Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары15.09.2023

Қазақстанда ЖЭК-ті одан әрі дамыту бойынша жаңартылатын энергетика саласының іскерлік қоғамдастығынан ҚР Үкіметіне үндеу – Хартиясы

(Ақмола облысы Бурабай ауданында 2023 жылғы 25-26 мамырда өткен Qazaq Green Fest ЖЭК бойынша II халықаралық іскерлік фестивалінің нәтижелері бойынша)

Жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК) саласының іскерлік қоғамдастығы ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуі және тұрақты даму жөніндегі бастамаларын қолдайды.

Қазақстан Республикасы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатына бейілділігін мәлімдегені белгілі. 2023 жылғы ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясына қол қойды. Париж келісімі аясында ел парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға сөзсіз азайту, сондай-ақ 2030 жылға қарай 1990 жылғы деңгейден 25%-ға шартты қысқарту (халықаралық қолдау жағдайында) түрінде өз үлесін мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамы еліміздің экологиялық болашағы мен ұлт саулығы үшін үлкен жауапкершілікті мойындайды. Барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізу құралдарының бірі ЖЭК технологияларын енгізу болып табылады.

Бұл ретте қазіргі уақытта Қазақстан нарығында ЖЭК дамуының тежеуші факторлары бар, олар «жасыл» энергетика саласында 300-ден астам бизнес өкілдерін жинаған Qazaq Green Fest ЖЭК бойынша II халықаралық іскерлік фестивалінде егжей-тегжейлі талқыланып, оның нәтижелері бойынша ЖЭК іскерлік қоғамдастығы ЖЭК саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында осы шараларды енгізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдар мен ҚР Үкіметі үшін мынадай ұсынымдар жібереді.

 

1.              ЖЭК секторын дамыту үшін тұрақты саясат және инвестициялық ахуал

Тұрақты және болжамды саясат ЖЭК секторын дамыту бойынша нақты көзқараспен бірге «жасыл» энергетикаға инвестициялар тартудың маңызды факторы болып табылады.

2022 жылы уәкілетті мемлекеттік орган 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімді қабылдағаны баршаға мәлім, оған сәйкес 6 ГВт ЖЭК белгіленген қуаттылығын іске қосу жоспарланған.

Соңғы сапарлардың нәтижелері бойынша бірқатар жетекші шетелдік Total, Masdar, AcwaPower, China Power компанияларымен әрқайсысының қуаты 1 ГВт болатын 4 жел паркін салу бойынша келісімдерге қол қойылды.

Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық тетік жұмыс істейді, оған соңғы 5 жылда әлемнің 13 елінен 232 компания қатысты. Жобаларды іріктеудің бұл тетігін халықаралық ұйымдар мойындады және өзін берілген ең төмен баға негізінде ЖЭК жобасын іске асыратын жеңімпазды айқындаудың ашық құралы ретінде көрсетті.

Осыған байланысты, ҚР Үкіметі ЖЭК дамыту жөніндегі міндеттерді одан әрі іске асыруды қалай көреді деген сұрақтар туындайды: шетелдік әріптестермен тікелей келісімшарттар арқылы қандай көлемдер іске асырылады, жобаларды іріктеудің аукциондық тетігі арқылы қандай көлемдер іске асырылады, ЖЭК екіжақты келісімшарттар (В2В) сегменті үшін қандай көлемдер беріледі, шағын ауқымды ЖЭК жобаларын дамыту арқылы қандай көлемді іске асыруға болады?

Компанияларға бірнеше жыл бұрын инвестицияларды жоспарлауға мүмкіндік беретін 5 жылдық аукциондық сауда-саттық кестесін әзірлеу туындаған қақтығысты шешудің бір құралы болуы мүмкін. Осы орайда ЖЭК іскерлік қоғамдастығы Жалпы ҚР Энергетика министрінің «2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін және 2024-2027 жылдарға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 мамырдағы №187 бұйрығының қабылдануын құптайды. Алайда, ауқымды ЖЭК жобаларын (100 МВт-тан астам) одан әрі іске асыру әлеуетті қатысушыларды біліктілікке дейінгі іріктеуді жүргізе отырып, аукциондық сауда-саттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Аукциондық сауда-саттықта біліктілікті іріктеу мәселесі маңызды және пікірталас болып табылады. Оны енгізу мемлекет үшін ЖЭК жобаларының іске аспау тәуекелдерін азайтуға және қажетті тәжірибесі мен технологияларға қолжетімділігі бар компаниялар үшін қол жеткізу ашуға мүмкіндік береді. Осы орайда ЖЭК іскерлік қоғамдастығы өз тарапынан талқылауға қатысуға дайын екендігін мәлімдеді.

Жоғарыда аталған сұрақтарға жауап алу мақсатында ҚР Үкіметінен қуаттар, өңірлер мен технологиялар, сондай-ақ осындай жобаларды іріктеу және іске асыру тетіктері бөлінісінде ЖЭК генерациясын дамыту жөнінде одан әрі пайым қалыптастыруды сұраймыз.

 2.              ЖЭК объектілеріне «Бірыңғай сатып алушы» нарығының жаңа моделінің және нақты уақыт режимінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының әсері.

2023 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы бұрын ҚР Парламенті Сенаты қабылдаған, Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы және электр энергетикасы мәселелері жөніндегі заңнамасына түзетулер енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға (бұдан әрі – заң жобасы) қол қойды.

Осы ҚР Заңы нарықтың жаңа моделі – «Бірыңғай сатып алушы» және нақты уақыт режимінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын (бұдан әрі – ЭТН) енгізу арқылы елдің электр энергетикалық нарығын түбегейлі реформалауды көздейді. Жаңартылатын энергия көздері объектілері үшін ойынның жаңа қағидаларын тұжырымдамалық түрде енгізу: өндірілген электр энергиясын «Бірыңғай сатып алушыға» сатуды және энергия жүйесіндегі жіберілген теңгерімсіздіктер үшін қаржылық жауапкершілік шараларын қолдануды көздейді.

Qazaq Green электр энергетикасы мен ЖЭК секторының дамуы үшін осы ҚР Заңының қабылдануымен туындаған елеулі тәуекелдерді көреді. Осыған байланысты ЖЭК іскерлік қоғамдастығы ҚР Үкіметінен келесі бастамаларды қарауды сұрайды:

-      қол қойылған шарттар талаптарында қолданыстағы шарттар үшін (2023 жылғы 1 шілдеге дейін қол қойылған) ЖЭК объектілерінен электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату бойынша бұрынғы жұмыс режимдерін сақтау;

-      электр энергиясын өндіруді/тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі жүйелік оператордың қызметі есебінен теңгерімсіздіктерді реттей отырып, екіжақты келісімшарттар бойынша ЖЭК жобаларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

-      2023 жылғы 1 шілдеден кейін шарттарына қол қойылған жобалар үшін электр энергиясын нақты өндіру-тұтынудың тиісті сағаты басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін азайтуға (төменге) және ұлғайтуға (жоғары) түзетуді көздеу;

-      2023 жылғы 1 шілдеден кейін шарттарына қол қойылған жобалар үшін ЖЭК объектілері теңгерімдеуші электр энергиясы нарығында қаржылық жауапкершіліктен босатылатын оң және теріс теңгерімсіздіктер жіберілген жағдайда 15% қателік мөлшерін айқындау;

-      2023 жылғы 1 шілдеден кейін шарттарына қол қойылған жобалар үшін теңгерімдеуші электр энергиясы нарығындағы теңгерімсіздіктер үшін жауапкершілік шеңберінде жоғарылату және төмендету коэффициенттерінің ең төменгі мөлшерін айқындау.

Бұл шаралар ЖЭК жобаларын табысты іске асыруға және инвесторлар үшін тәуекелдерді айтарлықтай төмендетуге ықпал етеді.

 3.              Қаржы институттары тарапынан ұлттық валютада қолжетімді ұзақ мерзімді қаржыландыру ЖЭК саласын дамыту және ҚР-дағы жобалардың қаржылық тұрақтылығы үшін шешуші фактор болып табылады.

Қаржы институттары тарапынан ұлттық валютада қолжетімді ұзақ мерзімді қаржыландыру ЖЭК саласын дамыту және ҚР-дағы жобалардың қаржылық тұрақтылығы үшін шешуші фактор болып табылады. Бүгінгі күні екінші деңгейдегі банктер жобалардың ұзақ мерзімді болуына, белгілі бір валюталық тәуекелдерді көтеруіне байланысты ЖЭК объектілеріне кредит бермейді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Осы орайда ЖЭК жобалары үшін қолжетімді қаржыландыруды тарту мәселесі осындай жобаларды табысты іске асыру үшін де, ЖЭК электр энергиясына тарифтер деңгейін төмендету үшін де шешуші болып табылады.

Қаржыландырудың қолжетімді шарттарына қол жеткізу үшін қаржы институттарына «жасыл» жобалар үшін жеңілдікті қорландыруды ұсыну арқылы пайыздық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін көздейтін «жасыл» инвестициялық жобаларды қаржыландыруды мемлекеттік қолдау жөніндегі нысаналы бағдарламаны әзірлеу мүмкіндігін қарастыру қажет. Қазақстанда мұндай жеңілдікті кредит берудің мысалдары өнеркәсіп пен ипотекалық қарыздарды 25 жылға дейінгі мерзімге төмен пайыздық мөлшерлемелермен қаржыландыру болуы мүмкін.

ҚР Үкіметінен «жасыл» энергетиканы дамыту бойынша қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында Қазақстанда ЖЭК жобаларын іске асыру үшін төмен пайыздық мөлшерлемелермен ұлттық валютада ұзақ мерзімді қайтарымды қаржыландыру бағдарламасына бастамашылық жасауды сұраймыз.

 4.              ЖЭК екіжақты келісімшарттар нарығын дамыту.

Тұтынушылар мен инвесторлардың мүдделерін ескере отырып, көміртегі бейтараптығы бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында елде ЖЭК дамытуға икемді тәсілді көздеу қажет. ЖЭК жобаларын өз қажеттіліктері үшін іске асыру және ЖЭК үшін қолданыстағы қолдау шараларының пакетін пайдалану мүмкіндігі меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарға берілуі тиіс. Осылайша, экономиканы көміртексіздендірудің тікелей құралы ретінде ЖЭК дамыту жалпыұлттық міндетке айналуы тиіс.

ЖЭК нарығын дамыту құралдарының бірі ЖЭК бойынша РРА екіжақты келісімшарттар сегменті болып табылады, онда өнеркәсіптік кәсіпорын өзінің көміртегі ізін азайту үшін ЖЭК генераторымен «жасыл» электр энергиясын сатып алу бойынша тікелей келісімшарт жасасады. Сарапшылардың пікірінше, бұл сегменттің болашағы зор, өйткені экономиканың нақты секторындағы компаниялардың көпшілігі корпоративтік деңгейде өндірістік процестерді көміртексіздендіруге бағытталған стратегияларды қабылдады. Жалпы, екіжақты келісімшарттар нарығы ЖЭК аукциондық сауда-саттық нарығынан әлдеқайда ауқымды болуы және секторды одан әрі дамытудың драйверіне айналуы мүмкін, бұл ретте ел халқы мен бизнесі үшін тарифтердің өсуіне әсер етпейді.

Жаңартылатын энергия көздерін дамытуды реттейтін заңнама екіжақты келісімшарттар нарығының дамуын жоққа шығармайтынына қарамастан, осы сегментті дамыту үшін негізгі кедергілер:

-      «Бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу тұрғысынан ЖЭК екіжақты келісімшарттарының перспективаларының белгісіздігі;

-      нарық қатысушылары үшін «ойын ережелерінің» болмауы;

-      желіге ЖЭК объектілері тікелей қосылмағанына қарамастан, мұндай объектілерді қосу үшін жүйелік оператордың шамадан тыс талаптары проблемасы;

-      мұндай жобалар үшін теңгерімдеу, тегін тасымалдау және басым диспетчерлеу мәселелері пікірталас күйінде қалуы;

-      екіжақты келісімшарттар шеңберінде артық электр энергиясын Бірыңғай сатып алушыға сату мүмкіндігі;

-      өнеркәсіптік кәсіпорын ЖЭК объектісінен электр энергиясын сатып алуды тоқтатқан жағдайда тәуекелдерді төмендету жөнінде қандай да бір тетіктердің жоқтығын ескере отырып, қаржы ұйымдарының мұндай жобаларға қалай кредит беруі туралы түсініктің болмауы;

-      ЖЭК жобаларын іске асырғысы келетін мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор үшін мемлекеттік қолдау шараларының пакетіне (инвестициялық, кеденк, салық артықшылықтары) қолжетімділік шектеулі. Кәсіпкерлік кодекс мұндай ұйымдардың үлестерін және инвестициялық басым жобаларға қатысу мерзімін шектейтіні және олар үшін ЖЭК жобаларын іске асыру проблемалы екендігі;

-      ЖЭК екіжақты жобалары үшін жер учаскелерін бөлу болып табылады.

Осыған байланысты, ҚР Үкіметінен ЖЭК іскерлік қоғамдастығымен бірлесіп, ЖЭК екіжақты жобаларын іске асыру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді сұраймыз.

 5.              Халық пен шағын және орта бизнес үшін шағын ауқымды ЖЭК дамыту.

Қазіргі уақытта энергетиканы орталықсыздандырудың әлемдік тренді байқалады. Бұл үрдістің дамуына технологияларды жетілдіру, қаржылық мүмкіндіктер мен түрлі ынталандыру бағдарламаларының қолжетімділігі, сондай-ақ халықтың экология мәселелерінде хабардар болуы ықпал етеді.

Бірінші кезекте үй шаруашылықтары мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өз мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін қолданылатын шағын ауқымды ЖЭК объектілері негізінде бөлінген генерацияны (микрогенерацияны) дамыту елдің энергия қауіпсіздігіне қол жеткізуге Париж келісімі бойынша қабылданған міндеттемелер шеңберінде СО2 шығарындыларын қысқартуға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тұрғын үйлердегі жайлылық деңгейін жақсартуға ықпал етеді.

БҰҰДБ-ЖЭФ сарапшыларының Модельдеу қорытындысына сәйкес, Шымкент қаласын қоса алғанда, ЖЭК шағын жобаларын желіге интеграциялау мәселесі бойынша Түркістан облысының тарату энергетикалық желісін модельдеу қорытындыларына сәйкес: үй шаруашылықтарының 5-10% әлеуеті қуаты 500-1000 МВт ірі ЖЭО салумен тең. Облыс ауқымында күн электр станцияларының үй қондырғылары деп аталатын электр желісіне қосылу жалпы желінің сенімділігін арттыруға, шамадан тыс жүктелген тораптардың жүктемесін алуға және электр энергиясының шығынын азайтуға ықпал етеді.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта шағын ауқымды ЖЭК жобаларын дамыту үшін бірнеше негізгі кедергілер бар: қуаты бойынша шағын ауқымды ЖЭК шектеулері (100 кВт дейін), өңірлік электр желілік компаниялар деңгейінде қосылу бойынша қиындықтар, сондай-ақ мемлекет тарапынан осы сегментті дамытуды қолдау шараларының болмауы.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, шағын ауқымды ЖЭК қолдаудың ең пәрменді тетігі нетто-тұтынушылар үшін жоғары «жасыл» тарифтерді белгілеу болып табылады.

Осы орайда электр энергиясының артық мөлшерін желіге сату тарифтерінің экономикалық негізделген және тартымды деңгейін белгілеу таза тұтынушыларды ынталандыру тәсілдерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, уәкілетті мемлекеттік органға ЖЭК шағын генерациясын және тұтынушылар мен энергетикалық нарықтың басқа да ойыншыларының мүдделерін дамыту қажеттілігін ескере отырып, кейіннен оларды түзетуге мүмкіндік беретін тарифтерді белгілеуді ұсынамыз.

ҚР Үкіметінен шағын ауқымды ЖЭК қуатын ұлғайту, қосылу рәсімдері мен мерзімдерін жеңілдету, жоғары «жасыл» тариф бойынша желіде нетто-тұтынушылардан артық өнімді сату тетігін енгізу мәселелерін қолдауды сұраймыз.

 6.          Ең сенімді және болжамды жаңартылатын энергия көзінің – шағын гидроэлектростанциялардың төмен даму қарқыны.

Кемінде 2 жыл өткен және ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша өткізілген аукциондардың қорытындылары бойынша ерекше даралықпен сипатталатын (күрделі шығындар деңгейін анықтайтын геологиялық, гидрологиялық, геодезиялық ерекшеліктер) ГЭС объектілері бойынша РРА келісімшарттарын жасасу үшін жобаларды іріктеу жүйесі өзінің толық дәрменсіздігін көрсетті. Нәтижесінде іске асырылатын жаңа жобалар жоқ және ГЭС секторы «толық тымықпен» сипатталады. Бұл ретте шағын ГЭС жобаларының иелері негізінен отандық инвесторлар мен Қазақстанның ШОБ өкілдері болып табылатынын атап өткен жөн.

Генерациялайтын қуаттардың құрылымын оңтайландыру және гидроэнергетиканың маневрлік объектілерін тарту үшін энергожүйеге тартымды жағдайлар жасау арқылы ГЭС құрылысын ауқымды бастау қажет.

Бұл тұрғыда алғашқы қадам жасалды – гидроэнергетика үшін шекті тарифтің жеткілікті тартымды деңгейі бекітілді, бірақ ГЭС жобаларының жалпы көлемін шектейтін аукциондар жүйесі қайта қарауды талап етеді.

Техникалық проблемалары мен рұқсат етілген шектеулері жеткілікті гидроэнергетика үшін гидроэнергетикалық құрылыстың жандануы мен қарқынды дамуы үшін «ЖАСЫЛ» жарық қажет. Жобаларды іріктеу бойынша аукцион түріндегі кедергіден бас тарту қажет.

Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Үкіметінен келесі ұсыныстарды қарауды сұраймыз. ГЭС объектілерін жобалардың жалпы көлемін шектейтін аукциондық іріктеу тетігінен шығару ұсынылады. Бекітілген шекті баға шеңберінде белгіленген тариф бойынша ГЭС жобаларын іске асыруға мүмкіндік беру, бұл ретте электр энергиясын сатып алудың ұзақ мерзімді шартының мерзімін айқындау ұсынылады. Сондай-ақ, өз станцияларын жаңғыртып, қайта жаңартқысы келетін, аукционға және тіркелген тарифтер жүйесіне қатысқысы келетін қолданыстағы шағын ГЭС-ке мүмкіндік беруді сұраймыз. Бұл шара ең тұрақты ЖЭК көзі – шағын ГЭС-тен электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 7.              Энергияны жинақтау жүйелерін дамыту.

ЖЭК объектілері табиғи-климаттық факторларға байланысты энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктердің көзі болып табылатыны белгілі. 2022 жылғы талдамалық деректерге сәйкес ЖЭК объектілерінен оң және теріс жиынтық теңгерімсіздіктер нақты генерациясы 4 561,6 млн. кВтсағ болған кезде 1 867,8 млн. кВтсағ құрағаны анықталды.

Бұл теңгерімсіздіктер Ресей Федерациясынан энергия жүйесіндегі тепе-теңдікті сақтау үшін ағындарға тәуелділікке әкеледі. Ағындардың рұқсат етілген деңгейі 150 МВт болған кезде энергия жүйесіндегі көлемдер 1500 МВт деңгейіне жетті. ҚР Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекарасындағы ауытқулардағы ЖЭК объектілерінің үлесі 23%-ды құрады.

ЖЭК станцияларының тәуліктік кестесін теңестіру құралдарының бірі энергияны жинақтау жүйелерін енгізу болып табылады. Қазіргі уақытта ҚР БЭЖ-де энергияны жинақтау жүйелері бойынша іске асырылған жобалардың болмауын атап өтеміз. Сонымен бірге, мұндай жүйелерге, сондай-ақ осындай жобаларды іске асыру тетіктеріне қойылатын техникалық талаптарды реттейтін нормалар да жоқ. Бұл ретте, энергия жинақтау жүйелері елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиімді құрал бола алады.

Алайда, жүйеде теңгерімдеу мақсатында энергияны сақтау жүйелерін пайдалану қымбат, шығынды және сәйкесінше, ЖЭК нарығы үшін техникалық (қысқа қызмет ету мерзімі, тез тозу, шығындар) және экономикалық тиімсіз шешім болып табылатынын атап өткен жөн. Сондықтан мұндай энергия жинақтау жүйелерін тек ЖЭК объектілерінің күнделікті кестелерін тегістеу үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар, жүйелік оператор желіге ЖЭК-ті қауіпсіз интеграциялау үшін энергия жүйесінде жағдай жасауы керек, бұл ретте мынадай құралдарды пайдалануы мүмкін: маневрлік генерация, қолда бар қуат резервтері, автоматтандырылған басқару жүйелері, нарық тетіктері (мысалы, сұранысты басқару, сараланған тариф, теңгерімдеуші нарық), іргелес мемлекеттермен тиімді құрылған трансұлттық ағындар.

Бұған қоса, ЖЭК аукциондарын және энергия жинақтау жүйелері бойынша аукциондарды бөлу қажет. Бір лотта екі компоненттің болуы негізді емес және аукциондардың ашықтығын төмендетеді. Энергия жүйесі үшін ЭЖЖ қажетті параметрлерін модельдеуді жүргізу және ЖЭК нақты объектілері мен олардың көлемдеріне байланыстырмай, осы жабдыққа жеке конкурстар өткізу орынды.

Әлемде энергияны сақтау жүйелерін дамытуға арналған трендті, осы технологиялардың қолжетімділігін, олардың құнын төмендетуді назарға ала отырып, ҚР Үкіметіне ЖЭК жобаларына, оның ішінде ЭЖЖ-мен гибридті жобаларға ЖЭК объектісін генерациялаудың тәуліктік кестелерін теңестіруге мүмкіндік беретін көлемде (ЖЭК белгіленген қуатының 10-20%-ы) ЖЭК-пен сауда-саттық жүргізуді ұсынамыз. Мұндай пилоттық жобаны іске асыру үшін сауда-саттықтың шекті тарифтері, реттеу режимдері және ауытқулар үшін қаржылық жауапкершілік бойынша қосымша есептеулер қажет. Сондай ақ ЭЖЖ жобаларын іске асырудың нарық тетіктерін іскер қоғамдастықтың қатысуымен талқылау қажет.

Осы пилоттық жобаны іске асыру қорытындылары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жүйелік оператор бизнес-қоғамдастықпен және мүдделі тараптармен бірлесіп ҚР БЭЖ-де ЭЖЖ одан әрі енгізу үшін қажетті практикалық зерттеулер мен есептеулер жүргізуі тиіс.

 

8.              ЖЭК секторы үшін жергілікті қамтуды дамыту.

Жаңартылатын энергия көздері секторы үшін жергілікті қамтуды дамыту мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекет басшысы 2021 жылғы 26 мамырдағы электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласын дамыту жөніндегі кеңесте ҚР Үкіметіне ЖЭК және тұтастай энергетиканың құрамдас бөліктері мен өзге де техникалық конструкцияларының өндірістерін оқшаулау жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ЖЭК секторында күн панельдерін, инверторларды, жел және гидроэнергетика үшін генерациялайтын жабдықтарды жеткізетін ірі шетелдік өндірушілер мен жабдықтарды жеткізушілер жұмыс істейді. Алайда, отандық өндірушілер, мысалы, күн энергиясы үшін металл конструкцияларды, кабель өнімдерін, трансформаторларды жеткізеді. Отандық кәсіпкерлер күн панельдерін өндіруді де жолға қоюға тырысуда.

Сонымен қатар, жергілікті қамтудың дамуы аукциондық сауда-саттықтың жыл сайынғы көлеміне және ЖЭК қуаттарын енгізуге тікелей байланысты. Мысалы, 2021 жылы күн электр станциялары бойынша сауда-саттық көлемі 20 МВт, ал 2022 жылы – 40 МВт құрады. Алайда, ҚР Энергетика министрінің «2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін және 2024-2027 жылдарға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 мамырдағы №187 бұйрығына сәйкес ЖЭК жобаларын іріктеу үшін айтарлықтай көлемдер жоспарланған. Осылайша, орта мерзімді перспективада ЖЭК қуатын енгізу көлемін жоспарлау мүмкіндігі бар.

Бұдан басқа, ашық көздерден алынған ақпаратқа сәйкес, жоғары деңгейде TotalEnergies, Masdar, AcwaPower, China Power сияқты компаниялармен әрқайсысының белгіленген қуаты 1 ГВт болатын ЖЭК ауқымды жобаларын іске асыру жөнінде тікелей келісімдер жасалды. Осылайша, жақын арада елдің энергетикалық жүйесінде аукциондар бойынша іріктелген жобалардан басқа жел энергетикасының 4 ГВт қуаты пайда болуы тиіс. Бұл көлемдер компоненттердің отандық өндірісін жоспарлауға негіз береді. ЖЭК іскерлік қоғамдастығы осындай ауқымды ЖЭК жобаларын іске асыру үшін компаниялармен жасалған шарттарда жергілікті қамту және жергілікті өндірістің жабдықтары мен құрамдастарын пайдалану бойынша талаптар жазылуы тиіс деп есептейді.

Осы орайда, ҚР Үкіметінен алдағы жылдары ЖЭК жобаларын іске асырудың жоспарланған көлемін ескере отырып, бизнес-қоғамдастықпен талқылап, ЖЭК секторында жергілікті қамтуды дамыту мәселесін қарауды және кемсітпеушілік сипаттағы нақты ұсыныстар енгізуді сұраймыз.

 9.              Ерікті көміртегі стандарттарының отандық нарығын дамыту.

Елімізде корпоративтік сектордағы көптеген компаниялар көміртегі ізін азайту міндетін қойып, төмен көміртекті жобаларды жүзеге асыруға да, «таза» энергияны тұтынуға да қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, шығарындыларды азайту құралдарының бірі – көміртекті офсет – парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңуін арттыруға бағытталған қызмет немесе қызмет түрлері.

Алайда, елдің іскерлік ортасында көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсаттарына міндеттеме жарияланғаннан кейін көміртегі ізін төмендететін жобаларға үлкен сұраныс артып келе жатқанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда өз корпоративтік саясатында ESG қағидаттарын пайдалануға мүдделі телекомменикациялық және IT-компаниялар, банк секторы, қызмет көрсету секторынан орта бизнес жүгінеді. Осыған байланысты, көміртегі бірліктерінің ерікті нарығын дамыту ҚР сауда жүйесіне кірмейтін жеке компанияларға ESG қағидаттарына өз міндеттемелерін растауға және көміртегі ізін көміртегі бірліктерімен жабуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанда отандық ерікті көміртегі стандарттары жоқ. Компаниялар шетелдік стандарттарға жүгінуге мәжбүр, ал ел «жасыл» инвестициялар үшін қаржылық ынталандыруды жоғалтады. Ерікті көміртегі нарығы заңнамалық деңгейде бар тетікке – шығарындылар саудасы жүйесіне ықпал етпейтінін және көміртегі бюджетіне әсер көрсетпейтінін атап өткен жөн.

Осы мақсатта «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы компанияларға көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мәселесінде жәрдемдесуге бағытталған алғашқы ерікті отандық – Qazaq Green Certificate көміртегі стандартын іске қосу туралы бастама көтерді.

ҚР Үкіметінен отандық ерікті көміртегі нарығын және тиісті стандартты дамытуды қолдауды сұраймыз.

 10.          ЖЭК дамуын ақпараттық қолдау.

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты ҚР Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы экономиканы «жасылдандыру» және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттерді еліміздің жаңа экономикалық бағытының жеті негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындады.

2020 жылғы желтоқсанда Қазақстан бүкіл халықаралық қоғамдастық алдында 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсаттарына бейілдігін жариялады.

2021 жылғы 26 мамырда электр энергетикасы саласын және ЖЭК дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев энергетиканы дамытудың негізгі басымдықтары ретінде таза энергия көздерін, бірінші кезекте гидроэнергетиканы, жаңартылатын энергия көздерін және газдағы маневрлік қуаттарды жүйелі және дәйекті ұлғайтуды, сондай-ақ қазіргі заманғы жағу және сүзу жүйелерін қолдана отырып, «таза көмір» жаңа технологияларына кезең-кезеңімен көшуді айқындауды тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ҚР Үкіметіне 2022 жылдың соңына дейін атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Бүгінгі таңда «жасыл» энергетика және ЖЭК дамыту мәселелері жөніндегі бірнеше салалық ақпараттық-талдау журналдарының бірі «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» ЗТБ 3 жылдан астам уақыт бойы шығарып келе жатқан «Qazaq Green» журналы болып табылады (мерзімді баспа басылымын қайта есепке қою туралы 2021 жылғы 29 наурыздағы №KZ57VPY00033826 куәлік). Журнал беттерінде «жасыл» экономиканы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, қоршаған ортаны қорғау, экология мәселелері жарияланады. Журнал 1500 дана таралыммен және мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылады және Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің аумағында таратылады. Бүгінгі таңда журналды шығару халықаралық ұйымдардың қолдауы есебінен қаржыландырылады.

«Qazaq Green» журналының шығарылымын ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев жоғары бағалап, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығына хат жолдады, онда басылымның қызметі елдегі және Орталық Азиядағы экология және «жасыл» технологиялар мәселелерін жариялау үшін өте пайдалы деп санады және журнал Қазақстанның «жасыл» экономиканы дамыту жөніндегі стратегиясын іске асыруға үлес қосады деген үмітін білдірді.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Үкіметінен «Qazaq Green» журналы үшін «жасыл» экономиканы дамыту, энергияның таза көздерін дамыту, көміртексіздендіру, көміртегі бейтараптығы және экология мақсаттарына қол жеткізу мәселелері бойынша материалдарды орналастыруға республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты бөлу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

 11.          «ЖЭК қызметкерінің күні» кәсіби мерекесі

Экономикалық құралдар тұрғысынан ғана емес, бүкіл сектор қызметкерлерін көтермелеу тұрғысынан да ЖЭК дамуын ынталандыратын қосымша шара кәсіби мереке – ЖЭК қызметкерінің күнін құруды бастау болуы мүмкін.

«Кадрлар бәрін шешетіні» белгілі және ЖЭК секторы бұл қағидалардан ерекшелік емес. Бүгінгі таңда секторда мыңдаған мамандар жұмыс істейді: энергетиктер, инженерлер, құрылысшылар, экономистер, мемлекеттік қызметкерлер, инвесторлар, ғалымдар, талдаушылар. Олардың еңбегінің арқасында қысқа уақыт ішінде елде экономиканың мүлдем жаңа секторы пайда болды, ал жаңартылатын энергияны жиынтық белгіленген қуаты шамамен 2,4 ГВт болатын 130 ЖЭК нысаны өндіреді.

2018-2022 жылдар аралығында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа әлемнің 13 елінен 232 компания қатысты. Секторға 1 трлн. теңгеден астам инвестициялар тартылды.

Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетика бойынша БҰҰДБ, USAID сияқты халықаралық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары (ЕҚДБ, АДБ, ЕАДБ, Таза технологиялар қоры, Жасыл климат қоры және т.б.) жұмыс істейді, олардың барлығы өз портфельдерінде іске асырылған немесе іске асырылып жатқан жобаларға ие. «Жасыл қаржыландыру» тақырыбымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының жеке бөлімшесі айналысады. ENI, Shell, Total әлемдік мұнай-газ компаниялары еліміздің түкпір-түкпірінде ЖЭК жобаларын іске асырумен айналысады.

Еліміздің университеттерінде энергетик студенттерге жаңартылатын энергетика бойынша курстар оқытылады, Назарбаев Университетінде ЖЭК полигоны табысты жұмыс істейді, Қазақстан-Неміс университетінде толыққанды «Жаңартылатын энергетика мен энергия тиімділігінің стратегиялық менеджменті» магистрлік бағдарламасы іске қосылды, мамандар жаңартылатын энергетика тақырыбы бойынша докторлық диссертациялар қорғауда.

ҚР Үкіметінен салаға жас мамандардың келуін ынталандыру шарасы ретінде «ЖЭК қызметкері күні» кәсіби мерекесін құруды сұраймыз.

 

01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды