Экологиялық саясат

Экологиялық саясат14.12.2021

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Қайтымсыз межеден әлі өткеніміз жоқ

Қазіргі әлемде көміртегі бейтараптығына бағыт алған компаниялар екі бағытта жұмыс істеуі керек. Басымдықөнімді өндіру және тасымалдау кезінде шығарындыларды азайту, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздеріне көшу, басқа бағыт қандай да бір себептермен жою мүмкін емес шығарындыларды өтеу үшін көміртегі-теріс жобаларға инвестиция салу. Біздің еліміз кәміртегі бейтараптығына қалай ұмтылады, ол үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға белгілі бір дарежеде Hilton қонақ үйінде ағымдағы жылдың қазан айының ортасында өткен көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі халықаралық конференция жауап берді. Оның жұмысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі. Мемлекет басшысының баяндамасын оқырмандар назарына ұсынамыз.

Қазақстанның астанасында қарсы алуға рұқсат етіңіздер! Осы маңызды іс-шараға қатысқандарыңыз үшін Сіздерге алғыс білдіреміз.

Мен «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртегіне бейтараптығына қол жеткізу жолдары» халықаралық форумын ашық деп жариялауға қуаныштымын.

Форум Глазгодағы климаттыңөзгеруі туралы Б¥Ұ Негіздемелік конвенциясы тараптарының алдағы 26-шы конференциясына арналған.

Қазақстан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге үндеуін қолдау үшін дәйекті іс-қимыл қабылдауда.

Бүгін біз ортақ мақсатқа жету үшін қажетті қадамдарды талқылаймыз.

2020 жыл адамдар мен планета үшін өте қиын жыл болды. COVID-19 пандемиясы экономикалық және әлеуметтік жүйелердің осалдығын, сондай-ақ адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғаудың жеткіліксіз деңгейін көрсетті.

Бұл түрғыда климаттың өзгеруі қазіргі әлемде ең өткір мәселелердің бірі болып қала береді.

Климаттың өзперуі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының Алтыншы бағалау есебінде қазіргі жағдайға өте алаңдатарлық шолу бар.

Баяндамаға сәйкес, парниктік газдар шығарындыларының қазіргі деңгейінде осы ғасырда 1,5-2 градусқа жаһандық жылыну сөзсіз болады.

Теңіз деңгейінің көтерілуі, мәңгі тоңның еруі, арктикалық мұздың жоғалуы мұның бәрі болжамды жылынудың нәтижесінде жеделдейді.

Бұл, өз кезегінде, биоалуан түрліліктің біртіндеп жоғалуына,топырак,тың тозуына, құрғақшылыққа, өрттер мен су тасқынына әкеледі.

Біз әрекет етуіміз керек, қазір және дереу әрекет етуіміз керек.

Соңғы онжылдық адамзат тарихындағы ең ыстық кезең болды. Біздің өңірде Орталық Азияда жылыну жылдамдығы алаңдаушылық туғызады және шұғыл әрекетгі талап етеді. Бұл су мен азық-түлікті және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өте маңызды.

Қазақстан бидай мен ұн өндіруші ірі ел дерді ң он дығы на кі реді және жыл ы на 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды.

Алайда жағдай нашарласа, 2030 жылға қарай бидай өнімі шамамен 40 пайызға төмендеуі мүмкін.

БҮҰДБ-ның 2020 жылғы деректері бойынша, 2030 жылғы күтілетін климат жағдайында жаздық бидайдың өнімділігі орташа есеппен алғанда зерттелетін жеті сала бойынша. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары туралы сөз болып отыр. Оның қазіргі деңгейінен 63-87%-ды құрайды.

Қазақстанның Орталық Азиядағы жалғыз экспорттаушы ел екенін ескерсек, бүкіл аймақтың азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнетіні сөзсіз.

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес мұның ортақ іс екенінің дәлелі. Бұл аса маңызды мәселе.

Мұны нақты түсіну керек: межелі нүктеге әлі жеткен жоқпыз. Елдер мен үкіметтердің әрекеттері климаттың өзгеруі не және оның тұрақтануына әсер етуі мүмкін.

Қазақстан Париж келісімінің жаһандық температуралық мақсатына қол жеткізуде ортақ жауапкершіліктің бар екенін мойындайды.

Энергия, жұмыспен қамту және фискалдық кіріс көздері болып табылатын табиғи қазбаларға (көмір, мұнай және т.б.) едәуір тәуелділікке қарамастан, Қазақстан осы ғасырдыңортасына қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізгені туралы алғашқы жүз елдің қатарында жариялады.

Бүгін Сіздердің назарларыңызға Қазақстан нын, 2060 жылға дейін көміртегінен таза ел болу доктринасының жобасы үсынылады.

Доктрина экономика мен өнеркәсіпті темен көміртекті трансформациялауға негізгі тәсілдерді көздейді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі өз баяндамасында Үкіметтің көзқарасын егжей-тегжейлі ұсынады.

Алға қарай жүгіре отырып, Доктрина түпкі нұсқада прагматикалық, ұтымды болуға және ерекшелігі мен құрылымын ескере отырып, біздің эконом и камыздың шұғыл қажеттіліктерін ескеругетиісекенін атап өткім келеді. Бұл өте маңызды.

Қазірдің өзінде Доктринадағы үлкен мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі күш-жігер қажетекені айқын. Бұл ретте, отын-энергетика кешенін жаңғыртуда, индустриялды және агроөнеркәсіп саясатын қайта қарауда,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, құрылыста және жалпы адамдардың өмір сүру дағдысында жаңа тәсілдер қажет.

Жобаға сәйкес, 2050 жылға қарай барлық көмір электр станциялары пайдаланудан шығарылады.

2060 жылға қарай жаңартылатын және баламалы энергия көздері еліміздің жалпы энергия балансының 80 пайызынан астамын құрайтын болады.

«Көміртегі бейтараптығына» қол жеткізу сценарийі мемлекет, бизнес және тұтас қоғамның бірлескен күш-жігерін көздейді.

Оның сәтті жүзепе асырылуы 1990 жылғы деңгейден 15 пайызға төмендету туралы 2030жылға дейін межеге қол жеткізіп қана қоймай, 2060 жылға қарай парниктік газдың нөлдік деңгейіне жетуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде атмосфераға шығарылатын СО2 қалдықтары 9 миллиард тоннаға дейін азаяды.

Доктрина жобасына сәйкес, бұл сценарийді іске асыру үшін елге шамамен 700 миллиард доллар қажет болады. Бұл инвестициялардың жартысы электр энергиясы мен жылу өндіру секторын жаңғырту үшін қажет.

Әрине, біз барлық сандарды мұқият санап, кіріс деректерді муқият тексеріп, құралдар жиынтығының дұрыстығына көз жеткізуіміз керек.

Айқындаушы фактор, әрине, қоғамның осы бастамаларды қолдауы болады.

Біз қазір бірқатар қадамдар жасадық. Үлкен энергетикалық көшуге дайындық үшін біз жаңа Экологиялық кодекс қабылдадық. Ол озық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

КәсІпорындарға экологиялық төлемдерден толық босату есебінен өндірістерді жаңғырту мүмкіндігі берілді.

Біз парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасыныңұлттық жүйесін қайта құрудамыз, оны тиісті халы қаралық жүйелермен үйлестірудеміз.

Отын ретінде көмірге «жасыл» балама газ болып табылады.

Елді ауқымды газдандыру жүргізілді. Бүгінде біздің 10 миллионға жуық азаматтарымыз сенімді және экологиялық таза отынға қол жеткізе алады.

Ең ірі қалаларда Алматы, Нур-Султан, Қарағандыда біз жылу электр станцияларын көмірден газға көшіру бойынша ауқымды жобаларды іске асырып жатырмыз.

2025 жылға қарай неғұрлым ластанған он қала газдандырылып, баламалы энергия көздеріне ауыстырылатын болады.

Қазақстан жаңартылатын және баламалы энергетиканы дамыту үшін зор элеуетке ие.

Біздің жоспарларымызға сэйкес, энергия теңгеріміндегі ЖЭКүлесі 2030 жылға қарай кемінде 15%-ды құрауы тиіс.

Ол үшін біз нормативтік ортаны жетілдіреміз, барынша тартымды жағдайлар жасаймыз.

Бұл салада біздің стратегиялық халықаралық әріптестерімізбен бірқатар жобаларға белгілі бір үміт артамыз.

Қазақстан «жасыл» қаржыландыруға көп көңіл бөледі. АХҚО шеңберінде «Жасыл» қаржы орталығы жұмыс істейді.

Алғашқы орналастыру өткен жылы өтті. «Даму» қазақстандық даму институты Б¥ҰДБ-мен бірлесіп «жасыл» облигацияларды сәтті орналастырды.

Биылғы жылы Қазақстан қор биржасында Қазақстандағы ЖЭК объектілерін қаржыландыру үшін Азия даму банкінің «жасыл» облигацияларының екі шығарылымы орналастырылды.

Одан әрі, Б¥Ұ мәліметтері бойынша, жаһандықжылыну мен антропогендік әсерге байланысты 2030 жылға қарай әлемдік су тапшылығы 40%-ға жетуі мүмкін.

Қазақстанның су қауіпсіздігі көбінесе трансшекаралық өзендердің гидрологиялық және экологиялық жағдайына байланысты.

Бүгінде шектес елдерден келетін су көлемініңтөмендегені байқалады.

Бұл өзендер мен көлдердіңтабиғи су теңгерімінің бұзылуына, сондай-ақ Қазақстанның бірқатар өңірлерінде экологиялық жағдайдың нашарлауына алып келеді.

БҰҰ аясында трансшекаралық су ағындарын қорғау және пайдалану мәселелерін реттейтін бірқатар халықаралық келісімдер қабылданды.

Кеңейтілген диалог пен ынтымақтастық жолымен халықаралық міндеттемелерді іс жүзіндеорындаужөніндегі күш-жігерді үйлестіру қажеттігі пісіп-жетілді деп ойлаймын.

Бұл мәселеде біз серіктестер мен халықаралық қоғамдастықтың қолдауына сенім артамыз.

Келесі. Көмірқышқыл газын сіңіруде белсенді орман өсіру маңызды рөл атқарады.

Қазақстан орманы аз мемлекеттерге жатады. Орман қорының ауданы 30 миллион гектар немесе аумақтың 11%-ын құрайды.

Биыл елді көгалдандыру бойынша ауқымды бағдарлама басталды. 2025 жылға дейін 2 млрд. ағаш отырғызылады. Бұл бастама -халықаралық резонанс тудырған, шын мәнінде, ауқымды ұлттықжобаға айналады. Жүктеліп отырған міндет өте өзекті. Сондықтан оның санын көбейтумен айналыспай және көзбояушылыққа салмай, дұрыс орындау керек.

Біз сондай-ақ Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызуды ұлғайту бойынша бағдарлама қабылдадық. 2025 жылға қарай 1,5 млн. гектарды қамтуды жоспарлап отырмыз.

Бул түрғыда өзбекдостарымызбен ынтымақтастықта жұмыс істейміз.

Қазақстан климаттық күн тәртібі бойынша жұмысты ұлттық деңгейде ғана емес, өңірлік деңгейде де белсенді жүргізуде.

Биыл Қазақстан Еуразиялықэкономикалық одаққа төрағалық етеді.

Ертең Жоғары Еуразиялық эконом икал ық кеңестің отырысында мемлекет басшылары Одақтың климаттық күн тәртібі туралы мәлімдемені қабылдауды жоспарлап отыр.

БҰҰ мен Париж келісімініңтұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін экономикалық ынтымақтастықты дамыту ниетін растау жоспарлануда.

ЕАЭО деңгейінде біз энергия тиімді тәсілдер мен технологияларды пайдалану, жаңартылатын және баламалы энергия коздерм енгізу, томен көміртекті көлікті дамыту бойынша нақты күш-жігержұмсауды жоспарлап отырмыз.

Одақ аясындағы өнеркәсіп, технология және экономика салаларындағы тығыз байланыстарды ескерсек, бірлесіп әрекет ету табыстың кепілі екені сөзсіз.

Жаһандық іс-қимыл туралы да осыны айтуға болады. Климаттыңжағдайы мен планетамыздың тағдыры - халықаралық қауымдастықтың бірлесіп атқарған жұмысына тәуелді.

Қазақстан жаһандық температуралық мақсатқа қол жеткізу жөніндегі ортақ іске өз үлесін қосуға әзір.

Бүгінгі конференция бізге нақты шешімдер қабылдауға көмектеседі деп сенемін.

Сәттіл ік тілеймін!

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Бүгінгі бас қосуда салиқалы ой-пікірлер айтылды.

Жалпы бүгінгі жиын тиімді өтті деп ойламын.

Алдымызда батыл шешімдер қабылдауды қажетететін ауқымды міндеттертұр.

Оған қомақты қаражат керек.

Шын мәнінде, бүкіл ел болып жұмылсақ, мақсатымызға жетеміз.

Осы ретте, климатқа қатысты талаптар сауда-саттық пен инвестицияға кедергі келтірмегені жөн.

Энергетикалық өзгерістер кезеңінде дамыған мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға зор жауапкершілік жүктеледі.

Бұл түрғыда олардың өзгелерге үлгі болып, көш бастауы жеткіліксіз.

Өтпелі экономикасы бар елдер көміртегі үлесін азайтуды тездетуі үшін оларға технологиялық және ресурстық қолдау көрсету қажет.

Бұл маңызды міндеттің бірі.

Үкімет жаңа бағытта, яғни климат мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға тиіс.

Осыған орай Біріккен ҰлттарҰйымының құрылымдарымен, Дүниежүзілік банкпен қарым-қатынасты нығайта түсу керек.

Халықаралық қаржы ұйымдарымен және дамыған елдердің үкіметтерімен жүмыс істеу қажет.

Мен барлық қатысушыларға, соның ішінде біздің шетелдік серіктестерімізге сіздің сын дар-лы және өте пайдалы үлесіңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Біз күш біріктіргеннен кейін түпкілікті жетістікке жететінімізге сенімдімін. Алда көп жұмыс күтуде және бұл өте қиын жұмыс болады. Бірақ, мен айтып өткендей, біз алға жүруіміз керек. Әйтпесе, біз ел ретінде стратегиял ық тұрғыдан үтыламыз. Біз жеңуіміз және оны еңсеруіміз керек. Бір қауымдастық, бір отбасы ретінде бірге алға ұмтылайық. Барлығына сәттілік тілеймін!

26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды