Сарапшылардың пікірі

Сарапшылардың пікірі21.04.2021

ЖЭК объектілерінің өндіруін болжау: проблемалар мен шешу жолдары

Жомарт Момынбаев,MBA, «InTech-Forecast» жобасының жетекшісі, «Заманауи Инновациялық Технологиялар» ЖШС директоры

ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруін болжаудың өзекті мәселелері

Қазақстан Республикасы қуаттары балансының негізін ұлттық маңызы бар 8 электр станциясы және өнеркәсіптік маңызы бар 7 электр станциясы құрайды. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр қуатының болжамды балансын жүктеменің біріктірілген максимумының сағатына есептеу Қазақстан Республикасының қолда бар генерация қуатына ЖЭК пайдаланатын станциялардың қуаты қосылмайды деген болжам кезінде жүргізіледі, Негізгі себеп — ЖЭК көздерінен электр энергиясын жеткізудің сенімсіздігі және тәуліктік әркелкілігі, Қуаттың берілу тұрақсыздығы салдарынан ЖЭК станциялары ҚР Ұлттық электр желісінің Жүйелік операторы («КЕGОС»АҚ) үшін өте түрақсыздандырушы фактор болып табылады.

Баланстар және резервтер

2020 жылы ЖЭК пайдаланатын жұмыс істеп түрған станцияларды теңгерімдеу үшін маневрлік қуатқа нормативтік қажеттілік 260 МВт құрады, Егер алдағы жылдары «жасыл энергетика» секторын теңгерімдеу үшін маневрлік қуатқа деген қажеттілік З есе артса, онда маневрлік қуаттардың барлық резерві түгесіліп,Ұлттық электр желісінің жұмыс істеуі айтарлықтай нашарлайды.

Жекелеген дербес энергетикалық жобалар ретінде маневрлік генерацияны дамытумен бірге «КЕСОС» АҚЖЭК объектілерін желіге қосуға арналған техникалық шарттарға ЖЭК-тің2 МВт-тан маневрлік қуатының 1 МВт-қа арақатынасындағы маневрлік көздерді ұсынуды енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді, Дәл осындай механизм бойынша аукциондық механизмнен тыс іске асырылатын «Балқаш» 50 МВт КЭС бірінші кезеңінің желісіне қосуға ТШ алынды, Бұл ретте Жүйелік оператор маневрлік қуатты ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудыжүзеге асырады, бірақ бұл төлем ЖҚАР (жиілік пен қуатты автоматты реттеу) жүйесін орнатуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындардың бір бөлігін ғана өтейді.

ЖЭК-тің ҚР-дағы БЭЖ-ге түрақсыздандыратын әсерін төмендетуүшін ЖЭК станцияларының бір тәулік ішінде және одан артық электр энергиясын өндіру жөніндегі мәлімделген жоспарларды сақтауы да өзекті мәселе болып табылады, Электр желілік қағидаларға сәйкес нақты генерация мәлімделген жоспардан +/-10% ауытқымауы тиіс, Дәстүрлі станциялар үшін бұл норма қатаң реттеледі, бірақ ЖЭК-ке қатысты жуырда аяқталуы мүмкін жеңілдіктер болды, «ЖЭК дамытуды қолдау туралы» ҚР Заңында екі сәт ЖЭК-тен электр энергиясын бастапқы диспетчерлендіру және РФО тарапынан теңгерімсіздіктерді коммерциялық реттеу көрсетіледі, Бұл ретте ЖЭК объектілері өндірудің жоспарлы мәндерін сақтамаған жағдайда Жүйелік оператордың қуат беруге желілік шектеулер қоюға құқығы жоқ деп еш жерде айтылмайды.

Болжаудың екі моделі

ЖЭК-тен электр энергиясын өндіруді болжауды ұйымдастырудың екі моделі бар орталықтандырылмаған, Еуропада қолданылады және орталықтандырылған, Қытайда қолданылады, Орталықтандырылмаған модельде жаңартылатын энергия көздері ауа-райы мен өндірісті өздері болжайды және болжау нәтижелеріне жауап береді, Орталықтандырылған модельде Жүйелік оператор (State Grid of China) барлық станцияларға ауа райы болжамын ұсынады және болжамдардың дәлдігіне жауап береді, Сонымен бірге, егер бұл желі режимдерінің тұрақтылығына әсер етсе, ол ЖЭК станцияларынан өндірісті баяу шектейді,

Қазақстанда электр энергиясын өндіру бойынша болжамдарды реттеудің орталықсыздандырылған моделі негізге алынды, бұл ретте инвесторларды тарту және ЖЭК нарығын дамыту кезеңінде мәлімделген режимдерді сақтау мәселесі «жасыл энергетика» өкілдерін қатты мазаламады. Алайда, қазірдің өзінде Жүйелік оператор болжамды деректер мен нақты әзірлемелердің сәйкессіздігі проблемасымен бетпе-бет келуде. ЖЭК объектілерінің жауапкершілігі электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын қолданысқа енгізу және ЖЭК жобаларының өсуі кезінде ғана күшейеді, бұл олардың қаржылық және техникалық модельдерін түзету қажеттілігіне алып келуі мүмкін.

Қазіргі уақытта ЖЭК станциялары тарихи деректер мен алынатын метеожағдайларды тәулік ішінде және одан да көп бұрын электр энергиясын өндіруді болжамдайды. Көбінесе болжау нәтижелері келесідей көрінеді:

Ағымдағы жылдың 18 наурызында ҚР Энергетика министрлігі мен «КЕGОС»АҚ қолдауымен «ЖЭКөндіруді болжау»тақырыбында өткен кеңес Жүйелік оператордың осы бағытта жүргізетінүлкен жұмысын көрсетті. «КEGOС» АҚ презентациясына сәйкес «ЖЭК қолдау жөніндегі РФО» ЖШС жасаған сатып алынған/сатылған теңгерімсіздіктер көлемі 2020 жылы имитациялық режимде 21,3 млрд. теңге сомасына 660 млн. кВт*сағ. шамасын құрады. Бұл «ЖЭК қолдау жөніндегі РФО» ЖШС осы кезеңде ЖЭК көздерінен сатып алған барлық электр энергиясының шамамен 20%-ына сәйкес келеді.

 «InTech-Forecast» IT-бағдарламасы

Жергілікті жағдайларға терең кастомизациялауға бағытталған қазақстандық бағдарламалық өнімді жасау, станцияның қуат беруге техникалық дайындығы туралы есептілік және «КЕСОС» АҚ ұсынатын талаптар мақсатында «Заманауи Инновациялық Технологиялар» ЖШС тиісті авторлық құқықтарды ала отырып, «InTech-Forecast» ІТ-бағдарламасын әзірледі.

Бағдарламаны тестілеу «Кеңгір» 10 МВт КЭС-те жүргізіледі. Бағдарламаның негізгі элементтері ауа-райы мен өндірістің тарихи деректері, сондай-ақ болжамды деректердің негізділігінүнемі арттыру үшін қажетті машиналық оқыту болып табылады.

Жақын арада бағдарлама қазақстандық, сондай-ақ шетелдік нарықтарға шығаруға дайын болады. ІТ-өнімді пайдаланғаны үшін төлем ретінде СО2 бірліктерін ұсынуға болады, оларды біз мамандандырылған серіктестік ұйымды тарта отырып, верификациялай аламыз. Осылайша, қазіргі уақытта белсенді сұранысқа ие емес СО2 бірліктері айырбастау құралы ретінде айналымға тартылуы мүмкін. Әрине, барлық операциялар ҚР Салық кодексіне сәйкес орындалады. Бағдарлама соның ішінде «КЕСОС»АҚ-ның осындай талаптарымен де жұмыс істеуге қабілетті:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТӘУЛІКТІК БАЛАНС ПЕН КЕСТЕЛЕР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ:

15    наурызда 16және 17 наурызға

16    наурызда 18 және 19 наурызға

17    наурызда 20 және 21 наурызға

18    наурызда 22 және 23 наурызға

19    наурызда 24 және 25 наурызға

Бірінші кезекте бағдарлама күн станцияларымен жұмыс істеуге бағытталған және кейіннен жел станцияларымен жұмыс істеуге масштабталуы мүмкін. ІТ-бағдарламаны пысықтауды бірлесіп қаржыландыруүшін гранттық қаражатты тарту мақсатында оған бағдарламашылардан басқа коммерцияландыру жөніндегі маман, маркетологжәне қаржыгер кіретін әзірлеушілер командасы ағымдағы жылдыңақпан айында «Инжинирингжәне технологиялар трансфері орталығы» АҚ-ға жүгінді (2021 жылғы «09» наурыздан бастап атауы «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ болып өзгертілді). Біздің өтініміміз бірінші кезеңнен өтті және екінші кезеңнен өтуүшін құжаттар тапсырылды. Нәтижелер туралы міндетті түрде хабарлаймыз. QazInnovations-қа инновациялық гранттар алуға барлығы 661 өтінім жолданды, оның ішінде GreenTech бойынша - 92 өтінім.

Біз Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларының тұрақты дамуына өз үлесімізді қосу үшін электр энергиясы мен қуат нарығының қатысушыларымен белсенді ынтымақтастыққа дайынбыз. Сондай-ақ, біз «InTech-Forecast» бағдарламасы күн және жел станцияларының электр энергиясын өндіруін болжайтын бағдарламалық өнімдер нарығында өз орнын алады деп үміттенеміз.

 

29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді