Қазақстан жаңалықтары20.05.2025
Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі 2024 жылы 6%-дан асты

QAZAQ GREEN. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) өндірілетін электр энергиясының үлесі 6%-дан асып, 6,43%-ды құрады. Бұл — 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жоғары. Ол кезде ЖЭК үлесі небәрі 3% болған. Бұл өсім «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асырылып жатқанын айқын көрсетеді, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.
Соңғы бес жылда елде тұрақты оң үрдіс байқалып келеді:
- 2021 жылы – 3,69%,
- 2022 жылы – 4,53%,
- 2023 жылы – 5,92%,
- 2024 жылы – 6,43%.
«Жасыл» электр энергиясын өндіру көлемінің артуы жаңартылатын энергия көздері секторындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған дәйекті мемлекеттік саясаттың нәтижесі болып отыр. Озық халықаралық тәжірибелер енгізіліп, жүйелі қолдау шаралары жүзеге асырылуда, ал нысандардың құрылысы мен пайдалануға берілуі инвесторлардың қаражаты есебінен іске асуда.
Бүгінде республика аумағында жалпы қуаты 3 ГВт-тан асатын 154 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Атап айтқанда:
- 63 жел электр станциясы (1 570,05 МВт),
- 46 күн электр станциясы (1 222,61 МВт),
- 42 су электр станциясы (287,685 МВт),
- 3 биогаз станциясы (1,77 МВт).
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту — еліміздің тұрақты энергиямен қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі.
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды