Қазақстан жаңалықтары29.10.2024
22 экобастама Қазақстандағы ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасы шеңберінде гранттар алды

QAZAQ GREEN. Қазақстанның он облысынан жиырма екі экологиялық бастама Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен серіктестікте БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) аясында іске асырылатын Қазақстандағы жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) Шағын гранттар бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдау алды.
Бағдарламамен қамтылған өңірлердің қатарында Абай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстары бар.
«БҰҰДБ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Шағын гранттар бағдарламасы жиырма жылдан астам уақыт бойы орнықты даму күн тәртібінің жергілікті шешімдерін ұсына отырып, жергілікті қоғамдастықтар мен азаматтық сектор бастамаларын қолдауда маңызды рөл атқарды», – атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы энергетика және қоршаған орта департаментінің басшысы Әсел Нұрбекова.
2023 жылдың шілдесінде басталған ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасының жетінші кезеңі климаттың өзгеруін азайтуға және жердің тозу процестерін азайтуға ықпал ететін экологиялық бастамаларды қолдауға бағытталған. Қазақстанда іріктелген жобаларға жаңартылатын энергетиканы дамыту, табиғи ресурстарды орнықты басқару, топырақты сақтау және қалпына келтіру әдістері, жайылымдарды орнықты басқару әдістері, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтар арасында экологиялық хабардарлықты арттыру жөніндегі бастамалар кіреді.
«Қоршаған ортаны қорғау – бұл мемлекеттің, азаматтық қоғамның және әрбір азаматтың күш-жігерін қажет ететін ортақ іс. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз экономикалық даму табиғат туралы қамқорлықпен қатар жүретін Қазақстан үшін орнықты болашақты қамтамасыз ете аламыз», - деп атап өтті ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттың өзгеруіне бейімделу департаментінің басшысы Шаттық Тастемірова.
Іс-шара шеңберінде грант алушылар үшін стратегиялық жоспарлау, іске асырылып жатқан жобаларды мониторингтеу және бағалау, Шағын гранттар бағдарламасы шеңберінде қаржылық есептілік бойынша тренингтер өтті, бұл бөлінген қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігіне, сондай-ақ гендерлік теңдік мәселелеріне ықпал ететін болады.
БҰҰДБ Шағын гранттар бағдарламасын 1992 жылы ЖЭҚ пилоттық бағдарламасы ретінде іске қосты. Бағдарламаның мақсаты ЖЭҚ негізгі тақырыптық салаларында жұмыс істейтін үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметін дамытуға жәрдемдесу. Бүгінгі таңда ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасы 127 елде жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасындағы Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы Қазақстан Республикасында 1997 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінгі күнге дейін 374 жобаға қолдау көрсетілді (алтыншы фаза шеңберінде 49 жоба).
Қазақстандағы Шағын гранттар бағдарламасы туралы толығырақ мына сайттан біліңіз: https://gefsgp.kz.
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады