Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары22.12.2023

«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығына 5 жыл: ЖЭК секторының жетістіктері мен сын-тегеуріндері

7 желтоқсанда «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ұйымдастырған және Қауымдастықтың 5 жылдығына орайластырылған «Қазақстан Республикасында ЖЭК секторын дамытудың жетістіктері мен сын-тегеуріндері» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ ЖЭК секторының іскерлік қоғамдастығы қатысты.

Жаңартылатын энергия секторы біздің еліміздегі ең жас секторлардың бірі болып табылады. Алайда, дамудың қысқа мерзімінде сектор әсерлі нәтижелер көрсетті. Бүгінгі күні секторда мыңдаған мамандар жұмыс істейді: энергетиктер, инженерлер, құрылысшылар, экономистер, мемлекеттік қызметкерлер, инвесторлар, ғалымдар, талдаушылар.

c4wu16nh1isk86srjnzhlkrmkde9mdbj.jpg

UNCTAD World Investment Report – 2023 есебіне сәйкес 2015-2022 жылдары Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздеріне тікелей шетелдік инвестициялар тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінен 31% құрады, ал еліміз Бразилия, Чили, Үндістан, Мысыр және басқа да елдермен бірге жаңартылатын энергия көздері секторына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша үздік-10 дамушы ел қатарына кірді.

«2018 жылы біздің еліміз тарихи таңдау жасады – жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іске асыру процесі тіркелген тарифтер жүйесінен аукциондық сауда-саттыққа өзгертілді. Осы қадамның арқасында әлемнің 13 елінен 230-дан астам компанияны аукционға тартқан ЖЭК нарығы пайда болды, жаңартылатын энергетика жобаларына шетелдік және отандық инвестициялар ағылды, ал ел 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ЖЭК есебінен электр энергиясының 6%-ға жуығын өндіреді. Бүгінгі күні біздің аукциондарымыз елімізде және шетелде, оның ішінде халықаралық ұйымдармен жеңімпаздарды іріктеудің әділ және ашық тетігі ретінде танылды, мұнда жобаның бағасы мен белгіленген қуаты басты рөл атқарады. Биыл, мысалы, біз Абай облысында қуаты 10,001 МВт ЖЭС салу үшін жел энергетикасы бойынша – 10,38 тг/кВт*сағ рекордтық төмен бағаның куәсі болдық. Бұл – үлкен жетістік!», – деп атап өтті «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов.

Қазіргі уақытта республикада белгіленген қуаты 2 715,8 МВт болатын 141 ЖЭК объектісі (100 кВт-тан жоғары және істен шыққан объектілерді шегеруді ескере отырып) жұмыс істейді:

‒             қуаты 1 246,6 МВт болатын 55 жел электр станциясы объектісі;

‒             қуаты 1 197,83 МВт болатын 44 күн электр станциясы объектісі;

‒             қуаты 269,605 МВт болатын 39 гидроэлектростанция объектісі;

‒             қуаты 1,77 МВт болатын 3 биогаз электр станциясы объектісі.

2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жаңартылатын энергетика объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 4,91 млрд. кВтсағ (ЖЭС – 2 575 млн. кВтсағ; КЭС – 1 571,9 млн. кВтсағ; ГЭС – 760,9 млн. кВтсағ; БиоЭС – 2,25 млн. кВтсағ) немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінен 5,97% құрады.

Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетика бойынша БҰҰДБ, USAID сияқты халықаралық ұйымдар, сондай-ақ қаржы институттары (ЕҚДБ, АДБ, ЕАДБ, Таза технологиялар қоры, Жасыл климат қоры және т.б.) жұмыс істейді, олардың барлығы өз портфельдерінде іске асырылған немесе іске асырылып жатқан жобаларға ие. ENI, Shell, Total әлемдік мұнай-газ компаниялары еліміздің түкпір-түкпірінде ЖЭК жобаларын іске асырумен айналысады.

«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі негізгі сараптамалық орталық болып табылады. Қауымдастық 2018 жылы құрылды және биыл өзінің 5 жылдығын атап өтті. Qazaq Green негізгі міндеті ЖЭК секторын дамытуға жәрдемдесу, ЖЭК секторын дамытуды реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу, «жасыл» экономиканы ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы, корпоративтік секторда ЖЭК бойынша құзыреттерді қалыптастыру, ЖЭК секторының іскерлік қоғамдастығын шоғырландыру болып табылады.

Qazaq Green қауымдастығы ЖЭК бойынша Qazaq Green Fest халықаралық іскерлік фестивалінің ұйымдастырушысы болып табылады, Qazaq Green ақпараттық-талдау журналын шығарады, Qazaq Green.com «жасыл» экономиканы дамыту мәселелері бойынша онлайн жаңалықтар порталының жұмысын жүргізеді, ЖЭК объектілері бойынша іскерлік экспедициялар ұйымдастырады, сондай-ақ ЖЭК мектебінде жобаларды іске асыру мәселелеріне үйретеді.

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қатысушылардың 28-ші конференциясында «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы Qazaq Green Certificate Program алғашқы отандық ерікті көміртегі стандартын таныстырды. ҚР сауда жүйесіне кірмейтін жеке компаниялардың ESG қағидаттарына адалдығын растауға және көміртегі ізін көміртегі бірліктерімен жабуға мүмкіндігі жоқ. Qazaq Green Certificate бағдарламасы жеке және корпоративтік тұлғаларға ерікті офсеттік бірліктерді сатып алу арқылы климаттың өзгеруіне қарсы күреске үлес қосуға, сол арқылы ESG қағидаттарына адалдығын растауға мүмкіндік береді.

Қауымдастық мүшелерінің құрамында отандық және шетелдік инвесторлар, әзірлеушілер, инжинирингілік және жобалау компаниялары, жабдықтарды жеткізушілер, консалтингілік фирмалар, ЖЭК мамандықтары бойынша даярлауды жүзеге асыратын университеттер бар. Қауымдастық ҚР Энергетика министрлігінде, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде, «Атамекен» ҚР ҰКП-да аккредиттелген.

cq2ebocovwcjvtodhpwsnqr9u7vg7anq.jpg

 

01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды