Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары18.03.2024

ЕО көміртегі салығын енгізу Қазақстанның өнеркәсіптік секторына қалай әсер етеді

QAZAQ GREEN. Экономиканы декарбонизациялау саласындағы халықаралық тәжірибені ЭЫДҰ-SIPA және QazTrade қолдауымен Қазақстанның өнеркәсіптік экспорттаушыларына арналған семинарда мемлекеттік сектордың, бизнестің өкілдері, сарапшылар талқылады.

2026 жылдан бастап Еуропа елдері трансшекаралық көміртекті реттеуге көшті. Жаңа көміртегі салығы қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық өніміне де қолданылатын болады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бизнес үшін өтпелі кезең жұмыс істейді, осы мерзім өткеннен кейін шығарындылар үшін көтерілген экологиялық төлемдер өнеркәсіптің 6 секторына әсер етеді. Бұл қара металдар мен алюминий, цемент, тыңайтқыштар, сутегі және электр энергиясын өндіру.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың айтуынша, шекаралық көміртегі механизмін енгізу жетекшілік ететін министрліктермен және өнеркәсіпшілермен бірлесіп үлкен жұмыс көлемін қарастырады. Қазірдің өзінде ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, ол қысқа мерзімде ұсыныстар әзірлеп, қазақстандық кәсіпорындар үшін қандай тәуекелдер бар екенін айқындайды.

«QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыровтың айтуынша, ЕО-ның «Жасыл бағыты» және шекаралық түзетуші көміртегі салығын енгізу қазақстандық жағдай үшін өзекті. Біздің елдеріміз арасында кең ауқымды бағыттар мен бірлескен бастамаларды қамтитын Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім бар. Өткен жылдан бастап QazTrade Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп экспортқа бағдарланған компаниялар үшін көміртегіге салық салу бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізуде.

«Біздің өндірушілерде жаңа трансшекаралық салық бастамасына қатысты сұрақтар туындайды. Біз ЕО-ның тұрақты даму және декарбонизация мақсаттарын қолдаймыз, бірақ бұл мақсаттар халықаралық саудаға кедергі келтірмеуі тиіс», - деді Нұрлан Құлбатыров.

Бүгінде ЕО елдеріне қазақстандық экспорттың 39%-ы тиесілі. Бұған мұнай, мұнай өнімдері, ферроқорытпалар, көмір, уран, бидай және басқа да тауарлар кіреді. Еуропа елдерінің сауда көлемі оң динамиканы көрсетеді. 2023 жылы Қазақстан ЕО-на 41,4 млрд долларға өнім экспорттады, оның 388,7 млн доллары көміртекті көп қажет ететін тауарларға тиесілі.

Семинарда Еуропалық комиссияның Салық салу және кеден одағы мәселелері жөніндегі Бас дирекциясының аға сарапшысы Делфин Салард атап өткендей, трансшекаралық реттеу негізінен Қазақстанның 2022 жылғы ЕО-на экспортының жалпы құнының шамамен 0,9% және 0,8%-ын құрайтын қара металлургия мен алюминийдің отандық секторларына әсер етеді. Еуропалық сарапшылар жоғары көміртекті құрамдас бөлігі бар қазақстандық тауарларды жеткізудің өсуін күтуде.

Бірінші кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындар тоқсан сайын Еуропалық Комиссияға экспорт көлемі, өнім өндірумен байланысты парниктік газдар шығарындылары және пайдаланылатын квоталар туралы ақпаратты қамтитын есептерді ұсынуы керек. Есептерге есепті тоқсаннан кейін екі ай ішінде өзгерістер енгізуге болады.

2025 жылдан кейін көміртекті реттеу күшіне енеді және тегін квоталар біртіндеп жойылады. Бұл ретте, Делфин Салардтың айтуынша, бастапқыда төлемдер тікелей шығарындыларға әсер етеді, кейіннен қамту саласы мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі сияқты көміртектің ағып кету қаупі бар басқа секторларға кеңейтілуі мүмкін.

ЭЫДҰ-ның Халықаралық климаттық іс-қимыл бағдарламасының жетекшісі Родриго Пизарро көміртегі квоталарының бағасы неден қалыптасатыны, сондай-ақ шығарындылар саудасы жүйесі неден тұратыны туралы айтты. Шекаралық көміртекті түзету механизмін енгізу жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған, дейді Родриго Пизарро.

Қазақстан алдында 2030 жылға қарай таза шығарындыларды 328,4 млн тоннаға дейін төмендету және халықаралық қолдау шартымен 1990 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда шығарындыларды 25%-ға қысқарту міндеті тұр. ЭЫДҰ сарапшылары түсіндіргендей, бұл 2030 жылға қарай Қазақстанға көмір генерациясының үлесін 65%-дан 40%-ға дейін қысқарту және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 10%-дан 24%-ға дейін ұлғайту қажет дегенді білдіреді.

ЕО елдерінің көміртегі салығын енгізуі экспорттық тауарлардың құнына, демек өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне автоматты түрде әсер етеді. Көтерілген баға кейбір нарықтарды отандық тауарларға гипотетикалық түрде жабуы мүмкін. Сонымен, қазірдің өзінде кәсіпорындар декарбонизация және балама технологияларға көшу бойынша жұмысты бастауы керек.

«Қазақстандық экспортта көмірсутек шикізатының құрамдас бөлігі неғұрлым жоғары болса, импорттаушы елдерде салықтар мен алымдар соғұрлым жоғары болады. Сондықтан өндірістің технологиялық процестерін жаңғырту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, оларды іске асыруға, оның ішінде бюджеттік қаражатты қарастыру қажет», - деді QazTrade» АҚ Халықаралық интеграция департаментінің директоры Айнұр Әмірбекова.

 

26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды