мұнай-газ компаниялары үшін шығарындыларды азайту тетіктерімен ескеріледі.

Көміртекті офсеттер және I-REC сертификаттары: айырмашылығы неде?

I-REC В2В форматында жұмыс істейтін ерікті сертификаттау жүйесі. l-REC-халықаралық энергетикалық атрибут сертификаты (ЕАС). I-REC ЖЭК объектілері өз электр энергиясын «ЖЭК жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШСға сататын РРА-келісімшарттың қайталануы болып табылмайды, өйткені І-РЕСфизикалықэлекгр энергиясын сатып алу-сату процессе қатыспайды, бірақ компаниялар арасында осы таза электр энергиясының «атрибуты» деп аталатын сауда үшін жағдай жасайды, бұл сертификаттың шарттарына сәйкес соңғы пайдаланушыларға олардың қызметі жаңартылатын энергияны пайдалануға негізделген деп айтуға мүмкіндік береді. Сондықтан, шын мәнінде, «жасыл» энергияны қосарлы есепке алу қаупі жоқ, сонымен қатар I-REC сертификатының РРА келісімшартына әсері жоқ.

Сонымен қатар, I-REC офсет емес екенін есте ұстаған жөн. Офсет қосымша және сыртқы жобалар шеңберінде шығарындыларды азайтуды тексеру арқылы парникгік газдардың тікелей және жанама шығарындыларын есепке алу және өтеу үшін қолданылады. Офсеттер (шығарындыларды азайту) ұйымның таза шығарындыларын анықтау үшін ұйымның шығарындыларынан шегеріледі.

I-REC нөлдік немесе төмен шығарындылары баржаңартылатын электр энергиясын пайдалануды тексеру арқылы сатып алынған электр энергиясына байланысты жанама парниктік газдар шығарындыларын (2-санаттағы шығарындылар) шешу үшін қолданылады. I-REC (жаңартылатын энергияның МВт*сағ) I-RECпен бірге берілетін жаңартылатын шығарындылар коэффициенті негізінде 2-санаттағы жалпы нарықтық шығарындыларды есептеуде қолданылады (Greenhouse Gas Protocol бойынша).



Көптеген ұйымдар парниктік газдар шығарындыларының кадастрын жасау арқылы өз әсерін басқара бастайды. Парниктік газдар шығарындылары бойынша WRI/WBCSD хаттамасына сәйкес ұйым шығарындыларды өлшеу және шығарындылар кадастрын әзірлеу үшін стандартты бухгалтерлікесеп нұсқауларының жиынтығын ұстанады, ол өз қызметі, энергияны сатып алу және жеткізу тізбегі нәтижесінде жауапты болатын шығарындыларды 1, 2 және З Sсоре деп аталатын үш түрлі тіркелімде бөлек қарастырады.

Шығарындыларды санаттау ұйым тікелей иелік ететін немесе басқаратын көздерден шығарындыларды (тікелей шығарындылар) үйым қызметініңсалдары болып табылатын, бірақ басқа үйымға тиесілі немесе бақыланатын көздерден (жанама шығарындылар) ажыратуға көмектеседі. Бұл жеке есеп екі немесе одан да көп үйымның бір санаттағы шығарындыларды есепке алмауын қамтамасыз етуі керек. Осы құрылым арқылы ұйымдар өз жұмысын бағалай алады және жұмсартудың қандай нұсқаларын қолдану керектігін анықтай алады.


Офсеттерді ұйымның қызметіне байланысты тікелей жәнежанама шығарындыларды жою үшін пайдалануға болады (мысалы, Сіздің ұйымыңыздың кеңсе ғимаратын жылыту үшін пайдаланылатын қазандықтың шығарындылары). Бір жерде парниктік газдар шығарындыларын азайтуды басқа жерде шығарындыларды «өтеу» үшін пайдалануға болады. Офсеттерді ұйым 1,2 және 3 көлеміндегі шығарындыларды жою үшін сатып ала алады. Сондай-ақ, офсеттерді шығарындыларды азайту үшін ұйымның опера циялық шекаралары шеңберінде жүзеге асыратын әрекеттеріне қосымша пайдалануға болады. Офсеттер көбінесе ұйымның тікелей немесе жанама шығарындыларын азайту мүмкін болмаған кезде парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша ерікті міндеттемелерді орындау үшін қолданылады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРІКТІ ОФСЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Жоғарыда айтылғандай, елде 2013 жылдан бастап шығарындылар саудасы жүйесі жұмыс істейді. Негізгі кемшіліктердің бірі шығарындылар саудасының отандық жүйесі экономиканың шектеулі салаларын мұнай-газ өнеркәсібін, энергетика секторын, тау-кен, металлургия, химия өнеркәсібін, сондай-ақ цемент, әк, гипс және кірпіш сияқты қурылыс материалдарын өндірумен байланысты өңдеу өнеркәсібін қамтиды.

Алайда, елдің іскерлік ортасында көміртегі бейтараптығына қолжеткізу мақсаттарына міндеттеме жарияланғаннан кейін көміртегі ізін төмендететін жобаларға үлкен сұраныс артып келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының атына өз корпоративтік саясатында ESG қағидаттарын пайдалануға мүдделі телекоммуникациялық және ІТ-компаниялар, банк секторы, қызмет көрсету секторынан орта бизнес жүгінеді. Осыған байланысты, көміртегі бірліктерінің ерікті нарығын дамыту ҚР сауда жүйесіне кірмейтін жеке компанияларға ESG қағидаттарына өз міндеттемелерін растауға және көміртегі ізін көміртегі бірліктерімен жабуға мүмкіндік береді.



 

19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады
15.04.2024
Финляндияда үлкен жерасты үңгірлері жыл бойына бүкіл қаланы жылыта алады
12.04.2024
Техаста СО2 мен судан отынның өнеркәсіптік өндірісі басталды
12.04.2024
ЕО жасыл ауысу үшін энергетикалық инфрақұрылымға €600 млрд инвестициялауы тиіс
12.04.2024
Ғарыштық күн энергиясы: SpaceX және General Motors бұрынғы инженерлері энергетика болашағын өзгертуде
12.04.2024
АҚШ таза энергияны пайдалануға рұқсат беру бойынша өз мақсатынан асып түсті
11.04.2024
Қызылордада эко-фазендаға 105 кВт күн станциясы орнатылды
11.04.2024
АҚШ-та сыртқы кванттық тиімділігі 190% күн панельдеріне арналған материал әзірледі