Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары01.05.2024

Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды

QAZAQ GREEN. Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан энергетика министрліктерінің басшылары Ташкент халықаралық инвестициялық форумы шеңберінде республикалардың энергетикалық жүйелерін жүйеаралық біріктіру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қол қойылған меморандумның мақсаты Әзірбайжан, Қазақстан және Өзбекстанның энергетикалық жүйелерін жүйеаралық қосу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде ынтымақтастықтың негізгі шарттарын айқындау болып табылады. Құжат қатысушылардың Әзірбайжаннан, Қазақстаннан және Өзбекстаннан техникалық және экономикалық тұрғыдан ең оңтайлы жасыл энергия саудасын жүзеге асыра отырып, Каспий теңізінің түбіне және басқа елдердің аумағына жоғары вольтты кабель төсеу арқылы энергия жүйелерін қосу мүмкіндіктерін зерделеуге ниетті екенін көрсетеді.


Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін Каспий түбіне терең су кабелін төсеудің техникалық тапсырмасының жобасы қалыптасқанын атап өтті.

«Техникалық тапсырма шеңберінде халықаралық трансмиссиялық дәліздерді (қаржыландыру, кірістер ағыны және иелік ету) дамыту және Еуропалық Одақ елдеріне жасыл энергияны сату үшін болжамды бизнес-модель әзірленетін болады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде үш елдің энергетика министрліктері арасында Әзірбайжан, Қазақстан және Өзбекстанның энергетикалық жүйелерін жүйеаралық қосу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум жобасы пысықталды», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Қазақстан Энергетика министрлігі басшысының мәліметінше, бүгінгі таңда осы жобаны іске асырудың базалық тәсілдері талқыланып, келісілді және қазақстандық ведомство одан әрі толыққанды өзара іс-қимылға толық дайын.

20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр