Орталық Азия жаңалықтары

Орталық Азия жаңалықтары04.03.2024

USAID Өзбекстанда «жасыл» сутегі орталығын іске қосады

QAZAQ GREEN. 29 ақпанда АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) Өзбекстанның таза энергетика саласындағы мақсаттарын – «жасыл» сутегі орталығын дамытуды қолдайтын жаңа бастама ұсынды. «Жасыл» сутегі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы өндірілетін сутегі энергиясы ретінде анықталады, деп хабарлайды АҚШ Елшілігі.

Өзбекстан 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия өндірісінің 25 пайыздық үлесін қамтамасыз етуге және 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ниетті. USAID Энергетика министрлігімен және энергетика секторының мүдделі тараптарымен «жасыл» сутегі орталығын іске қосу үшін жұмыс істейді, бұл мамандарды дайындауға және энергетика секторында экологиялық таза технологияларды дамытуға көмектеседі.

Өзбекстан энергетика министрінің орынбасары Умид Мамадаминов және Өзбекстандағы USAID миссиясы директорының міндетін атқарушы Эдвард Михальски жасыл сутегі орталығының тұжырымдамасын іске асырудың бастапқы кезеңін талқылау және басымдықтарды анықтау үшін энергетика секторының негізгі өкілдерімен кездесу өткізді.

Бұл жұмыс USAID-тің «Орталық Азия энергетикасы» флагмандық өңірлік энергетикалық жобасының арқасында мүмкін болды. Бес жылдық кезеңге арналған, жалпы бюджеті 39 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба энергетика секторының көрсеткіштерін жақсартуға, таза энергетиканы дамытуды жеделдетуге, сондай-ақ өңірлік байланыстарды кеңейту және трансшекаралық электр энергиясы саудасын кеңейту арқылы энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты арттыруға бағытталған. Осы жобаның арқасында ғана USAID таза энергетикалық инвестицияларға 2,2 миллиард АҚШ долларын тартты және бүгінгі күнге дейін бүкіл Орталық Азия бойынша 2241 мегаватт таза энергия қуатын орнатуға ықпал етті.

29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді