Қазақстан жаңалықтары21.08.2023
Қазақстан 2027 жылға дейін жиынтық қуаты 6720 МВт ЖЭК жобаларын аукционға шығарады

QAZAQ GREEN. ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанда декарбонизацияға және көміртегі ізін төмендетуге арналған әлемдік трендтер аясында жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) қалай дамып келе жатқан туралы ақпарат жариялады.
«ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру бойынша 2025 жылы – 6%, 2030 жылға қарай – 15%, 2050 жылға қарай – 50% (баламалы көздерді ескере отырып) қабылданған нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін, ҚР Энергетика министрлігі 2024-2027 жылдарға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу Жоспарын, сондай-ақ 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу Кестесін қалыптастырды. 2027 жылға дейін ЖЭК жобалары үшін аукциондық сауда-саттықа 6720 МВт қою жоспарланып отыр.
2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес аукциондық сауда-саттықтың алғашқы лоттары ағымдағы жылдың 31 тамызы мен 1 қыркүйегінде ГЭС жобаларын іріктеу бойынша өтеді. Бұдан әрі СЭС, ЖЭС және БиоЭС бойынша аукциондық сауда-саттық ағымдағы жылдың қараша айында өтеді. Ашылған қуаттың жалпы көлемі 860 МВт, оның ішінде ГЭС жобалары үшін – 250 МВт, СЭС-100 МВт, ЖЭС – 500 МВт және БиоЭС-10 МВт болып табылады», – Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша.
2013 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама бекітілді. Ол Қазақстан халқының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру және қоршаған ортаға жүктемені барынша азайта отырып, елдің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі арқылы жаңа формация экономикасына көшу мақсатында терең жүйелі қайта құрулар үшін негіз қалайды. Сонымен қатар, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Париж келісімдері шеңберінде климаттың өзгеруіне қарсы күреске қосылды. Осыған байланысты, ел ЖЭК дамытуға бағытталған белсенді қадамдар жасауда.
Ағымдағы жылдың шілде айындағы жағдай бойынша республикада белгіленген қуаты 2527 МВт болатын 133 ЖЭК объектілері бар, олардың ішінде:
– қуаты 1107,5 МВт 48 жел электр станциялары;
– қуаты 1148 МВт 43 күн электр станциялары;
– қуаты 269,605 МВт 39 гидроэлектростанциялары;
– қуаты 1,77 МВт 3 биогаз электр станциялары.
2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша жаңартылатын энергетика объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 3,35 млрд.кВтсағ (ЖЭС – 1910 млн.кВтсағ; СЭС – 976,3 млн.кВтсағ; ГЭС – 461,8 млн.кВтсағ; БиоЭС – 1,8 млн.кВтсағ) немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 5,8% құрады.
2018 жылдан бастап ЖЭК жобаларын іріктеу аукциондық тетік бойынша өтеді. Бұл бір жағынан жобалар мен инвесторларды іріктеу процесін ашық әрі түсінікті етуге, екінші жағынан ЖЭК қуатын енгізуден соңғы тұтынушылардың тарифтеріне әсерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін неғұрлым тиімді технологиялар мен жобаларға ставка жасауға мүмкіндік берді.
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті