Білім және ғылым01.09.2024
Сафи Өтебаев атындағы университет көміртегі бейтараптығы қағидаттарын қалай жүзеге асырады

Шакуликова Гүлзада, э.ғ.д., профессор, С. Өтебаев атындағы АМГУ ректоры
Дана Кудасова, техника ғылымдарының кандидаты, МВА магистранты
Искаков Ринат, химия ғылымдарының докторы, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен қатар еліміздің жетекші жоғары оқу орындары парниктік шығарындыларды азайту жөніндегі стратегияны іске асыруға белсенді түрде қосылуда. Оқу орындары тұрақты даму саласында зерттеулер жүргізеді және энергетикалық ауысуды жүзеге асыру үшін өз идеяларын ұсынады. Қазақстанда Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті 65 жыл бойы мұнай-газ секторының мамандарын тәрбиелеп келеді. Экологиялық күн тәртібіне өзінің әлеуетті әсерін түсіне отырып, жоғары оқу орны көмірқышқыл газының эмиссияларын қысқарту және көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуге жауапты кадрларды даярлау бойынша бірнеше бастамаларды іске асырады.
2023 жылы Өтебаев университеті энергияның негізгі көздерін, қолданыстағы энергиямен қамтамасыз ету жүйесінің кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтау және бір университеттік кампус шеңберінде СО2 нөлдік шығарындыларына біртіндеп көшу мүмкіндіктерін бағалау үшін өзінің инфрақұрылымына энергетикалык, аудитұйымдастырды.
Мониторинг нәтижесінде университет кампусының қызметі барысында пайда болатын көмірқышқыл газы шығарындыларының екі негізгі көзі анықталды. Бұл жылытуға және суды жылытуға, сондай-ақ автокөлік пен генераторлык, паркүшін жанар-жағармай материалдарын пайдалануға кететін табиғи газ шығыны.

Осылайша, дизельдік генераторлармен және көлік құралдарымен отынды тікелей жағудан 2022 жылы көмірсутек шығарындыларының көлемі 157 тоннаны, корпусты жылыту жүйелері үшін 1603,7 тоннаны құрады. Орташа алғанда, бір стандартты кампус ғимаратын жылытуға 145,5 тонна көмірсутек эмиссиясы келеді.
Энергия түріне байланысты энергияны калорияға түрлендіру кезінде бөлу жыл мезгіліне байланысты. Мысалы, қыста газды тұтыну үлесі едәуір артады, ал жазда электр энергиясы мен отын (ЖЖМ) едәуір көп пайдаланылады.


КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АУЫСУ ҚҰРАЛДАРЫ
Университет кампусының энергетикалық трансформациясының жол картасын іске асыру және көміртегі бейтарап технологияларға көшу үшін электр энергиясын үнемдеу шараларымен бірге ғимараттарды баламалы энергия көздеріне кезең-кезеңімен ауыстыру тұжырымдамасы бекітілді.
Атап айтқанда,университет жұмысының ерекшелігіне сүйене отырып, электр энергиясын үнемдеудің келесі қадамдары қабылданды:
- Табиғи жарығы жоқ үй-жайларда қозғалыс датчиктері бар шамдар орнатылған;
- Қалыпты табиғи жарығы барүй-жайларда аралас шешім қолданылады бөлмеге байланысты жарық датчиктерімен торшерлер мен шамдар;
- Толықтабиғи жарығы бар үй-жайларда жарық датчиктері бар шамдар орнатылған.
Алдын ала есептеулер бойынша үнемдеу 123 500 кВт/сағ электрэнергиясына жетуі мүмкін немесе 737 300 кВт/сағ дейін ағымдағы электр энергиясын тұтыну кезінде үнемдеу 16,8% құрайды. Электр энергиясының ағымдағы бағасы кезінде бұл жылына 5 684 500 теңгеге тең.
Реактивті токты төмендету есебінен кернеуді тұрақтандырумен бірге электр энергиясының жалпы үнемделуі жыл сайын 123 500 х 1 125 = 139 000 кВт*сағ немесе 6 391 000 теңгені кұрайды.
2-кестеде университетке энергияны тұтынуды азайту және атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту міндетін орындауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ негізгі қадамдар мен олардың күтілетін салдарын көрсететін 2033 жылға дейінгі энергияны түрлендіру жобасының уақытша жоспары берілген.
Бірінші жыл ішінде негізгі күш-жігер кампустың барлык, инфрақұрылымы бойынша энергияны үнемдеу құралдарын енгізуге бағытталады. Сонымен бір мезгілде жобаның басынан бастап оның аяғына дейін жылыту және қыздыружүйелерін табиғи газдан баламалы энергия көздеріне ауыстыра отырып, ғимаратты дәйекті жаңарту жүргізіледі.
2026, 2028, 2029 және 2030 жылдары сәйкесінше автомобиль қозғалтқыштары (С1 және С2) және дизель генераторлары (G1 және G2) гибридті/электрлік автомобильдер мен ЖЭК-ке ауыстырылады.

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін есептеу энергетикалық ауысуға елеулі бастапқы инвестициялардың қажеттілігіне қарамастан, трансформацияның бесінші жылынан кейін меншікті өндірілген энергия көздерін пайдаланудан қаражатты үнемдеу процесі басталатынын көрсетеді.
Мысалы, 2-суретте көрсетілген жол картасын іске асыруға жұмсалған қаражаттың ақша ағынының қисығы меншікті энергия өндіру көздерінің базасын ұлғайту арқылы сыртқы энергия шығындарын үнемдеудің жиынтық мәндерін көрсетеді.

3-кестеде жол картасының әр жылы үшін энергетика мен көміртегі, суды пайдалану, жерді пайдалану және материалдарды пайдалану сияқты төрт түрлі кластер түріне жіктелген негізгі көрсеткіштер көрсетілген.

Барлык, индикаторлар мен көрсеткіштердің толык, сипаттамасы төменде келтірілген:
1. Энергетика, көміртегі шығарындылары және климаттың өзгеруі
А. Электр энергиясын үнемдеу өткен жылмен салыстырғанда жалпы тұтыну пайызының төмендеуі ретінде көрсетіледі.
В. Электр энергиясын тұтыну баламалы энергия өндірісіне ауыстырылған барлык, инфрақұрылымның саны ретінде көрсетіледі.
C. Табиғи газды тұтыну баламалы энергия көздеріне ауыстырылған барлық инфрақұрылымның саны ретінде көрсетіледі.
D. Отынды тұтыну гибридті/электрлік модельдерге қайта жабдықталған автомобильдердің саны немесе ЖЭК-ке қайта жабдықталған дизельді қозғалтқыштардың саны ретінде көрсетіледі.
2. Суды пайдалану
A. Суды үнемдеу өткен жылмен салыстырғанда жалпы пайдалану пайызының төмендеуі ретінде көрсетіледі.
B. Суды тұтыну өткен жылмен салыстырғанда жалпы тұтыну пайызының төмендеуі ретінде көрсетіледі.
C. Сарқынды суларды пайдалану өткен жылмен салыстырғанда өсімдіктерге пайдалану үшін жаңбыр суының пайыздық өсімі ретінде көрсетіледі.
3. Жерді пайдалану
A. Жасыл беттер көгалдар мен өсімдіктер үшін жерді пайдалану пайызының артуы ретінде көрсетіледі.
B. Биомассаны қайта өңдеу биомассаны өсімдік мақсаттары үшін немесе жасыл газ өндіру үшін пайыздық пайдаланудың артуы ретінде көрсетіледі.
C. Өсімдіктер өткен жылмен салыстырғанда өсімдіктер мен ағаштардың пайыздық өсімі ретінде көрсетіледі.
4. Материалды пайдалану
А. Қағазды пайдалануалдыңғы жылмен салыстырғанда қағазды пайдалану пайызыныңтөмендеуі ретінде көрсетіледі.
B. Қоқысты сұрыптау бөлінген қоқыстүрлерінің көбеюі ретінде көрсетіледі.
C. Қалдықтардың пайда болуы өткен жылмен салыстырғанда қатты тұрмыстық қалдықтар пайызының азаюы ретінде көрсетіледі.
«ЖАСЫЛ» ТРАНСФОРМАЦИЯ
Осылайша,университет ESG стандарттарына көшу бойынша міндеттемелерді қабылдап қана қоймай, болашақта нөлдік көмірсутек шығарындыларына қол жеткізу үшін университет кампусын трансформациялау шараларын жүзеге асыруда. Жүргізіліп жатқан жұмысты растау үшін 2023-2024 оқужылында студенттердің 29 дипломдық бітіру жобасы университет кампусын энергетикалық трансформациялау бойынша практикалық қадамдарды енгізуге арналғанын атап өткен жөн. Биылғы жылы жоғары оқу орнының инфрақұрылымын алғашқы жаңарту энергия үнемдеуге және баламалы энергия көздерін тиімді пайдалануға көшуді ескере отырып жүргізілді.
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті индустрия үшін мамандарды даярлау мен дамудың көмірсутекті тарихына қарамастан, мұнай-газ саласы мамандарының жаңа буынында тұрақты даму құзыретін қалыптастырады, бұл елдің болашақ «жасыл» әл-ауқаты үшін жауапкершілікті алуға итермелейді.
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті