Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары09.05.2024

Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді

QAZAQ GREEN. CCPI 2024 рейтингінде Қазақстан индексі 38,52 құрады. 2024 жылы климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша 67 елдің ішінен Қазақстан тек 60-орынды иеленді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі инвестициялар 11,3 млрд теңгені құрады – өткен жылмен салыстырғанда 45,7%-ға аз.

Өңірлік бөліністе сектордағы инвестициялардың басым бөлігі Ақмола облысына тиесілі болды: бір жыл бұрынғы 7,7 млрд теңгеге қарағанда 4 млрд теңге. Инвестиция көлемі 47,5%-ға қысқарды. Бұдан әрі Атырау облысы (3,5 млрд теңге), Шымкент (1,7 млрд теңге) және Астана (1,7 млрд теңге) келеді.

Қоршаған ортаны қорғауға салынған күрделі салымдар елдің 20 аймағының 8-інде ғана бөлінді.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялардың жалпы көлемінің 80,4%-ын кәсіпорындардың меншікті қаражаты құрады: 9,1 млрд теңге – 2023 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 22,8%-ға аз.

Банктік емес қарыз қаражатына бір жыл бұрынғы 6,6 млрд теңгеге қарсы 1,6 млрд теңге, банктік кредиттерге – 2023 жылғы 2,3 млрд теңгеге қарсы 621,2 млн теңге келді, деп хабарлайды finprom.kz.

CCPI сарапшылары жаһандық парниктік газдар шығарындыларының 90%-дан астамын бірге өндіретін 63 ел мен Еуропалық одақты бағалады. Индекс 4 санатқа кіретін 14 көрсеткіш негізінде есептелді: парниктік газдар шығарындылары, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), энергияны пайдалану және климаттық саясат.

Рейтинг төртінші орыннан басталды, өйткені сарапшылар бірде-бір ел үштікке лайық емес екенін атап өтті. Төртінші орынды Дания иеленді, одан кейін Эстония мен Филиппин орналасып, ал Сауд Арабиясы рейтингті жапты.

Тізімге енген ТМД елдері арасында Беларусь пен Өзбекстан Қазақстаннан жақсы болды. Барынша төмен индекс – Ресейде.

Естеріңізге сала кетейік, 2030 жылға қарай ҚР парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылмен салыстырғанда 15%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Жалпы ел бойынша электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесі 2030 жылға қарай 15% деңгейінде қалыптасуы тиіс. Әзірге, 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан қорытындылары бойынша олардың үлесі небәрі 5,9%-ды құрайды.

 Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділік индексі (ағылш. Climate Change Performance Index, CCPI) - халықаралық климаттық саясаттағы ашықтық деңгейін арттыру мақсатында Germanwatch неміс экологиялық ұйымы құрастыратын көрсеткіш. Индекс 2005 жылдан бастап жыл сайын жасалады.

20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр