Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары08.09.2022

Arm Wind компаниясы «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының мүшесі атанды

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыратын Plenitude еншілес компаниясы «Arm Wind» LLP (өз кезегінде Eni-ге 100% тиесілі) ҚР-ның жаңартылатын энергия көздері және көміртексіздендіру саласындағы мақсаттарымен синергияда көміртекті бейтараптыққа және негізгі климаттық мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі өзінің даму стратегиясы аясында «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығына қосылуға шешім қабылдады.

«Arm Wind компаниясы өзінің көміртексіздендіру стратегиясы аясында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыруға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы саясатты жақсартуға және үздік салалық практикаларды қолдануға қолдау көрсетуге ұмтылады. Осы мақсатта «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы арқылы сарапшылық қоғамдастықпен әріптестік елдегі жаңартылатын энергия көздері секторын одан әрі дамыту үшін бірлескен шешімдерді іздеу саласындағы тамаша ынтымақтастықты білдіреді», деп атап өтті «Arm Wind» ЖШС басқарушы директоры Алекс Стиллавато мырза.

«Біз Arm Wind компаниясымен «жасыл» энергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастыққа өте қуаныштымыз және олардың біздің қауымдастыққа кіру туралы өтінішін ынтамен қабылдадық. Eni сияқтыД компаниялардың дәстүрлі энергетикалықД секторлардан жаңартылатын энергия көздеріне көбірек шоғырлануының символдық мәні бар. Біз Qazaq Green қауымдастығындағы осындай мүшелермен сектордың дамуына серпін беретінімізге сенімдіміз», деп атап өтті «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы Директорлар кеңесінің Төрағасы Нұрлан Қапенов.

Arm Wind компаниясы Қазақстанда 2020 жылдың наурыз айында жаңартылатын энергия көздері бойынша өзінің алғашқы жобасын іске қосты және Ақтөбе облысының Бадамша кентінің маңында қуаттылығы 48 МВт жел электр станциясын коммерциялық пайдалануды бастады, жыл сайын шамамен 195 ГВт*сағ электр энергиясын өндіреді, бұл CO2 шығарындыларын жылына 172 000 тоннаға дейін қысқартуды қамтамасыз етеді. 2022 жылғы наурызда компания белгіленген қуатты 48 МВт-қа ұлғайтып Бадамша-2 жел электр станциясының салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Бүгінгі күні Бадамша-2 жел паркінің жел турбиналары өлшемі бойынша да (ротордың диаметрі 158 метр, күпшектің биіктігі 101 метр), қуаты бойынша да (әрқайсысы 4,8 МВт) Қазақстанда бұрын-соңды орнатылған ең үлкен турбиналар.

Сонымен қатар, 2021 жылдың наурыз айында Arm Wind Қазақстанның оңтүстігінде, Түркістан облысының Шәуілдір кентінің маңында қуаты 50 МВт фотоэлектрлі электрстанциясының құрылысын бастады.

Бұл жобалар компанияның энергетикалық ауысуға арналған толық ауқымды бағдарына сәйкес іске асырылып жатыр, сондай-ақ олар Қазақстанның көміртекті бейтараптығы жөніндегі мақсатына қол жеткізуге ықпал етеді. «Arm Wind» ЖШС жалпы белгіленген қуаты 2025 жылға қарай 6 ГВт-тан астам және 2030 жылға қарай 15 ГВт-тан астам жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалардың теңгерімді және әртараптандырылған портфеліне қол жеткізуге бағытталған жаңартылатын энергия көздері саласындағы Plenitude стратегиясын жүзеге асырады.

Eni Қазақстан Республикасында 1992 жылдан бері қызмет етеді. Бұл компания Қарашығанақ кен орнындағы бірлескен жұмыстардың қатысушысы және Қашаған алып кен орнын қоса алғанда, әр түрлі Солтүстік Каспий жобаларының акционері. 2018 жылы Eni «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен бірлесіп Исатай мен Абай барлау блоктарында бірлескен операцияларды бастады. Сол жылы Eni жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға қатысты өзінің операциялық портфелін кеңейту мақсатында «Arm Wind» ЖШС-ны сатып алды. Бүгінгі таңда «Arm Wind» ЖШС Plenitude-тың (өз кезегінде толығымен Eni-ге тиесілі) еншілес компаниясы және оның ЖЭК жөніндегі барлық үш жобасын Қазақстанда Arm Wind басқарады. Компания сондай-ақ елдегі жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер іздестіруге ниетті.

 

26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды