Қазақстан жаңалықтары29.09.2025
ҚазМұнайГаз бен Eni Жаңаөзенде күн электр стансасын іске қосты

QAZAQ GREEN. ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және италиялық Eni S.p.A. энергетикалық компаниясы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында қуаты 50 МВт күн электр стансасының құрылысын аяқтап, оны пайдалануға берді.
Ресми ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов, «Самұрық-Қазына» АҚ мұнай-газ активтері департаментінің директоры Жандос Қайргелді, Eni компаниясының Қазақстандағы басшысы Сегер Хойтинк, Plenitude Қазақстан басқарушы директоры Федерико Пульезе, Plenitude компаниясының жаңартылатын энергия көздері бөлімінің басшысы Алессандро Делла Зоппа қатысты.
Нысанды іске қосу — жалпы қуаты 247 МВт болатын Гибридті электр стансасын салу жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі болды. Бұл жоба күн, жел, газ электр стансаларынан тұрады және ҚМГ-ның төмен көміртекті даму бағдарламасы аясында салынуда.
Жаңа күн электр стансасы заманауи фотоэлектрлік технологиямен жабдықталған — 80 гектарға жуық аумақта LONGi компаниясының 80 000-нан аса күн панелі орнатылған. Осы панельдердің тиімділігі — олар екі жағынан да энергия шығарады. Жалпы, бұл кешен жылына 86 млн кВт•сағ таза энергия өндіретін болады. Гибридті конфигурация жаңартылатын энергия көздерін газ генерациясымен біріктіреді, бұл құбылмалы ауа райы кезінде де энергия қуатын береді.
Күн электр стансасының құрылыс жұмыстарына 250 адамға дейін жұмылдырылды, бүгінде газ электр стансасын салу алаңында 122 маман еңбек етуде.
Күн электр стансасы ҚМГ-ның өңірдегі еншілес кәсіпорындары — «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-ін электр энергиясымен қамтамасыз етіп, өндірістік процестердің тұрақтылығын сақтайды.
ҚМГ мен Eni 2026 жылы тағы екі нысанның құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр: жел (77 МВт) және газ электр стансалары (120 МВт). Бұдан кейін жоба жаңартылатын энергия көздері мен дәстүрлі генерация арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін бірыңғай гибридті энергия кешені ретінде толық қуатына шығады.
«ҚМГ мен Eni арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың нәтижесінде қолға алынған жоба — Қазақстанның көміртегі бейтараптығының 2060 жылға дейінгі стратегиясын іске асыруға үлес қосып отыр. Гибридті стансасының құрылысы мемлекет деңгейінде көрсетілген жүйелі қолдаудың арқасында мүмкін болды. Кешен толық іске қосылғаннан кейін электр энергиясының шамамен 40% жаңартылатын көздерден алынады, бұл көміртегі ізін едәуір азайтады және мұнай-газ өндірудің сенімділігін қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің кәсібилігінің арқасында жоба уақтылы жүзеге асырылды», — деп атап өтті Асхат Хасенов.
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды