Халықаралық тәжірибе21.12.2022
Green Spark: Жасыл сутегіге негізделген экономикаға барар жолда
2022 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстанның батысындағы мүнай-газ саласындағы шағын, бірақ өте танымал Ақсай қаласында ел өнеркәсібі үшін айтулы оқиға-елімізде жасыл сутегі өндірісінің алғашқы ашылу салтанаты өтті.
Осы өндірісті ашқан Green Spark компаниясы өз қызметіне жаңа технологияларды енгізіп үлперді. Мәселен, 2021 жылы Green Spark Ақсай қаласында өзінің өндірістік базасын салып, іске қосты, оның айрықша ерекшелігі баламалы энергияны, атап айтқанда, күн энергиясын осы объектіні энергиямен қамтамасыз ету және оның жұмыс істеуі үшін пайдалану болып табылады.
Тәжірибесі, білімі, технологиясы және баламалы энергия көздерін енгізуге және пайдалануға ниеті бар Green Spark компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында суды электролиздеу арқылы сутегі өндіру саласындағы пионер болып табылады, өндірістің бұл әдісі ең экологиялық болып табылады, өйткені бұл процесте атмосфераға көмірқышқыл газы мен жаһандық жылынуға әсер ететін басқа да парниктік газдар шығарындылары болмайды. Бұл соңғы онжылдықта Қазақстанның және бүкіл әлемнің мұнай-газ саласы үшін маңызды фактор болып табылады.
Бұл жобанын, мақсаты - әлемнің барлық салаларында және әсіресе мұнай-газ саласында көміртексіздендіруге қарай қозғалысын ескере отырып, осы энергия көзіне және жалпы жаңа дамып келе жатқан жаңартылатын энергия көздері индустриясына тәжірибе, білім алу және назар аудару.
Green Spark компаниясы экологияны сақтау және жаһандық климаттың өзгеруімен күресу қағидаттарын ұстанады. Дәстүрлі энергия көздерін жасыл технологиялармен алмастыра отырып, осылайша ел ішінде де, бүкіл әлемде де даму үшін тауарлар мен қызметтердің жаңа нарығын құра отырып, Green Spark оларды тек өз жобаларында ғана емес, сонымен қатар осы технологияға қызығушылық танытатын барлық серіктестерге ұсынады. Бүгінгі таңда көптеген елдер жаңартылатын энергия көздеріне көшуде, сондай-ақ Қазақстанда өнеркәсіп пен жеке сектор жаңа трендке сүйене отырып, өзгере бастады.
Green Spark осы саладағы басқа әлеуетті серіктестермен ынтымақтастық үшін де ашық. Мысалы, ағымдағы жылдың маусым айында Астана қаласында «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырған сутегі форумында сутегі өндірушілер консорциумын құүру туралы келісімге қол қойылды. Бүл келісімге Green Spark компаниясынан басқа, сутегі саласын ұсынатын компаниялар мен баламалы энерпетикадан болашақ перспективаларды көретін жаңа ойыншылар қосылды.
Жаңа саланы дамыту кезінде жаңа білім алу және тәжірибе алмасу туралы ұмытпау керек. Осы бағытты ұстана отырып. жас мамандар мен инженерлердің жаңа кластеры құра отырып, Green Spark «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШС-мен бірлесіп сутегі энергетикасын бірлесіп зерттеу, тәжірибе және білім алмасу туралы меморандумға қол қойды. Бұл екі компанияның мамандарына өз білімдері мен дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айында «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШСжас мамандары оқытужәнебілім алмасу үшін Ақсай қаласындағы Green Spark өндірісіне барады.
Green Spark компаниясы қазіргі уақытта ішкі және халықаралық нарық осы өнімнің көп мөлшерін қамтамасыз ете алмайтындығы туралы есеп береді. Бірақ мұнда олар басқа компанияларға осы қызықты жолмен бірге жүруге мүмкіндік беру үшін жұмыс істейді. Түпкі мақсаты айқын - Қазақстанда жасыл сутегіге негізделген экономика құру.
Қазақстанда сияқты Green Spark ЖЭK-тің халықаралық жобаларында, Италия, Баэ, Мысыр, Сербия және Оман сияқты елдерде серіктестік құрып, ұсынылған, мысалы, Италияда Green Spark электролизерлер шығаратын зауыт салу жобасына қосылды, осы жобадағы серіктес ретінде Green Spark жасыл сутеп өндіруге арналған жабдықтар өндірушілерінің орнын алуды жоспарлап отыр.
Осы жобадагы серіктес ретінде Green Spark жасыл сутегі өндіруге арналган жабдықтар өндірушілерінің орнын алуды жоспарлап отыр.
Meta АҚШ-та төрт күн энергетикасы жобасынан жасыл сертификаттар сатып алады
Қарағандыда мектеп жанында күн панельдері орнатылады
Қытай бір жылда 260 ГВт жаңа күн панельдерін орнатты
Қазақстан мен TotalEnergies Renewables ЖЭК саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда
Жапониялық ғалымдар күн сәулесі мен суды пайдаланып, сутегі отынын өндірудің жаңа әдісін жасады
Еурокомиссия декарбонизация жобаларына СТВ табыстарынан €4,6 млрд бөлді
Қытайлық Sinoma EC International Өзбекстанда 300 МВт күн электр станциясын салады
Қызылорда облысында күн және жел электр станциялары салынып жатыр
Қазақстан мен Германия жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау үшін күш біріктіруде
Heart Aerospace 30 орындық электрсамолетін 2025 жылы ұшырады
Ғалымдар күн энергиясын алуға әуе шарларын пайдаланбақ
Жамбыл облысында жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар өндіретін зауыттың құрылысы басталды
Қытайда күн сәулесіз ауадан электр энергиясын өндіретін герметикалық контейнер жасалды
Литва Украинада күн электр станцияларын салуға €5 млн бөлді
Үндістан 12 айда 20 ГВт күн энергиясын іске қосты
Оңтүстік Кореяның оффшорлық Jeonnam 1 жел электр станциясы алғашқы электр қуатын өндірді
Қырғызстанда Токтогул СЭС-інде қалқымалы КЭС салынады
Парламент Жетісу облысында ірі ЖЭС салу туралы құжатты қарайды
«Жасыл» интернет: Google геотермалдық энергияға негізделген жобаны іске қосты
Ørsted АҚШ-та күн электр станциясын іске қосып, прерияларды сақтау үшін 953 акр жерді берді