Қазақстан жаңалықтары20.06.2024
Қазақстанның ЖЭК туралы жаңа Заңы шағын генерацияны дамытуды ынталандырады

QAZAQ GREEN. Мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заң энергетика саласын қолдау және дамыту тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Атап айтқанда, жаңартылатын энергетика саласында шағын генерацияны дамыту үшін «жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі шағын масштабты объект» (бұдан әрі – шағын масштабты ЖЭК) ұғымы енгізілді. Мұндай типтегі обьектілердің санатына қуаты 200 киловаттан аспайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып электр және/немесе жылу энергиясын өндіретін техникалық құрылғылар жатады.
Шағын масштабты ЖЭК иелері осындай объектілер өндірген электр энергиясын және/немесе жылу энергиясын өз қажеттіліктеріне қазіргідей пайдалана береді және артық электр қуатын энергиямен жабдықтаушы ұйымға сата алады. Ал аталған ұйым оны Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті белгілейтін шекті бағамен сатып алады.
Еліміздің гидроэнергетикалық әлеуетін арттыру мақсатында 2023 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген, жиынтық қуаты 10 мегаваттан аспайтын шағын гидроэлектр станцияларының (бұдан әрі – ШГЭС) өндірген электр энергиясын жабдықтаушы ұйымдарға тікелей, яғни бірыңғай сатып алушының қызметіне жүгінбей өткізуге рұқсат етіледі.
ШГЭС өндірген электр қуатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар Энергетика министрлігі белгілеген шекті тариф бойынша басым тәртіппен сатып алады. Тариф әр жеті жыл сайын қайта бекітіліп отырады.
Сонымен қатар Заңда отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, энергия өндіретін қондырғылар салу арқылы бұрынғы электр станцияларын жаңғыртуға, реконструкциялауға және/немесе кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер жасау шарттары түзетілді.
Бұдан бөлек, коммуналдық меншіктегі өңірлік электр желілік компанияларға электр желілерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджет есебінен кредит беру тәртібі енгізіледі.
Кредит беру қағидаларын Энергетика министрлігі Қаржы министрлігімен келісе отырып бекітеді.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады