Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары29.05.2025

150 МВт ЖЭС аукциондары: БЭЖ-нің Оңтүстік және Солтүстік аймақтары үшін жеңімпаздар анықталды

QAZAQ GREEN. 2025 жылғы 26 және 27 мамырда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтар өткізілді. Бұл сауда-саттықтар Қазақстан Республикасының БЭЖ Оңтүстік және Солтүстік аймақтарында жалпы қуаттылығы 150 МВт болатын жел электр станцияларын (ЖЭС) салу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды KOREM.

26 мамырда өткен аукцион Оңтүстік аймаққа арналды. Сауда-саттыққа 7 компания жіберілді, олар 26 баға ұсынысын ұсынды. Жалпы ұсынылған жобалар көлемі – 300 МВт. Ұсынылған бағалар 22,09-дан 13,19 тг/кВт·сағ дейін (ҚҚС-сыз) аралығында болды. Аукционның шекті бағасы – 22,68 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз). Сауда қорытындысы бойынша 50 МВт жобасымен "Zhasyl Mura" ЖШС жеңімпаз деп танылды. Аукциондық баға – 13,19 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).

27 мамырда Солтүстік аймақ бойынша аукцион өтті. Саудаға 8 компания қатысты, олар 600 МВт көлемінде 14 баға ұсынысын берді. Ұсынылған бағалар 18,05-тен 11,49 тг/кВт·сағ дейін (ҚҚС-сыз) аралығында болды. Нәтижесінде 100 МВт жобасымен "Zeta Wind" ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Аукциондық баға – 11,49 тг/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).

Барлық сауда-саттық барысында ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «KazEnergy» ЗТБ, сондай-ақ өңірге байланысты «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және «EcoJer» ЗТБ өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукцион ұйымдастырушысы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.

30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды