Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары18.04.2025

Auezov University-де «ақылды жасыл ферма» жобасы қолға алынды

QAZAQ GREEN.  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті мен корейлік «Хен» компаниясы арасында «Ақылды жасыл ферма» жобасы бойынша  бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Іс-шараға Корея делегациясы, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жергілікті кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

«Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен ғылымға үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Ғалымдарымыз да белсенділік танытып, серіктестермен бірлесе жаңа ғылыми жобалардың жүзеге асырылуына септігін тигізіп жатыр.  Профессор Рае Квон Чунг осыдан екі жыл бұрын жасыл энергияны пайдаға жарату арқылы ауыл шаруашылығын дамыту жобасын қолға алуға ұсыныс білдірген болатын. Нәтижесінде биыл инвестормен бірге жаңа технологияларды қолдана отырып, ақылды ферманы өзіміздің университетімізде қалыптастырамыз. Ақылды жасыл фермада өсірілетін өнімдерге пестицидтер мен химиялық заттар пайдаланылмайды және суды тұтынуды 90 пайызға үнемдейді», – деп атап өтті М.Әуезов атындағы ОҚЗУ Басқарма төрағасы – ректор Дархан Ахмед-Заки.

Ынтымақтастық келісімнен кейін ферма құрылысының капсула салу рәсімі өтті. Мұнда жасыл мақта, васаби және құлпынай өсірілетін болады. Профессор Рае Квон Чунг фермада өсірілетін жасыл мақтаның ерекшелігіне тоқталды. Профессордың айтуынша, жоғары сортты өнімге Louis Vuitton секілді әлемдік брендтік фирмалар қызығушылық  танытты. Алдағы екі айда құрылыс жұмыстары жүріп, оған қажетті SmartFarm, Aquaponics және WindTower секілді жабдықтарды кореялық компания тегін жеткізеді.

Атап өту керек, ақылды фермада өсірілетін өнімге күн және жел энергиясы қолданылады. Ғалымдар бұл климаттық дағдарыстың шешімін табудың баламалы жолдары дейді.

03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
27.06.2025
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
27.06.2025
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
26.06.2025
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
26.06.2025
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
25.06.2025
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
25.06.2025
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
25.06.2025
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
25.06.2025
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
24.06.2025
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
24.06.2025
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
24.06.2025
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты
24.06.2025
Өзбекстан жыл соңына дейін 16 ЖЭК нысанын іске қосады
23.06.2025
Қазақстанда 50 МВт шағын ГЭС жобаларына аукцион өтті
23.06.2025
Қазақстан мен ЕҚДБ декарбонизация және ЖЭК саласындағы ынтымақтастықты талқылады
23.06.2025
Мысырда құны 200 миллион доллар тұратын күн индустриялық кешені салынуда