Сарапшылардың пікірі

Сарапшылардың пікірі06.05.2022

Ерлан Дайырбеков: ЖЭК-ке көшу - жалпы әлемдік үрдіс

ЖЭК ШАҒЫН КӨЛЕМДІ ЖОБАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТҰТЫНУШЫЛАР ҮШІН КӨПТЕГЕН ОҢ АСПЕКТІЛЕРГЕ ИЕ - САРАПШЫ ПІКІРІ

-    Б¥¥ДБ-ҒЭҚ«ЖЭК-ке инвестициялау тәуекелдерін төмендету» жобасы Қазақстан- да соңғы бірнеше жыл бойы жұмыіс істеп келеді. Жоба бойынша қандай міндеттер қойылды және неге қол жеткізілді?

-    «ЖЭК-ке инвестициялау тәуекелдерін төмендету» жобасы — бұл Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және ҚР Энергетика министрлігінің бірлескен бастамасы, оны Ғаламдык, экологиялық, қор (ҒЭҚ) қаржыландырады. Жобаның жалпы бюджеті 4,6 млн АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 2 млн АҚШ доллары шағын және орта бизнесті ынталандыруға көзделген.

Жоба міндеттерініңбірі - Энергетика министрлігіне жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) қолдауға қатысты елдің заңнамасын әзірлеу мен оған өзгерістер енгізуге қолдау көрсету, сондай-ақ ЖЭК технологияларын өз мұқтаждары үшін пайдалануға мүдделі ШОБүшін пилоттық тетіктерді енгізу. пилоттық жобалар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп іске асырылуда, ол сондай-ақ БҰҰДБ және «Даму» арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісім шеңберінде жобаның серіктесі болып табылады.

Бастаманың маңызды жетістіктерінің бірі «Дайын құжаттамамен ЖЭК аукцио­ны» пилоттық жобасын ұсыну және іске асыру болып табылады (ағылш. site-specific RE auction). Бұл тетіктің мәні мынада: бәсекелес бола отырып, қатысушылар сатып алуға жоспарланған энергияның аталған көлеміне және әлеуетті инвестор болжайтын объект құрылысының орналасқан жеріне сүйене отырып, «жасыл» энергияның кВт*сағатына ең аз тариф ұсынады. Объектіні «болжамды» орналастыру инвестор үшін қосымша тәуекелдерді көтереді,оларды аукционға қатысушылар өндірілетін энергия кұнында көздеуі тиіс. Мысалы, аумақтың өз ерекшеліктері болуы мүмкін (батпақты жер, аумақтағы ЭБЖ және т. б.), бұл инвестор үшін қосымша шығыстарға, жобаны іске асырудың қымбаттауына әкеп соқтырады және сауда-саттық барысында тариф бағасы төмендеген кезде оны шектейді.

Бұл тетік өзін табысты ретінде көрсетті, енді ҚР Экономика министрлігі оны өз бетінше қолданады.

Жобаның тағы бір перспективалы бағыты ЖЭК жобалары үшін қаржы кұралдарын әзірлеу және енгізу болып табылады. Қазақстанда 2020 жылы алғаш рет шығарылған субсидиялау құралдары мен «жасыл» облигациялар туралы сөз болып отыр. Алғашқы «жасыл» облигацияларды шығару және орналастыру арқылы «Даму» қоры нарықтан екінші деңгейдегі банктер арқылы ЖЭК жобаларын қаржыландыруға қаражаттартты. Бұдан әрі бұл қаражат ЖЭК жобаларын іске асыратын

ШОБ субъектілерін қаржыландыруға бағытталды.

БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасының бұл үдерістегі рөлі ЖЭК шағын генерациясының ықтимал жобаларын жіктеу және іріктеу, таксонамия деп аталатын каталогты кұру болды. Осылайша, тартылған қара- жаттың бастапқы арзандауы екінші деңгейдегі банктерге соңғы қарыз алушыға, яғни ШОБ-қа жеңілдікті шарттармен қаражат беруге мүмкіндік берді.

Осындай «жасыл» инвестициялардың арқасында Түркістан облысында куаттылығы 1 МВт күн электр станциясы іске қосылды.

БҰҰДБ қолдауымен шығарылған «жасыл» облигациялар елдің энергия тиімділігі, парниктік газдар шығарындыларын азайту және ЖЭК үлесін арттыруға негізделген төмен көміртекті экономикаға көшуінің тағы бір қадамы болып табылады. Олар сондай-ақ елдің экологиялык, мақсаттарына қол жеткізуге - баламалы және жаңартылатын электр энергиясыныңүлесін 2050 жылға қарай өндірілетін энергияның жалпы деңгейінің 50%-на дейін арттыруға ықпал етеді.

-    Б¥¥ДБ-ҒЭҚ жобасы кәсіби ортада, ең алдымен, шағын көлемді ЖЭК дамуымен байланыстырылады. Жобада осы сегментті дамыту үшін нормативтік-құқықтық өзгерістерді дайындау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Таратылған генерацияны дамытудың артықшылықтары қандай? Әзірленген шаралар неліктен мемлекеттік органдардан қолдау таба алмайды?

Қазіргі уақытта энергетика секторын орталықсыздандырудың әлемдік тренді байқалады. ЖЭК-ке көшу - жалпы әлемдік үрдіс және оның дамуына технологияларды жетілдіру, қаржылық мүмкіндіктер мен ынталандырудың түрлі -    бағдарламаларының қолжетімділігі, сондай-ақ халықтың экология мәселелерінде хабардар болуы ықпал етеді.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, 2018 жылы шатырлы күн қондырғыларының жалпы белгіленген қуаты (қуаттылығы 10 кВт-қа дейін) 58 ГВт-қа жетті және 2024 жылға қарай бұл көрсеткіш 2,5 есе артады деп жоспарлануда.

Мысалы, Германияда лінген генерацияның (КЭС) жалпы қуаты 33 ГВт құрады, бұл ретте үй қондырғыларының белгіленген қуаты 6,5 ГВт құрады, ал шағын және орта бизнес өз мұқтаждықтары үшін белгілейтін коммерциялық және өнеркәсіптік қондырғылардың куаты - 26,5 ГВт (елдің күн станцияларының жалпы белгіленген қуатының 60%-дан астамы) құрады.

Жапонияда 34 ГВт, оның ішінде 9 ГВт - үй қондырғылары, Италияда 16 ГВт, оның ішінде 4,2 ГВт-үй қондырғылары. Бұл рет­те келтірілген деректер электр энергиясымен жабдықтау секто­ры үшін ғана өзекті.

Коммерциялық және өнеркәсіптік, сондай-ақ үй шаруашылықтарына арналған қондырғылардың орталықтандырылмаған жүйелерінің жалпы белгіленген қуатын арттыру бойынша тұрақты тренд қалыптасқаны анық.

Айта кету керек, тұтынушылар үшін шағын ЖЭК жобаларын пайдалану көптеген жағымды аспектілерге ие. Біріншіден, өндірілетін электр энергиясының құны энергия тасымалдаушылардың құнына байланысты болмайды. Екіншіден, энергия тұтынуды азайту, нәтижесінде - орта және ұзақ мерзімді перспективада ресурстарды үнемдеу. Үшіншіден, өмір сүру жайлылығы мен өрт қауіпсіздігін жақсарту.

Әрине, электр/жылу энергиясы құнының ағымдағы деңгейінде мұндай жүйелерді пайдалану арнайы қолдау шараларынсыз экономикалық жағынан тиімсіз, бірақ орта мерзімді перспективада осы жүйелерді қолдану өзін-өзі ақтайды.

Таратушы аймақтық электр желісін модельдеу өте қызықты нәтижелер көрсетті. Осылайша, күн электр станцияларының үй қондырғыларын электр желісіне қосу облыс көлемінде желінің сенімділігін арттыруға, артық жүктелген тораптарды түсіруге және электр энергиясының шығынын азайтуға ықпал етеді. Бұл ретте шатырлы күн қондырғыларының жобаларын енгізу елдің үй шаруашылықтарының небәрі 5-10%-ы қуаттылығы 500-1000 МВт болатын ірі ЖЭО-ның қурылысына баламалы болады.

Ұсынылған шаралардың кейбірі әзірше қолдау таппаған, бул, бір жағынан, осы сегменттердегі ЖЭК қуаттарының әлеуетті көлемдері және барлық мүдделі тараптар - халық, бизнес-қоғамдастық және мемлекет үшін түпкілікті пайда ретінде жалпы түсінбеушілікпен, ал екінші жағынан - энергетика секторындағы қолданыстағы тариф белгілеу жүйесімен және атаулы әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігімен бай­ланысты болуы мүмкін көмек. Ел 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша мақсаттар қойғанын атап өту маңызды. Алайда, егер ыстық сумен жабдықтау және жылыту мақсатында түрлі ЖЭК және энергия тиімділігі технологияларын кеңінен қолдануды ынталандырмаса,үй шаруа- шылығы сегментін, әсіресе ауылдық жерлерде, көміртегі бейтарап етуге болмайды. Мәселен, Ұлттық статистика бюросының деректері бойын­ша «ауылдық жерлерде орталық ыстық сумен жабдықтау және жылыту» көрсеткіштері бойынша абаттандыру деңгейі бар болғаны 3-4%-ды қурайды.

Бөлінген генерация бо­йынша жобалар - жеке және автономды жүйелерді жылумен жабдықтау секторын көмір- тексіздендірудің жалғыз мүмкін және экономикалықтурғы- дан орынды тәсілі (ауылдық жерлерде жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған желілерінің жобалары іс жүзінде іске асырылмайды). 

Бастапқы кезеңде және қыісқа мерзімді перспективада бөлінген генерациялау жөніндегі жобаларды іске асыру үшін нысаналы индикаторларды, оның ішінде электрэнергиясын өндірудегі ЖЭК үлесі сияқтыі жылумен жабдықтау секторы үшін белгілеу талап етіледі. Нақтыі және түсінікті нысаналы индикаторлар, біріншіден,ПГ шығарындыларын 2030 жылға дейін қысқарту және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендету бойынша жалпы елдік мақсатқа қол жеткізуді мониторингтеуге; екіншіден, ынталандырудың түрлі шараларын жоспарлауға және енгізуге мүмкіндік береді, бұл ұзақ мерзімді перспективада үй шаруашылықтары сегментінде және орталық желілермен жабылмаған жергілікті жердегі жылумен жабдықтау секторында 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жоспарлы жақындауға мүмкіндік береді.

-    Дамуға бағытталған кез келген институттың немесе жобаның міндеті - дайын шешімді дайын күйінде әзірлеу және оны әрі қарай пайдала- ну немесе масштабтауүшін реципиентке қалдыру. Дайын құжаттамасы бар аукциондарда және «Даму» арқылы ЖЭК технологияларын енгізуүшін мөлшерлемелерді субсидиялау жөніндегі шараларды іске асыруда осындай түсінік бар ма?

-    Біздің жобамызда шығу стратегиясын әзірлеу бойынша міндеттер бар, мысалы, дайын құжаттамасы бар аукциондар жағдайында.Жоба осындай аукциондарды әзірлеу/дайындау және өткізу тетігін дайындап, «ҚЕАО» ЖШС-ға тапсырды, енді ҚЕАО осы бағытта өзі жұмыіс жүргізуде. «Жасыл» облигациялардың тестілік шығарылымынан кейін «Даму» қорымен бірлесіп НҚА-ға мемлекет тарапынан «жасыл» облигацияларды субсидиялау жөніндегі нормалар енгізілгенін байқауға болады. Сондай-ақ, жобаның ШОБ қолдаудың қаржылық тетіктерінен шығужәнететіктің өзін «Даму» қорыіна беру стратегиясы әзірленуде. Бұл үшін жоба командасы «жасыл» жобаларды (ЖЭК және ЭЭ) қаржыландыру мәселелері бойынша қор персоналын оқыту бойынша үнемі жұмыіс жүргізеді.

-    Біздің білуімізше, жақында жобаны басқару жөніндегі комитеттің отырысы өтті. Қандай шешімдер қабылданды? Б¥ҰДБ мен ҒЭҚ жобасының донорлары оның аралық нәтижелерін қалай бағалайды?

-    БҰҰДБ жобаның доноры болып табылмайтынын, бірақ оны ҒЭҚ қаржыландыруы арқылы енгізумен айналысатынын атап өту маңызды.Ұлттық әріптестер жобаның ЖЭК секторын одан әрі дамытуға оң әсерін, соның ішінде ЖЭК шағын ауқымды жобаларының сегментін жоғары бағалады.

Жоба серіктестерімен бірлесіп келесі бағыттар бойынша жұмысты жалғастырады: ЖЭК қолдаутуралы заңнаманы жетілдіру және «Даму» қорымен бірлесіп қаржы құралдарын тестілеу.

Сонымен қатар, отырыста жобаны бақылау комитетінің мүшелері қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдерді қайта бөлу тетігін әзірлеуді ұсынды. Бұл жерде жаңа редакциядағы ҚР Экологиялық, кодексінің қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер экологиялық, мәселелерді толық, көлемде шешуге бағытталуы тиіс деген талабын атап өткен жөн. Бұған дейін мұндай талап болған жоқ және әкімдіктер бұл ақшаны өз аумақтарында кез келген басқа іс-шараларға жұмсай алды.

Өз кезегінде, біз әкімдіктер үшін іс-қимыл жоспарын, әдісна- маны немесе тетікті әзірлеуге, осы төлемдерді ЖЭК және ЭЭ жобаларын іске асыру бойынша «жасыл» іс-шараларға қайта бағыттауға көмектесеміз.

Қазір «жасыл» жобаларды жүзеге асыруүшін және ыіқтимал пилот ретінде Алматы облысы қарастырылуда.

-    Маңызды шешімдердің бірі жобаны бір жарым жылға ұзарту болып табылады. Жоба­ны жүзеге асыру үшін қалған уақыт аясында қандай міндеттер қояды?

- Жобаны іске асырудың қалған уақытында қаржыі тетіктері мен құралдарын тестілеу; түрлі нысаналы топтар үшін ЖЭК саласындағы хабардарлықты және білім деңгейін арттыру бойынша түрлі іс-шараларды өткізу; «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп, шығу стратегиясын ресмилендіру жалғастырылады.

- Сұхбатыңыз үшін рахмет. 

 

01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды