Қазақстан жаңалықтары08.11.2024
Қазақстанда Орталық Азиядағы «жасыл» авиацияның дамуы талқыланды

QAZAQ GREEN. Екіжақты кездесу барысында Қазақстан Республикасының Экология министрі Ерлан Нысанбаев пен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралло мырза авиацияны тұрақты дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
«Авиацияны тұрақты дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері біз үшін үлкен маңызға ие және біз ИКАО-ның жаһандық стандарттарды белгілеудегі және халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетудегі рөлін бағалаймыз.
Біз ИКАО-ға Қазақстандағы авиация саласының экологиялық тұрақтылығы мен дамуына қолдау көрсеткені үшін ризамыз және экологиялық мақсаттарымызды іске асыру бойынша тиімді өзара іс-қимылға мүдделіміз», - деп атап өтті министр.
Қазақстан авиация саласында көміртегі ізін азайту үшін ИКАО-ның халықаралық стандарттарын интеграциялау бойынша белсенді жұмыс істеуде. Біздің еліміздің халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеуге мүмкіндік беретін халықаралық авиациядағы көмірқышқыл газының шығарындыларын өтеу және азайту тетіктеріне қатысуы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Айта кету керек, ИКАО техникалық көмек көрсетіп және шығарындыларды бақылау мен экологиялық таза технологияларды енгізу мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын жүргізеді. Бұл тренингтер жергілікті мамандардың құзыреттерін дамытуға бағытталған және Қазақстанға авиация саласының экологиясы саласындағы озық халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды бейімдеуге көмектеседі. Бұл ынтымақтастық сонымен қатар елдің жалпы экологиялық тұрақтылығын арттыру үшін маңызды болып табылатын авиациялық паркті жаңғыртуға бағытталған зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуді қолдауды қамтиды.
Сондай-ақ ИКАО-ға мүшеліктің арқасында Қазақстанның ұйымға мүше басқа мемлекеттермен ынтымақтасуға және осы платформаны тәжірибе алмасу және авиациядағы көміртегі ізін азайтуға бағытталған үздік тәжірибелерді қолдану үшін пайдалануға мүмкіндігі бар. ИКАО қолдауымен Қазақстан Орталық Азия елдерінде «жасыл» авиацияны дамыту жөніндегі өңірлік жобаларға қатыса алады.
Кездесу соңында Е.Нысанбаев Орталық Азия өңірінде қоршаған ортаны қорғау және орнықты технологияларды енгізу мәселелері бойынша ИКАО-мен бірлескен жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты