Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары31.07.2024

Қазақстан қуат тапшылығына тап болуы мүмкін

QAZAQ GREEN.  Қазақстан жақында энергия тапшылығына тап болуы мүмкін. Мамандардың есебінше, алты жылдан соң еліміздегі жетіспеушілік 13,5 млрд кВт сағатына дейін өседі. Қазір бұны болдырмау үшін бірнеше бағытта жұмыс жүріп жатыр. мәселен, жылу электр станцияларының құрылысы басталды. Бұл шара тапшылықты жоя ма?

Қазір елімізде баламалы қуат көздерін пайдалануға ден қойған. Бірақ көмірден бас тарта алмаймыз. Себебі елімізде электр энергиясының 80 пайыздан астамы осы отыннан өндіріледі. Қалған жеті пайызы газдан, сегіз пайызы су көздерінен алынады. Ал атом электр станцияларының құрылысы бойынша шешім әлі қабылданған жоқ, хабарлайды 24.kz

«Көмірден бас тартпауымыз керек. Бастысы зиянды шығарындыларын азайта алсақ болды. Қазір Қытай мен Оңтүстік Африка Республикасында аз отынмен көп жылу шығара алатын заманауи станциялар салынып жатыр. Сондай-ақ экологиялық талаптарға сай қоқыс өртеу зауыттарын да салуға болады. Бұл қалдығы көп, энергия тапшы оңтүстік өңірлер үшін өте тиімді», – деді энергетикалық қауіпсіздік сарапшысы Алмаз Әбілдаев.

Қазір үкімет тапшылықты жылу станцияларын іске қосу арқылы жоюға тырысып жатыр. Үш жаңа нысанды Ресейлік мамандар салмақ. Жоспар бойынша құрылыс 2027 жылға дейін аяқталуы керек.

 «Бұл халықаралық қаржы институттарының қаражаты болғанына қарамастан бізге қазақстандық тауар өндірушілерді де жұмысқа тарту керек. Бүгінде отандық энергомашинажасау саласы жақсы деңгейде. Әрине барлық жабдықты дайындай алмайтын шығар. Бірақ қазіргі мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Ал қазақстандықтар бұл жобаның арқасында жаңа өнімдер жасауды үйренуге тиіс. Себебі, көп ұзамай тағы да жылу станциялары салынады. Немесе басқа электр станциялары қайта жабдықталуы мүмкін. Сол кезде қажеттілікті отандық өндіріс қамтамасыз ететін болады», – деді энергетик, «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры Жақып Хайрушев.

Ал сала ардагерлері тапшылық қолдан жасалып отырғанын айтады. Қолда бар ресурстар сауатты пайдаланылса сұранысты толық қанағаттандыруға болады дейді Миржан Асрепов.

 «Қазақстанда маневрлі электростанциялар жетіспейді. Яғни олар керек кезде өз жүктемесін көбейтіп не азайта алатын кәсіпорындар. Сондықтан шағын және ірі гидро электр станцияларының көптеп салу керек. Бұл нысандарды Ертіс, Сырдария мен Іле өзендерінің бойында орналастыруға болады. Сонымен қатар «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры бойында газ электр станцияларының құрылысын да қолға алуымыз керек. Сонда Ресейден қымбатқа энергия сатып алмаймыз», – деді ардагер энергетик Миржан Асрепов.

Қазақстандағы электростанциялардың жобалық қуаты 20,4 ГВт, ал қолданыстағы қуаты 15,4 ГВт. Бұл жыл басындағы көрсеткіш. Ал тозған жабдықтардың үлесі 56%. Ел бойынша барлығы 220 электр станциясы жұмыс істеп тұр. Оның 144-і баламалы қуат көздерін қолданады.

Қазақстандағы электр қуаты:

 жобалық қуат – 20,4 гвт

қолданыстағы қуат –  15,4 гвт

ескіру деңгейі – 56%

электр станциялар саны – 220

баламалы қуат көзі – 144

29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады