Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары21.12.2022

SMEC Қазақстанда Qazaq Green қауымдастығына қосылады

SMEC біздің клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін инновациялық шешімдерді ұсынатын инжиниринг, басқару және әзірлеу саласындағы жаһандық консалтингтік компания. Ұлттық құрылыс инфрақұрылымын құрудың 70 жылдық тарихын пайдалана отырып, компания бастапқы тұжырымдамадан, техникалық-экономикалық негіздемеден, жоспарлау мен жобалаудан бастап құрылысқа, пайдалануға беруге, пайдалануға жәнетехникалық қызмет көрсетуге дейінгі жобаның бүкіл өмірлік циклі бойындағы күрделі міндеттерді шешу үшін техникалық сараптамалықтәжірибе мен озық инженерлік қызметтерді ұсынады.

2016 жылы SMEC штаб-пәтері Сингапурда орналасқан және 40-тан астам Азия елдерінде, Австралияда.Ұлыбританияда, Таяу Шығыста, Африкада, Солтүстікжәне Оңтүстік Америкада 120 кеңседе бүкіл әлем бойынша 16000-нан астам қызметкері бар Surbana Jurong Group тобына қосылды.

Біздің клиенттеріміз үшін сенімді серіктес бола отырып, SМЕС ЖЭК жобаларында және негізгі инфрақұрылымдық жобаларда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде айтарлықтай халықаралық тәжірибеге ие.

Орталық Азия және Кавказ бойынша атқарушы директоры Кава Баха мырза SMEC Qazaq Green қауымдастығының бір бөлігі болғанына қуанышты екенін және Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзінің бай тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.

«Жаңартылатын энергия көздері саласындағы SMEC тәжірибесі түрақты энергетикалық саясат пен салалық жоспарлауды, көміртекті қызметтерді,жүктемені болжау модельдерін және модельдеу мен динамикалық бағдарламалау әдістерін қолдана отырып, ұзақ мерзімді генерацияны жоспарлауды қамтиды», деді Баха мырза.

Компанияның портфелі жалпы белгіленген қуаты 6,7 ГВт болатын 95-тен астам күн электр станцияларын және жалпы орнатылған қуаты 2,6 ГВт-тан асатын 650-ден астам жел турбиналарын әзірлеугетікелей қатысуды қамтиды.

«Біз SMEC Компаниясын Qazaq Green қауымдастығының мүшесі ретінде қарсы аламыз. Қазақстан өзіне көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша өршіл мақсат қояды, онда жаңартылатын энергия көздерін дамыту көмiртексіздендіру процесінің негізі болып табылады. 2035 жылға дейін үкімет елімізде шамамен 6 ГВт жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға беруді жоспарлап отыр және біз SMEC құзыреті осы мақсатқа жетуге көмектеседі деп үміттенеміз», деді «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов.

1995 жылдан бастап SMEC автомобиль жолдары, ирри­гация, су ресурстары, сумей жабдықтау, санитария, электр энергиясын беру, қосалқы станциялар мен тұтыну, қоғамдық пікір, білім беру, Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы әкімшілік сияқты әр түрлі салаларда 40 жобаны жүзеге асырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда SMEC суару және дренаж, су ресурстары мен жол инфрақұрылымын зерттеу саласы ндағы ағымдағы жобаларды жүзеге асыруда.

Компания электр энергетикасымен, ЖЭК жобаларымен, «жасыл» сутегі, аммиак және УХУ өндіру жобаларымен байланысты жобалау қызметтерінде, сондай-ақ тұрақты дамуға қол жеткізу үшін энергия тиімділігін арттыруда және энергияға сұранысты қанағаттандыруда айтарлықтай тәжірибеге ие.

SМЕС жоба иесінің инженерлік кеңесшісі ретіндежәне жаңартылатын энергия көздерін, соның ішінде күн және жел электр станцияларын егжей-тегжейлі жобалауда, қуат беру схемаларын зерттеуді, реттеуші көмекті және қосалқы станцияларды жобалауды қамтамасыз етуде кең тәжірибеге ие. Бұған қоса, компания өз тұтынушыларына жаңартылатын энергияны пайдаланудың әртүрлі технологиялары үшін тиімді және қолжетімді жүйелерді қамтамасыз ету үшін биомасса, биоотын, гидротехнология және энергия тиімділігі стратегияларын әзірлеу бойынша бай тәжірибеге ие.




 

 

26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды