Қазақстан жаңалықтары15.04.2025
KOREM алаңында алғаш рет қуаты 1000 МВт ЖЭС бойынша аукцион өткізілді

QAZAQ GREEN. Электр энергиясын жинақтау жүйесімен жабдықталған жалпы орнатылған қуаты 1000 МВт болатын жел электр станциясын (ЖЭС) салуға арналған аукционның нәтижелері жарияланды. 2025 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының ЖЭС Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 1000 МВт жел электр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 20 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 4000 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық кезінде 2025 жылғы шекті аукциондық баға 22.68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 22,68 теңге/кВтсағаттан 18.72 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады.
Аукцион қорытындысы бойынша «Turan Wind Energy» ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. Жобаның белгіленген қуаты 1000 МВт, аукцион бағасы 18.72 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, НПП РК «Атамекен», Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы және «Ассоциация ВИЭ «Qazaq Green» өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті, сонымен қатар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.
Қазақстан Республикасы Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 50 МВт ЖЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2025 жылғы 26 мамырға жоспарланған.
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты