Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары06.06.2023

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және көміртексіздендіру стратегиясы

Тельман Шуриев,«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Өндірістік департаментінің бас сарапшысы

Соңғы әлемдік оқиғалар энергетикалық қауіпсіздікке және энергия көздерін әртараптандыруға көбірек көңіл бөлді, бұл қазба отынына таптырмас базалық балама ретінде атом энергетикасына алдыңғы қатарға шығуға мүмкіндік берді. Климаттың өзгеруіне байланысты сын-қатерлер мен ESG саясатын дамытудың артықшылықтары туралы жаһандық талқылау аясында біз әлемдік қауымдастық тарапынан атом саласына деген қызығушылық артып келе жатқанын көріп отырмыз.

Бүгінгі таңда көміртексіздендіру экологиялық және климаттық міндеттерді шешудің құралы ғана емес, сонымен қатар өз өнімдерін жаһандық ауқымда саралау және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету тәсілі болып табылады.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) 2020 жылғы есебіне сәйкес, атом энергетикасы әлемдік электр энергиясын өндірудің шамамен 10%-ын құрады. Атом энергетикасы гидроэнергетикадан кейінгі парниктік газдар шығарындылары төмен электр энергиясының екінші үлкен көзі болып қала береді.

АЭС қатыспаған кезде электр энергиясын өндірудің жалпы шығарындылары шамамен 20%-ға жоғары болар еді.

2040 жылға қарай бүгінгі 36% салыстырғанда әлемдік электр энергиясының 85%-ы таза көздерден өндірілетін болады.

Осыған байланысты Қазатомөнеркәсіп өзінің ұзақ мерзімді құн құру стратегиясына бейілділігін сақтай отырып, өндіріс пен экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын ұстана отырып, энергетикалық ауысу бойынша күш-жігерді іске асыруда елеулі рөл атқаруды жоспарлап отыр.

Елдің жоғарыда сипатталған трендтері мен міндеттемелерін ескере отырып, Компания елдің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге елеулі үлес қоса алатынын түсінеді.

Осыған байланысты 2022 жылдың қазан айында Қазатомөнеркәсіп компанияның климаттық амбицияларын айқындауды, негізгі тәсілдерді жүйелеуді және парниктік газдар шығарындыларының ағымдағы деңгейін түсінуді, сондай-ақ көміртегі ізін азайту саласындағы шараларды айқындауды қамтитын Көміртегі бейтараптығы қол жеткізу және көміртексіздендіру стратегиясын әзірлеп, бекітті.

Бекітілген стратегияға сәйкес, Компания 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 2021 жылғы көрсеткіштердің 10%-на дейін азайту туралы шешім қабылдады (1, 2-қамту бойынша), ал 2060 жылға қарай толық көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жоспарлануда.

Ақпарат үшін, «Самұрық-Қазына» қорының СО2 тобының тікелей және жанама шығарындыларының жалпы көміртегі ізі 2021 жылдың қорытындысы бойынша 57,8 млн тоннаға бағаланады.

Тікелей және жанама шығарындылар бойынша парниктік газдар шығарындылары 2021 жылы 949,4 мың тоннаны құрайды, мұндағы тікелей шығарындылардың үлесі - 106,9 мың тонна немесе барлық парниктік шығарындыларынан 11%, ал жанама шығарындылардың үлесі тиісінше 842,5 мың тонна немесе 89%-ды құрайды.

2-қамтудың жанама шығарындылары басым және бұл энергетикалық ресурстарды, негізінен көмір электр станцияларын сатып алуға тікелей байланысты.

1-қамтудан парниктік газдар шығарындыларының құрылымы қазандық қондырғыларынан, дизельді қозғалтқышы бар жылжымалы компрессорлық станциялардан және автокөлік құралдарынан тұрады.

Компания қызметінің бағыты құрылымындағы парниктік газдардың тікелей шығарындыларының үлесі: 59% - өндіруші кәсіпорындар, 34% - қосалқы қызмет, 6% - ядролық-отын циклі.

Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазатомөнеркәсіптің парниктік газдарының тікелей және жанама шығарындыларының үлесі Қордың барлық кәсіпорындарының құрылымында небәрі 1,63%-ды құрайды.

Осы көрсеткіштерге қарамастан, толық көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін Қазатомөнеркәсіп 2060 жылға дейінгі көміртексіздендіруді дамыту сценарийінің 3 түрін - пессимистік, шынайы және оптимистік іске асырады, мұнда 2030 жылға дейінгі нақты мақсаттар -10%, ал оптимистік -15%-ды құрайды.


Парниктік газдардың тікелей шығарындыларын төмендетудің негізгі құралы автокөлікте, қазандықтарда және компрессорлық қондырғыларда ЖЖМ шығынын оңтайландыру жөніндегі жобаны іске асыру, сондай-ақ газ тұтынуға ішінара ауысу болып табылады.

Жанама шығарындыларды азайтуға энергия тиімділігі мен энергия үнемдеудің кешенді бағдарламасын іске асыру, жаңартылатын және баламалы көздерден электр энергиясын тұтынуды ұлғайту, электр энергиясын тұтынуды оңтайландыруға бағытталған цифрлық шешімдерді іске асыру және көміртекті офсеттік бірліктерді сатып алу жолымен қол жеткізіледі.

Көміртексіздендіру бойынша бекітілген индикаторлардың орындалуы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі бағдарламаны іске асыруға тікелей байланысты, ол, өз кезегінде, экологиялық мәселелерді шешіп қана қоймай, компания үшін экономикалық пайда әкеледі.

Осылайша, 2020-2021 жылдары экономикалық пайда 840 млн теңгені немесе электр энергиясын үнемдеу 38-40 млн кВт.сағ құрады. Бұл ретте 2022 жылғы көрсеткіштер 1,071 млрд теңгені құрайды.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі негізгі іс-шаралар: технологиялық процестердің энергия сыйымдылығын төмендету, ОЭР (отын-энергетикалық ресурстарды) тұтынуды азайту, ЖЭК пайдаланудан үнемдеу және тағы басқалар болып табылады.

2020-2022 жылдардағы жалпы экономикалық пайда 2,75 млрд теңгені немесе 130 млн кВт, сағ құрайды, сондай-ақ дизель отынын тұтыну 1100 тоннаға қысқарды, бұл тікелей парниктік шығарындылардың төмендеуіне оң әсер етеді.

 Біздің кәсіпорындарымыз бойынша электр энергиясын тұтыну құрылымы 76,17% - бұл біздің өндіруші кәсіпорындарымыздың электр энергиясын тұтынуы, ал 23,83%-ы ҮМЗ кәсіпорындары мен сервистік кәсіпорындарға тиесілі екенін көрсетеді.

Бұдан шығатыны, «Парето» қағидаты бойынша біз тау-кен өндіру секторына назар аударуымыз керек.

Өндіру секторы бойынша электр энергиясын тұтыну құрылымы: 67,7%-ы геотехнологиялық полигонға тиесілі, мұнда тұтынудың негізгі көзі - суасты сорғылары мен орталықтан тепкіш сорғы станцияларының жұмысы, 19,75% - өнімді ерітінділерді қайта өңдеу цехы (үлкен сорғы станциялары мен стационарлық компрессорлық жабдықтардың жұмысы) және 12,55% - қосалқы кешендер мен АФЦ болып табылады.


2022 жылы «Самұрық-Қазына» қоры Қазатомөнеркәсіптің алдына шығарындыларды 2021 жылғы деңгейде ұстап тұру, 2023 жылға қарай шығарындыларды 1%-ға, 2027 жылға қарай 8%-ға төмендету және 2030 жылға қарай оптимистік сценариймен шығарындыларды 15%-ға төмендетуге қол жеткізу міндетін қойды.

Бүгінгі күні алдын ала есептеулер бойынша 2022 жылдың қорытындысы бойынша парниктік газдар шығарындыларының көрсеткіштері 2021 жылға қатысты ұлғаймады және сол деңгейде қалды.

Өткен жылы өндірістік департамент парниктік газдар шығарындыларын терең талдау және көміртексіздендіру стратегиясын іске асыру тетіктері мен құралдарын қоса алғанда, көміртексіздендірудің ықтимал даму сценарийлерін модельдеу бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Қазірдің өзінде парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындылары көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларынан электр энергиясын тұтынуды азайту және жаңартылатын энергия көздерінен тұтынуды арттыру, сондай-ақ бірқатар энергия тиімді және энергия үнемдегіш шараларды қолдану есебінен алдыңғы жылдарға қарағанда айтарлықтай аз болады деп мәлімдей аламыз.

 

01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды