Қазақстан жаңалықтары29.01.2024
Сенатта «жасыл» технологияларды дамыту мәселелері талқыланып отыр

QAZAQ GREEN. Сенаттың вице-спикері Ольга Перепечинаның төрағалығымен Тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын бақылау жөніндегі Парламенттік комиссияның отырысына дайындық аясында «ТДО іске асыру аясында Қазақстандағы баламалы энергия көздері мен «жасыл» технологияларды дамыту» тақырыбында жұмыс кездесуі өтті.
Ольга Перепечина Қазақстанда анағұрлым әртараптандырылған және «жасыл» экономиканы құру үшін құрылымдық реформалар қазірдің өзінде басталғанын атап өтті.
«Қазақстан трансформациясының негізінде елдегі парниктік газдар шығарындыларының төрттен үш бөлігін құрайтын энергетикалық жүйені терең декарбонизациялау жатыр. Энергетика секторын декарбонизациялау бізге екі есе пайда әкелуі тиіс: көміртегі шығарындыларын азайту және климат өзгеруінің салдарын азайтуға ықпал ету, ал таза отынға көшу арқылы отынның жануынан атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын азайту», - деді Ольга Перепечина.
Сондай-ақ сенаторлар сутегі энергетикасын дамытуға инвесторлар тарту үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Депутаттар жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті инфрақұрылымды ескере отырып, жаңартылатын энергия жобалары үшін ықтимал жер телімдерін алдын ала анықтауы тиіс деп санайды.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев жасыл технологиялар саласындағы жұмыс туралы айтып берді. Ол Қазақстанда бірқатар заңнамалық құжаттарды қабылдау арқылы «жасыл» экономикаға көшудің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері жасалғанын мәлімдеді.
Сонымен бірге, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Qazaq Green» жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы, Жас ғалымдар альянсы және Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының өкілдері өз баяндамаларын жасады.
«Жаңартылатын энергия саласындағы жетістіктер желілік инфрақұрылымды нығайтудың маңыздылығын растайды. Біздің келесі қадамдарымыз екіжақты келісім-шарттарды дамытуды және «жасыл» сутегінің мүмкіндігі мен болашағына терең талдау жүргізуді қамтиды», - деді Qazaq Green жаңартылатын энергия қауымдастығының басқарма төрайымы Айнұр Соспанова.
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады