Экологиялық саясат

Экологиялық саясат20.04.2021

Қазақстандағы қалдықтарды басқарудың тиімділігі: проблемалар мен шешу жолдары

Татьяна Хавратова, Rodl& Раrtner халықаралық консалтингілік компаниясы

Бернар Әлихан, Rodl& Р Раrtner халықаралық консалтингілік компаниясы

Қалдықтарды басқару, әсіресе COVID-19 таралу қаупіне байланысты қабылданған карантиндік шаралар кезінде ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, урбандалу, экономикалық даму және елдер мен қалалар халқының өсуіне қарай қалдықтардың пайда болуы 2016 жылғы 2,01 миллиард тоннадан 2050 жылы 3,40 миллиард тоннаға дейін ұлғаяды. Бүгінгі таңда бұл қалдықтардың кем дегенде 33%-ы бүкіл әлемде дұрыс өңделмейді.

Қазақстанда қалдықтарды басқару мәселесі өзекті болып табылады. Бұл проблеманы шешу үшін мемлекет түрлі шаралар қабылдауда. Қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жетуі тиіс. Бизнестің жол картасы-2025 сәйкес қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, жою және кәдеге жарату саласы ел экономикасының басым секторларының тізбесіне кіреді.

Қазақстанның экологиялық заңнамасының, оның ішінде жаңа Экологиялық кодекстің енгізілуімен даму үрдістері мен өзгерістері қандай? Қабылданған шаралар тиімсіздігінің себептері қандай және оларды шешудің жолдары қандай? бұл туралы авторлардың материалында толығырақ.

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ

2018 жылы Дүниежүзілікбанкдайындаған WhataWaste 2.0:AGIobaI SnapshotofSolid Waste Managementto 2050 есебіне негізделген «Стрелка» КБ зерттеуіне сәйкес, Қазақстандамыған елдермен салыстырғанда қалдықтарды кәдеге жаратусаласында тиімсіз болып табылады.

А.Г, Бектұрова өз диссертациясында 2018 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің деректері бойынша елдегі ТҚҚ көлемі шамамен 5-6 миллион тоннаны құрағанын және 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 8млн тоннаға жетуі мүмкін екенін көрсетеді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің Қазақстанда 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебініңдеректері бойынша жинақталған қалдықтардың көлемі 125 млн. тонна ҚТҚ құрайды, жыл сайын 5 млн. тоннадан астам ҚТҚ түзіледі.

Экологтар қауымдастығының мәліметтеріне сәйкес, елімізде 3 000 полигон пайдаланылуда, оның 620-ы, яғни 18%-ы Қазақстанның санитариялықталаптарына сәйкес келмейді. Қалдықтардың көп бөлігі, әдетте, көміледі, бұл оларды кәдегежаратунемесежою мәселесін шешпейді, тек бар қалдықтардың көлемін жинақтап, проблеманы шешу мерзімін шегереді. Проблеманыңөзектілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялаған статистика айқын көрсетеді.

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Қазақстандағы қалдықтарды басқаружәне олардың айналымы мәселесі әр түрлі деңгейдегі құқықтық актілермен реттеледі. Осы жарияланым күнгі саладағы негізгі нормативтік құқықтық акт 2007жылғы Экологиялық кодекс және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 2 қаңтарда қабылданған 2021 жылғы Экологиялық кодекс болып табылады.

Төменде заңнамалық деңгейде реттелген қалдықтар айналымы саласындағы негізгі мәселелер келтірілген.

Қалдыктарға меншік құқығы. Қалдықтарға меншік құқығы және оның ауысуы 2007 жылғы Экологиялық кодекстің 283-285-баптарымен және 2021 жылғы Экологиялық кодекстің 339-340-баптарымен реттеледі. Осы жарияланым күнгі иесіз қауіпті қалдықтар мәселелері Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларымен реттеледі.Аталған Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидалары 2021 жылғы Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты жақын арада жаңа редакцияда бекітіледі.

Қалдыктарды жіктеу. 2007 жылғы Экологиялық кодекске сәйкес қалдықтарды жіктеу 286 және 287-баптарда көзделген. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы бұйрығымен қалдықтардың қауіптілік деңгейін және оларды кодтауды айқындайтын Қалдықтар сыныптамасы көзделген. Қалдықтар сыныптамасы қалдықтармен жұмыс істеу кезінде есепке алуды, бақылауды, нормалауды,тиісті қызмет түрлерін лицензиялауды, қалдықтарды трансшекаралықтасымалдауға және орналастыруға рұқсаттар беруді, табиғат қорғау құрылыстарын жобалауды және қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жүргізуді, авариялар мен апаттар туындаған кезде әлеуметтік, экономикалық, ресурстық-материалдық тәуекел мен залалды бағалауды қоса алғанда, қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінде пайдалануға арналған. 2021 жылғы Экологиялық кодекске сәйкес қалдықтарды жіктеу 338-баппен реттеледі. 2021 жылғы Экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты жақын арада қалдықтар сыныптамасы жаңа редакцияда бекітіледі деп күтілуде.

Өндірушілердін кенейтілген міндеттемелері. Кейбір басқа елдердегідей, мысалы, Ресейде, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелер институты («ӨКМ») енгізілді, ол белгілі бір тауарлардың тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасы-малдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету жөніндегі өндірушілердің (импорттаушылардың) міндеттемелерін білдіреді. 2007 жылғы Экологиялық кодексте ӨКМ және оларды іске асыру тәсілдері 41-1-тараумен, ал 2021 жылғы Экологиялық кодексте 31-тараумен реттеледі.

2007 жылғы Экологиялық кодекс шеңберінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы бұйрығымен ӨКМ қолданылатын тауарлардың тізбесі бекітілді. ӨКМ талаптары 2016жылдан бастап автокөлік құралдары мен автокомпоненттерге, 2017 жылдан бастап қағаз, картон, металл, шыны және аралас қаптамаларға, сондай-ақ электр және электрондық жабдыққа, 2019 жылғы 23 желтоқсаннан бастап ауыл шаруашылығы техникасына қолданылады. 2021 жылғы Экологиялық кодекс шеңберінде осы жарияланым күніне тізбе жаңа редакцияда әлі бекітілген жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің2015 жылғы 30желтоқсандағы қаулысымен ӨКМ қағидатын іске асыруүшін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне есеп беретін жауапты ұйым «ӨКМ Операторы» ЖШС («Оператор») құрылды. Оператор өнім (тауар) қалдықтарын кешенді басқарудыңбірыңғай жүйесін құруға және осы қалдықтарды қайталама шикізат ретінде айналымға тартуға, бизнесті кеңінен тарта отырып, қоқыс өңдеу саласын инфрақұрылымдық дамытуға жәрдемдесуге жауапты.

ӨКМ стратегиясы келесідей іске асырылады: ӨКМ-нің күші қолданылатын тауарларды өндірушілер немесе импорттаушылар оператормен шарт жасасады және мөлшері Есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін оператордың банктік шотына төлемақы енгізеді.

2007 жылғы Экологиялық кодекстің   285-2-бабына/2021 жылғы Экологиялық кодекстің 338-бабына сәйкес Оператор өзінің шотына түскен ақшаны жеке және заңды тұлғаларға өнімнен (тауардан) қалдықтарды бөлекжинау және қайта өңдеужөніндегі шығыстарды өтеуге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтемақы төлеуге, сондай-ақ Қазақстанда экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндіруді ынталандыруға, мысалы, өндірушілердіңэнергия ресурстарын пайдалануын немесеғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді қаржыландыру және өнімге сынақтар жүргізу арқылы жібереді.

Калдыктарды көму және полигондарға койылатын талаптар. 2007 жылғы Экологиялық кодекстің 43-тарауы көму полигондарына және қалдықтарды ұзақ уақыт сақтау қоймаларына қойылатын талаптарды белгілейді. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтар тізбесі бекітілді. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттіксанитариялықдәрігері ҚТҚ-ға арналған полигондарды орналастырудың және ұстаудың санитариялық қағидаларын бекітті. 2021 жылғы Экологиялық кодексте полигондарға қойылатын талаптар 25-тараумен реттелген. Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтар тізбесін жаңа редакцияда бекіту жоспарлануда.

КТКжинау, әкету, кәдеге жарату, кайта өңдеу және көму тарифтері. Қалдықтардың айналыссаласы ҚТҚжинауға,әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) Оператормен бірлесіп әзірлейтін тарифтермен реттеледі. Есептелген тарифтерді жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) түпкілікті бекітеді. Әрбір облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қала үшін өз тарифтері көзделген.

Калдықтардың түзілуі және есепке алынуы. Елді мекендерде коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің2014 жылғы 25 қарашадағы бұйрығымен реттеледі. Қалдықтарды есепке алу мақсаттары үшін табиғат пайдаланушылар және қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі бұйрығына сәйкес қалдықтарды түгендеу жөніндегі есептерді жыл сайын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне тапсыруға міндетті..

Жасыл көшеттерді сактау және корғау шаралары. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру мәселелері Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғау қағидаларымен, қалалар мен елді мекендердіңаумақтарын абаттандырудың қағидаларымен реттеледі.

КАЛДЫКТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРОБЛЕМАТИКАСЫ

Қалдықтар көлемін азайту шеңберінде Қазақстан қалдықтарды полигонда көмуге азырақ жүгінуге және қалдықтарды кәдеге жаратудың, мысалы, оларды қайта өңдеу сияқты баламалы тәсілдерін көбірек пайдалануға ұмтылуда. Қайта өңдеу мәселесі қалдықтарды басқаружүйесіндегі неғұрлым кешендіжәне маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Экология, геологияжәнетабиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің2019 жылы атқарылған жұмыстартуралы есебіне сәйкес елімізде 125 млн. тонна ҚТҚ жинақталған, жыл сайын 5 млн. тоннадан астам ҚТҚ түзіледі. Қазақстанда полигондардың қуаты жеткіліксіз, ал полигондардың 83%-ы экологиялық және санитариялық нормаларға сәйкес келмейді және шын мәнінде, санкцияланбаған қоқысүйінділері болып табылады. Электрондықүкіметтің ресми сайтында жарияланған қалдықтарды қысқарту, қайта өңдеу және қайталама пайдалану туралы  ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама бекітілген сәттен бастап Қазақстанда ҚТҚ қайта өңдеу саласында өзге де нәтижелерге қол жеткізілді:

Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

•  2016 жылдан бастап полигондарда құрамында сынабы бар шамдар мен аспаптарды, металл сынықтарын, пайдаланылған майлар мен сұйықтықтарды, батареяларды және электрондық қалдықтарды көмуге тыйым салынады;

•         2019 жылғы 1 қаңтарданбастап пластмассаны, макулатураны, картонды және қағаз қалдықтарын, сондай-ақ шыныны көмуге тыйым салу күшіне енді,

Қайталама шикізатты жинау, тасымалдау және қайта өңдеу шығындарын өтеу 2016-2018 жылдары 50-ден астам кәсіпорын жалпы сомасы 7 млрд, теңгеге өтемақы алды, жиналған және қайта өңделген автокомпоненттер көлемі 100553 тоннаны құрады,

Жаңа кәсіпорындар

• Алматы қаласында қуаты жылына 5,4 мыңтонна пайдаланылған антифриздерді кәдеге жарату жөніндегі 1 кәсіпорын;

• Павлодар қаласында қуаты жылына 3 мыңтонна пайдаланылған аккумулятор батареяларын кәдеге жарату жөніндегі 1 кәсіпорын;

• Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында жалпы қуаты жылына 20 мың тоннадан астам пайдаланылған майларды кәдеге жарату жөніндегі 2 кәсіпорын;

• Талдықорған, Алматы, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Атырау және Қарағанды облыстарында жиынтық қуаты жылына 16 мың тонна тозған шиналарды кәдеге жарату жөніндегі 8 кәсіпорын.

Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы инфрақұрылым

• Қазақстанның бірқатар облыстары мен қалаларында, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда 9112 контейнер,оның ішінде электрондық  және электр қалдықтарын жинауға арналған 346 контейнер, құрамында сынабы бар шамдар мен химиялық қоректендіру көздерін жинауға арналған 2321 контейнер орнатылды;

• 99 қайталама шикізат пункті және электрондық әрі электр қалдықтарын жинау бойынша 39 пункт орнатылды, 204 қала мен ауданнан әр түрлі кезең дерде бөлек жинау 51 елді мекенге, ал сұрыптау 30 елді мекенге енгізілді;

• Маңғыстау облысында қуаты жылына 50 мыңтонна қалдықтарды сұрыптау станциясы іске қосылды, Өскемен қаласында қуаты жылына 100 мың тонна сұрыптау желісі орнатылды және Орал қаласында ҚТҚ полигонында қуаты жылына 100 мың тонна қоқыс сұрыптау кешені іске қосылды,

Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар ҚТҚөңдеу үлесін2,6%-дан (2016жыл) 11,51%-ға дейін (2018 жыл) арттыруға мүмкіндік берді, Алайда, мұндай көрсеткіш өңдеуүлесі 30%-дан асатын дамыған елдерге қарағанда әлі де айтарлықтай төмен,

Бүгінгі таңда Қазақстанда қайта өңдеуүлесі төмен болуының, ал қалдықтарды басқару жүйесі тиімсіз жұмыс істеуінің көптеген себептері бар және олардың барлығы бір-бірімен қандай да бір түрде тығыз байланысты, Негізгілерініңарасында (1) ҚТҚ жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге төмен тарифтер, (2) қалдықтарды тиісті сұрыптаудың болмауы, (3) саланы қаржыландырудың болмауы, (4) бәсекелестік ортаның болмауы, (5) қайталама шикізат нарығының дамымауы және (6) жүйелік проблема сияқты проблемаларды белгілеуге болады,

ҚТҚ жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, кайта өңдеуге және көмуге төмен тарифтер. Жоғарыда айтылғандай, қалдықтардың айналымы жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) бекіткен тарифтермен реттеледі, 2-суретте 2020 жылға бекітілген Қазақстанның негізгі облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалары бойынша қоқыс шығару қызметтерінің тарифтік жоспары келтірілген.

Белгіленген тарифтерге сәйкес халықтөлейтін төлемдер қоқыс шығаратын компаниялардың ҚТҚ шығару және кәдеге жарату шығындарының негізгі өтемақысы болып табылады, Бүгінгі таңда бұл тарифтер, 3-суретте көрсетілгендей, өте төмен және, әдетте, қалдықтарды шығару және кәдеге жарату шығындарын тіпті өтемейді, Бұл кәсіпкерлер тарапынан осы салаға қызығушылықтың өсуіне ықпал етпейді.

Калдыктарды тиісті сұрыптаудын болмауы.

Елде қалдықтарды қайта өңдеудіңжоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуүшін бірінші кезекте қалдықтарды дұрыс сұрыптаужәне қалдықтарды бөлекжинауды практикаға енгізу қажет, «LS-КОКSНЕТАU» ЖШС, қайталама шикізатты жинауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын компания директоры Сергей Лущинскийдің айтуынша, қоқыс сұрыптау кешеніне алдын ала сұрыпталған қоқыс келіп түскен кезде ол 50%-ға дейін қайта өңделуі мүмкін, қоқысты алдын ала сұрыптау болмаған кезде қайта өңдеу көрсеткіші бар болғаны 5-7%-ды құрайды.

«Қазақпарат» агенттігі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып атап өткендей, «бүгінгі таңда республика бойынша 204 қала мен ауданнан бөлекжинау түрлі кезеңдерде 51 елді мекенде, ал сұрыптау 28 елді мекенде (11 сұрыптау желісі, 17 ҚТҚ полигондарында қолмен сұрыптау) енгізілді» (ҚазАқпарат, «Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуұлғайды», 2019), Дегенмен, қалдықтарды бөлекжинауүшін контейнерлер орнатылғанына, халықпен ақпараттық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, жалпы елдегі халықтың экологиялық мәдениеті төмен деңгейде қалып отыр,

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505,1-бабына сәйкес қалалар мен елді мекендердіңаумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзғаны, жасыл екпелерін жойғаны және зақымдағаны үшін ескерту немесе жекетұлғаларға кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай 20 АЕК және заңды тұлғаларға 30 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілікжауапкершілік көзделген, Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзуға сонымен қатар рұқсат етілмеген жерде қоқыс шығару жатады, Бүгінгі күні аталған құқық бұзушылықтарды тіркеудің тетігі болмағандықтан, норма практикада не жеткілікті тиімді жұмыс істемейді, не мүлде жұмыс істемейді,

Э,      Нерингтің пікірінше, Қазақстанда экологиялық білімнің жоқтығы сұрыптауды тиімсіз етеді: мектептерде қоқысты сұрыптау пробле\

масына жеткілікті көңіл бөлінбейді. Қоқысты тиімсіз сұрыптауда автоматтандырылған сұрыптаудың болмауы маңызды рөл атқарады: адамдар қоқыстың қайта өңделетініне немесе «стихиялық полигонға»жіберілетініне сенімсіз болғандықтан, олардың көпшілігі қоқысты бөлудің мағынасын көрмейді.

Саланы каржыландырудын болмауы.

Қазіргі кезеңде Қазақстан қалдықтарды кәдеге жарату саласында шетелдік инвестицияларсыз дамыған елдермен бәсекеге түсе алмайтыны анық. Алайда, қайта өңдеуүшін қалдықтар мен қайталама шикізаттыңелеулі көлеміне қарамастан, шетелдік инвесторлар осы кезеңде қалдықтарды қайта өңдеудің қазақстандық саласына инвестициялауға дайын емес. Қазақстандағы «қоқыс бизнесінің» негізін қалаушы Егор Зингердің айтуынша, проблема «қоқыс бизнесімен» айналысатын бизнесмендер үшін төмен тарифтерден басқа қандай да бір артықшылықтар көзделмегендігінде, ал экологиялық бизнес-жобаларды мемлекеттік қолдау декларативті сипатта болуында. Осылайша, ол өзінің сұхбатында: «Мысалы, несиені алайық. Қазақстандық банктердің мөлшерлемелері бүгінде жылдық 12%-ды құрайды, ал Скандинавия елдерінде ол 3%-дан аспайды. Ал егер экологиямен байланысты жобалар туралы сөз болса, онда несие 0,5% мөлшерлемесімен беріледі! Біздің банк жүйесінде ондай цифрлар жоқ бірде-бір қаржыгер Сізге осындай еңтөменгі мөлшерлеме бойынша кредит бермейді!» деп мәлімдейді (Егор Зингер, «Неліктен «қоқыс бизнесі» Қазақстанда Батыстағыдай дамымаған? 1-бөлім», 02.05.2019).

Бәсекелестік ортанын болмауы. Еуропалық тәжірибе қоқысты қайта өңдеусаласында жоғары нәтижелерге, әдетте, жеке компаниялар есебінен қол жеткізілетіндігін көрсетеді. «Damu RG» зерттеу тобы»ЖШС есебіне сәйкес, Қазақстанда қалдықтармен жұмыс істеу саласы негізінен тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, ал жеке бастама өте шектеулі, бұл нарықтағы табиғи бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіреді. Экологтар қауымдастығыныңзерттеуіне сәйкес, Қазақстанның ірі қалаларында қалдықтарды қайтаөңдеуүлесі жоғары, өйткені қалдықтарды жинау және оларды одан әрі қайта өңдеу саласында басқа да факторлардан басқа жеке құрылымдар көбіректартылған.

Кайталама шикізат нарығыныңдамымауы.

Қалдықтарды қайта өңдеусаласыныңдамуын айқындайтын аса маңызды факторлардың бірі, басқаларымен қатар қайталама қалдықтар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс болып табылады. «Damu RG» зерттеу тобы» ЖШС есебіне сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстандағы көптеген қайта өңдеушілер қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған шикізатты өткізу проблемасына тап болып отыр. «Damu RG» зерттеу тобы» ЖШС өз есебінде былай деп көрсетеді: «... дамыған шет елдерде бүгінгі таңда түрлі ықпал ету тетіктері қолданылады - жаңа тауарлар шығару кезінде қайталама шикізатты міндетті түрде қолданужөніндегі талаптар (пайызбен) және осындай өндірістерге жеңілдікпен кредит беру».Аталған шараларды қолдану Қазақстанда да оң нәтиже беруі мүмкін.

Жүйелікмәселе. Бүгінгі таңда Қазақстанда қалдықтарды басқару мәселелерін Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдықдаму министрлігі және т.б. сияқты бірнеше министрлік реттейді. «Damu RG» зерттеутобы» ЖШС өз есебінде: «...Еуропа елдерінде ТҚҚ-мен жұмыс істеу саласындағы басқарумен байланысты барлық қызметті қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттіктер жүзеге асырады», деп көрсетеді. Қалдықтармен жұмыс істеужүйесін реттеу мәселелерін өзара ерекше байланысы жоқ бірнеше министрліктер арасында бөлу көбінесетиімді реттеу процесін қиындатады.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚКОДЕКСТІҢДАМУ ҮРДІСТЕРІ MEH ӨЗГЕРІСТЁРТШ

Ел қалдықтарды кәдегежаратумәселесін салыстырмалы түрде жақында белсенді дамыта бастағандықтан, Қазақстанныңэкология мәселелері, оның ішінде қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері жөніндегі заңнамасы үнемі пысықталып, жетілдіріліп отырады. Соңғы өзгерістердің ішінде ең маңызды ретінде 2020 жылғы 9 қарашада Экологиялық кодекске және басқа да құқықтық актілерге қабылданған және 2020 жылғы 21 қарашада күшіне енген Waste-to-energy қағидатын енгізу бойынша өзгерістер атап өткен жөн. Өзгерістермен қалдықтардың көлемін азайтужәне кейіннен энергия алу мақсатында оларды термиялық өңдеу түрінде энергетикалық кәдеге жарату мүмкіндігі көзделген. Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтар тізбесіне енгізілмеген қалдықтар ғана өртеуге жатады.

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату бағытын қолдаутетігі ретіндезаңнамада шет елдермен ұқсастықбойынша «КЕСОС» АҚ жанынан құрылған жаңартылатын энергия көздерін қолдаужөніндегі есеп айырысу қаржы орталығының қоқыс жағатын кәсіпорындар өндірген электр энергиясын кепілді сатып алуы көзделген. Есеп айырысу қаржы орталығы сауда-саттық барысында белгіленген бағалар бойынша станцияда шығарылған энергия көлемін сатып алады деп болжануда. Бұл ретте бағалар жыл сайын тұтыну бағалары мен теңге бағамына қарай индекстеледі. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясының шекті аукциондық бағаларын, оларды айқындау қағидаларын және энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін таяууақытта уәкілетті органдар бекітуі тиіс.

Қоқыс жағатын зауыттар қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету мақсатында оларға еуропалықстандарттарға негізделген бірқатарталаптар белгіленген. 2021 жылғы Экологиялық кодекстің қабылдануымен аталған ережелер, атап айтқанда, 2021 жылғы Экологиялық кодекстің 324-бабында инкорпорацияланған.

Қабылданған өзгерістер елдегі ҚТҚ мен полигондардыңсанын қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақтұтастай алғанда, Қазақстанның экологиясы мен экономикасына оңәсерін тигізеді деп күтілуде.

2021 жылғы жаңа Экологиялық кодекстің новеллалары қоршаған ортаныңластануы, эмиссиялардың шығарылуы, экологиялық рұқсаттар және кәсіпорындардыңжаңа технологияларды енгізуі мәселелеріне көбірек бағытталған. Қалдықтармен жұмыс істеу саласында, басқалармен қатар, мынадай негізгі өзгерістер көзделген: біріншісіне ерекше талаптарды белгілеу мақсатында қалдықтарды басқару жөніндегі ұйымдарды басқа субъектілерден ажырату; қалдықтардың пайда болу көзінен бөліну мақсатында олардың иерархиясы қағидатын енгізу; қалдықтардың кейбіртүрлерін сақтау және жинақтау мерзімдерін ұлғайту; қалдықтарды «сұрыптау» және «өңдеу» ұғымдарын нақтылау; сондай-ақ қалдықтарға меншік құқығының қалдықтарды басқару жөніндегі ұйымдарға көшу сәті.

Көзделген өзгерістер Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемаларға оң әсер етуі тиіс, бұл, өз кезегінде, халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығына, қоршаған ортаны сауықтыруға және оны ұқыпты пайдалану мәдениетін дамытуға, сондай-ақ ел экономикасының дамуына оң әсер етеді.

Біздің команда экологиялықзаңнама мәселелері бойынша клиенттерге кеңес беруде бай тәжірибеге ие және біз қолданыстағы талаптар мен заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарланған өзгерістер шеңберінде әлеуетті тәуекелдермен жәнежаңа мүмкіндіктермен байланысты кез келген мәселелерде Сізге қолдау көрсетуге қуаныштымыз.

Пайдаланылған материалдар тізімі:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

3. «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI кодексі

4. «КБ Стрелка», «Әлемдік тәжірибе: қалдықтармен тиімді жұмыс істеудің алты мысалы», 30.12.2019

5. А.Г. Бектұрова, «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару саласындағы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетілдіру мәселелері», 2018

6. Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы, «Қазақстандағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесі», 14.07.2020

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті, Қалдықтарды түпкілікті жою, 01.06.2020,

8.Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы, «Қазақстандағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесі», 14.07.2020

9. «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III кодексі

10. «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығы

11. «Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 169-п бұйрығы

12. «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1137 қаулысы

13. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама

14. «КБ Стрелка», «Әлемдік тәжірибе: қалдықтармен тиімді жұмыс істеудің алты мысалы», 30.12.2019

15. «Damu RG» зерттеу тобы» ЖШС, «Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін енгізу» маркетингтік зерттеу нәтижелері бойынша есеп, 2018

30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді