Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары29.07.2025

Badamsa 1 ГВт ЖЭС жобасы Ақтөбе облысында талқыланды

QAZAQ GREEN.  Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қытайдың энергетикалық компанияларының мен Badamsa Wind Energy Company of Kazakhstan өкілдерімен кездесті. Қос тарап энергия жинақтау құрылғыларымен жабдықталған Badamsa жел электр станциясының құрылысын талқылады.

Жоба China Datang Group Overseas Investment Co., Ltd. және China Energy Engineering Group компанияларымен әріптестік аясында жүзеге асырылуда. Жел электр станциясының алғашқы кезеңінде жалпы қуаты 1 гигаватт құрайтын жабдықтарды орнату көзделуде. Бұл бастама өңірдегі жасыл энергетиканы дамытуда маңызды қадам болмақ.

Кездесуге China Datang Group компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы және нарықты дамыту жөніндегі директоры Ван Хао, China Energy Engineering компаниясы бас директорының орынбасары Вэй Цзяньлинь, холдингке қарасты еншілес ұйымдардың мамандары және Badamsa Wind Energy компаниясының бас директоры Манар Жеңіс қатысты.

Манар Жеңіс жобаның барысын және жел электр станциясының ерекшеліктерін таныстырып, оның өңірдің энергетикалық тәуелсіздігі мен экологиялық тұрақтылығы үшін маңызын атап өтті.

China Datang Group өкілдері әлемнің әр түкпірінде жүзеге асырған ауқымды энергетикалық жобалар бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстан нарығына инвестиция салуға әзір екендіктерін білдірді. Олар Ақтөбе өңіріндегі тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуалды айырықша атады.

Қытайлық делегация жобалау, жабдық жеткізу және құрылыс бойынша әріптестік бағыттарын нақтылап, мерзімдер мен сапа стандарттарының қатаң сақталатынын сендірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара пікір алмасып, жобаны тиімді жүзеге асыруға деген ортақ қызығушылықтарын растады. Облыс әкімі таза энергетикаға көшу – стратегиялық маңызды бағыт екенін атап, жел электр станциясының табысты іске асуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

«Ақтөбе облысы жасыл энергетика саласында зор әлеуетке ие. Халықаралық әріптестермен бірлесіп жүзеге асырылатын мұндай ірі жоба өңірдің энергетикалық инфрақұрылымы мен экономикасын дамытуға жаңа серпін береді», – деді Асхат Шахаров.

Кездесу соңында тараптар конструктивті диалогты жалғастырып, ұзақмерзімді ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.

30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды