Қазақстан жаңалықтары17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті

QAZAQ GREEN. 2024 жылғы 16 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ақкенженовтың Е.Қ. төрағалығымен ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың мемлекеттік органдарының өкілдері, оның ішінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас және Еуропалық сыртқы әрекет қызметінің Орталық Азия департаментінің басшысы Крисслер Дитмар қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдерінің энергетикалық қауіпсіздік, көлік саясаты, қоршаған ортаны қорғау, көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің өзекті мәселелері және су ресурстарын басқару мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаһандық энергетикалық диалогты орнатудағы және қалыптасқан байланыстарды нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, тараптар Еуропалық Одақ елдерінің стратегиялық серіктестерімен энергетика саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ынтымақтастық арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бірлескен жүйелі жұмысты атап өтті.
Кездесу барысында қазақстандық тараптың өкілдері Қазақстанның метан жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылуы елдің төмен көміртекті дамуға деген ұмтылысын растайтынын, сондай-ақ «жасыл» инвестицияларды тарту үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Тараптар сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның жекелеген аймақтарының көлік саясаты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды, сондай-ақ TEN-T және Орта дәліз аясында өңіраралық байланыс әлеуетін қанағаттанушылықпен атап өтті. Сондай-ақ олар Global Gateway бастамасын жүзеге асыру аясында көлік департаменттері мен халықаралық қаржы институттары арасындағы өзара іс-қимылдың ауқымды жоспарларын талқылады.
Жалпы, табысты келіссөздердің нәтижелері бойынша мемлекетаралық салалық ынтымақтастықты нығайту бойынша алдағы қадамдар белгіленді.
ҚР-ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің келесі 8-ші отырысы 2025 жылы Брюссельде, Бельгияда өтеді.
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда
Испаниядағы блэкауттың себептері анықталды: ресми есеп жарияланды