Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары21.12.2022

Qazaq Green алаңында сарапшылар Қазақстандағы ЖЭК-тің өзекті мәселелері мен жетістіктерін талқылады

2022 жылғы 13 желтоқсанда Астанада ҚР Энергетика министрлігі, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы, «ЖЭК бойынша есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС өкілдерінің, отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Конференция спикерлері ҚР Энергетика министрлігінің ЖЭК дамыту департаментінің директоры Абай Құланбай, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Йоханнес Д. Рай, «ЖЭК қолдау жөніндегі ЕҚО» ЖШС бас директоры Гүлжан Нәлібаева, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Капенов және «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының басқарма төрағасы Айнұр Сосланова болды.

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсаттарына ұмтылатынын жариялады, демек, декарбонизация, тұрақты экономиканы дамыту және «жасыл» энергетика мәселелері ел басшылығының сөйлейтін сөздерінің маңызды өзегіне айналды.

Біздің еліміз қабылдаған халықаралық міндеттемелерден басқа, қазіргі энергетикалық дағдарысқа алып келген ескіру және жаңғыртудың төмен қарқыны сияқты мәселелерді шешу қажет.

«Елде қыста электр қуатының тапшылығы сезіліп жатыр. Елімізде электрэнергиясының тапшылығымен байланысты мұндай жағдай биылғы жылдың мамыр айынан бастап ай сайын байқалып келеді, ал 2021 жылы тапшылық қараша, тамыз, шілде және маусым айларында тіркелді. Министрдің пікірінше, мұның себептері ескірген отандық энергия көздері жабдықтарының апаттық істен шығу жағдайларының жиілеп кетуі болып отыр», - деді Нурлан Қапенов.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда апатқа байланысты іркілістер саны 22%-ға, ал олардың ұзақтығы 16%-ға артты. Бүгінгі таңда өндіруші қуаттардың тозуы шамамен 60% құрайды.

Сарапшылардың пікірінше, бұл энергетикалық дағдарыс елде жүйелі және тиімді әрекеттерді қажет етеді.

Qazaq Green басшысының айтуынша, қауымдастықтың мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастығымен бірлесіп жұмыс істеудің арқасында Қазақстанныңжаңартылатын энергетикасы үшін аса өзекті мәселелерді шешу мүмкін болуда. Мысалы, ЖЭК секторының өзекті проблемаларының бірі улттық валюта бағамының жоғары қубылмалылығы болып отыр, ол қолданыстағы және жаңа ЖЭК жобаларының қаржылық жағдайына теріс әсерін тигізуде.

«2022 жылдың басынан бастап Qazaq Green ҚР Энергетика министрлігімен және ЖЭК іскерлік қоғамдастығымен бірлесіп саладағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша үлкен жумыс жүргізді. Осылайша, ЖЭК объектісінің құрылысы кезеңіне тарифті индекстеу енгізілді және бұрын инвесторлардың валюталық тәуекелдерін жаппаған тарифтерді индекстеудің қолданыстағы тетігі айтарлықтай жақсартылды. Индекстеу бойынша жаңа тәсілдер елімізде ЖЭК жобаларын табысты іске асыруға ықпал ететініне сенімдіміз», - деп атап өтті ол.

Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Абай Қуланбай индекстеу бойынша екі шара қабылданғанын растады. Соларға сәйкес, биылдан бастап және одан кейінгі жылдары жеңіске қол жеткізген инвесторлар қурылыс уақытына біржолғы индекстеуге ие болады. Сондай-ақ ЖЭК өндіретін электр энергиясына тарифті индекстеу формуласы қайта қаралды.


«Алдағы уақытта барлық қатысушылар үшін тариф ұлттық валютаның айырбасталатын валюталарға 100% өзгеруін ескере отырып индекстелетін болады», - деді Абай Құланбай.

Qazaq Green ЖЭК қауымдастығының басқарма төрағасы Айнұр Соспанова атап өткендей, қауымдастық мемлекеттік құрылымдармен тығыз жұмыс істейді, сондай-ақ әлемдік және Ташкент, Стамбул, Измир және Токиодағы ОрталықАзия алаңдарында Қазақстанда және өңірде таза энергия көздерін ілгерілету мақсатын- да баспасөз конференцияларында көпшілікалдына сөз сөйлейді, өйткені ол «қазіргі ұрпақ болашақ ұрпақтың алдында жауап беруі тиіс» деп санайды.

«Жаңартылатын энергияның дамуы тек генерация процесінде ғана емес, сонымен қатар экологияны жақсарту процестерінде де үлкен рөл атқарады. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр», - деді ол.

Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Йоханнес Д. Рай қауымдастықтың қормен бірлескен жүмысы, Qazaq Green журналын шығару және qazaqgreen.com. порталын іске қосу арқылы экология және жаңартылатын энергия көздері мәселелерінде халықты ақпараттандыру жұмысының тиімділігін атап өтті.

«Мен бұл үрдіске қатыса алатынымызға, бірге бір нәрсені қүра алатынымызға және өзіміздің аздаған қолдауымызды көрсете алатынымызға қуаныштымын», -деді ол.

Йоханнес Д. Рай ГФР бірінші канцлерінің құрметіне аталған Конрад Аденауэр атындағы қор көптеген конференциялар мен азаматтық білім беру іс-шараларын өткізетінін, саясат саласында зерттеумен айналысатынын, жаһандық мәселелер бойынша ғылыми-сараптамалық форум ұйымдастыратынын, елдер арасындағы диалогты ашуға ықпал ететінін, студенттерге қолдау көрсететінін және т.б. іске асыратынын айтып берді. Қор халықаралық ұйымдар арасында бірегей орынға ие және адамзатқа бостандық, бейбітшілік және әділдік тәрізді жалпыәлемдік қағидаттарды ұсынады.

Қорытынды бөлімінде Нұрлан Қапенов «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығында Директорлар кеңесінің наградалары жөніндегі комитет құрылғанын, Наградалар жөніндегі ережелер мен Комитеттің наградалар туралы ережесі бекітілгенін атап өтті. Қауымдастық сарапшыларды, мамандарды, қызметкерлерді, қызметшілерді, ардагерлерді, жаңартылатын энергия көздері секторы ұйымдарының басшыларын, Qazaq Green мүшелерін Қазақстан Республикасында ЖЭК дамуына қосқан елеулі үлесі және жоғары нәтижелері үшін атап өтті.  

DSC08873.jpg    

Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін берілетін «Жаңартылатын энергия саласына қосқан үлесі үшін» медалі ең жоғарғы мараптаттау дәрежесі болды. Сондай-ақ, «Жаңартылатын энергия саласына еңбек сіңірген қайраткері» және «Жаңартылатын энергия үздігі» атақтары берілді.

26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды