Қазақстан жаңалықтары08.10.2025
Көміртегі бейтараптығына жол: Азия даму банкінің Қазақстанның энергетикалық секторын жүйелі қолдауы

QAZAQ GREEN. Қазақстан өз алдына 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатын қойды. Ол үшін экономиканың көптеген салаларында, соның ішінде энергетикада ғана емес, сондай-ақ өнеркәсіпте, көлікте және ауыл шаруашылығында да терең жаңғырту жүргізу қажет. Мұндай тәсіл триллион теңгемен есептелетін қомақты инвестицияларды талап етеді.
Бұл қолдауды халықаралық қаржы институттары, оның ішінде Қазақстанмен 30 жылдан астам ынтымақтасып келе жатқан Азия даму банкі (АДБ) көрсетеді. Біз осы банктің мысалында мұндай қаржы институттарымен жұмыс істеу неліктен маңызды екеніне және еліміз одан қандай пайда көретініне тоқталамыз.
АДБ қалай жұмыс істейді?
Азия даму банкі – 1966 жылы құрылған әлемдегі ең ірі көпжақты даму банктерінің бірі. АДБ миссиясы – Азия-Тынық мұхиты елдерінде инклюзивті, тұрақты және гүлденген өсуге ықпал ету. Бүгінгі таңда банктің 69 қатысушы елі бар, ал кредиттік рейтингтер жетекші рейтингтік агенттіктерде «AAA» деңгейінде, бұл қаражатты тиімді шарттармен тартуға және оларды қатысушы елдерге беруге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы тұрақты өкілдіктің директоры Утсав Кумардың айтуынша, банк біздің елімізбен 31 жылдан бері ынтымақтасып келеді. Республика 1994 жылдың қаңтарында АДБ-ға қосылған Орталық Азиядағы бірінші ел болды және өткен жылы осы серіктестіктің 30 жылдығын атап өтті.
«Осы уақыт ішінде шамамен 7,5 млрд АҚШ доллары бөлінді. Инвестициялардың негізгі бағыттары: көлік, мемлекеттік секторды басқару, энергетика және қаржы секторы», – дейді Утсав Кумар.
Ынтымақтастық АДБ-ның 2023 жылғы мамырда бекітілген Қазақстанмен серіктестігінің елдік стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылады. Ол экономикалық тұрақтылықты арттыру, климаттың өзгеруіне қарсы тұру және басқару жүйесін жетілдіру басымдықтарына негізделген.
Қазақстанға 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттарына қол жеткізу шін АДБ энергетика секторындағы жалпы сомасы 500 млн доллардан асқан инвестициялар мен жобалар арқылы жәрдем көрсетеді.
Егер инвестициялық жобалар туралы нақты айтатын болсақ, онда қазіргі уақытта энергетикалық секторда төртеуі бар. Бұл:
- Қазақстанның оңтүстігінде қуаты 100 МВт және 50 МВТ екі күн электр станциясы. Екі жоба да, АДБ-да айтылғандай, Париж келісімі шеңберінде Қазақстанның міндеттемелерін орындауына ықпал етеді;
- Алматы ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыруды қаржыландыру. Бұл CO2 шығарындыларын жылына 5,1-ден 2,3 миллион тоннаға дейін төмендетеді, күкірт ангидриді мен күл шығарындыларын жояды, сонымен қатар CO және NOx шығарындыларын азайтады. Жоба Алматының 2,2 миллион тұрғыны үшін ауа сапасын айтарлықтай жақсартады;
- KEGOC-пен жаңартылатын көздерді біріктіру үшін оңтүстік энергия желісін кеңейту және нығайту туралы келісім. Жоба ЖЭК-те энергия өндіру бойынша ірі қуаттарды энергия жүйесіне біріктіруге және электр энергиясын беруді тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Барлық іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып, экологиялық сын-қатерлерге төзімділікті арттыра отырып, Қазақстанның «жасыл» экономикаға жолындағы маңызды кезеңге айналуда.
Бұл бағыт «жасыл» энергетиканы дамыту жолымен жүйелі түрде жүріп келе жатқан ел үшін басымдыққа ие. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына қарай жаңартылатын энергия көздеріндегі электр станцияларының белгіленген қуаты 3,1 гигаваттан асты, ал электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде өндірілетін ЖЭК электр энергиясының үлесі 6,81% құрады. Сонымен қатар, 2024 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда өндіріс 9%-ға өсті – бұл елдегі «таза» энергетиканы қолдаудың жүйелі тәсілін көрсетеді.
Тереңірек қарайтын болсақ, 3,1 ГВт қуаттылықтың ең ірі секторы 1,57 ГВТ жел электр станциялары болып табылады, одан кейін 1,26 ГВТ күн электр станциялары, шағын ГЭС – 287 МВт және 1,77 МВт шамасымен биоэлектр станциялары келед.
Мұндай станциялардың жұмысы Қазақстанда электр энергиясын өндіруді тұрақты етеді, бірақ қоршаған ортаға теріс әсер етпейді. Азия даму банкінің қолдауымен салынған Жамбыл облысындағы M-KAT станциясының мысалында ЖЭК маңыздылығын көрсетеміз.
АДБ қолдауының әсері. M-KAT күн электр станциясы.
M-KAT күн электр станциясы Жамбыл облысындағы Шу қаласының маңында салынды, оның қуаты – 100 МВТ. Ол Қазақстанның ең ірі күн электр станцияларының қатарына кіреді және жыл сайын 176 гигаватт-сағат электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді.
АДБ-де атап өткендей, бұл жоба банктің 2030 жылға дейінгі стратегиясына сәйкес келеді, оған климаттың өзгеруіне қарсы күрес және экологиялық тұрақтылықты арттыру шаралары кіреді. ЖЭК-те станция құру жаңартылатын энергия көздерін ілгерілету және энергетика саласындағы жеке секторды қолдау арқылы «тұрақты жасыл өсуге» ықпал етеді.
M-KAT Қазақстанның энергетикалық ауысуын қолдайтын және шығарындыларды азайту жөніндегі елдің міндеттемелерін орындауға ықпал ететін осындай ірі жобалардың бірі болып табылады.
M-KAT күн станциясы, осы үлгідегі басқа станциялар сияқты, қарапайым қағидат бойынша жұмыс істейді. Күн сәулелері күн панельдеріндегі кремнийге түсіп, электрондарды белсендіреді және зарядталған бөлшектер түзеді. Олардың қозғалысы электр тогын қалыптастырады.
Бұдан әрі бұл ағын «комбайн-бокстарда» жиналады, содан кейін инверторлық станциялар арқылы тұрақты ток айнымалы токқа айналады, кернеу артады және барлығы KEGOC ұлттық операторы арқылы Қазақстанның энергия жүйесіне беріледі.
Күн электр станциясының операциялық менеджері Саламат Жандос электр станциясының барлық аумағында бақылағыштар орнатылғанын, олар әр панельдің, кабельдің және инвертордың күйін қадағалап, тіпті шамалы ауытқуларды тіркейтінін атап өтті. Осының арқасында станция қызметкерлері жүйенің жұмысын панельдің әр айналу бұрысына дейін қашықтықтан басқара алады және қажет болған жағдайда ақаулықтарды тез арада жоя алады.
«Жер мәселесін ерекше атап өтемін. Жиі күн станциялары ауыл шаруашылығы айналымынан үлкен аумақты алып жатыр деген ой қалыптасады, бірақ біз жергілікті фермерлермен қарым-қатынасты ретке келтірдік. Өрт қаупін азайту және панельдердің көлеңкеленуіне жол бермеу үшін жыл сайын шөп шабамыз. Ал 2024 жылдың соңынан бастап біз аумаққа табиғи күтім жасау үшін қойларды пайдалана бастадық. Бұл тәжірибе керемет нәтиже көрсетті: жануарлар қоршалған және қорғалатын периметрдің ішінде жайылады, онда жабайы жануарлар мен ұрлық қаупі жойылады. Осылайша, біз фермерлерді бір уақытта қолдаймыз, нысанға тұрақты күтім жасаймыз және генерация тиімділігін сақтаймыз», – дейді Саламат Жандос.
Станцияның негізгі технологиялық ерекшелігі – бұл трекер жүйесі. Ол келесідей әрекет етеді: панельдер автоматты түрде күннің артынан жүреді, бұл энергия өндіруді стационарлық қондырғыларға қарағанда 30-40%-ға жоғары етеді.
Экономика тұрғысынан станция жұмысынан электр энергиясын өндіруден басқа, бюджет үшін тікелей пайда бар – іске қосылған сәттен бастап жергілікті бюджетке 2,2 млрд теңгеден астам салық аударылды.
Қазір станцияда 14 тұрақты қызметкер жұмыс істейді, олардың барлығы – жергілікті тұрғындар. Тағы 26 адам нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және маусымда 140-қа дейін жұмыс орны ашылады.
«Мен өзім осы жердің тумасымын: жергілікті мектепті, содан кейін Алматыдағы энергетика және байланыс университетін бітірдім және 2023 жылдан бастап TotalEnergies компаниясында жұмыс істеймін, станцияны пайдаланумен айналысамын», – деп қосты Саламат Жандос.
TotalEnergies компаниясы Қазақстанда бірнеше станцияны иеленеді. M-KAT станциясынан басқа, қуаты 28 МВт Namart жобасы да бар. Жиынтығында 2019 жылдан бері олар 1 ТВт⋅сағаттан астам электр энергиясын өндірді, бұл шамамен 1 млн тонна CO₂ шығарындысына жол бермеді.
Жоспарда – Қазақстандағы ең ірі жел парктерінің бірінің жобасын іске асыру. Ол сондай-ақ Жамбыл облысында орналасады, оның атауы – «Мирный», ал жобалық қуаты – 1 ГВт. Бұл желінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін алып батарея – энергияны жинақтау жүйесімен жабдықталған Қазақстандағы алғашқы жел электр станциясы болмақ.
Электр желісін барынша «жасыл» ету
Өндіріс қуаттылығының үнемі өсуі энергияны беру жүйесін дамытуды талап етеді. Себебі, қазір Алматы энергия торабы энергия тапшы болып табылады. Күзгі-қысқы уақытта максималды жүктеме шамамен 2140 МВт мәніне жетеді және негізінен өңіраралық ағындармен жабылады.
Өңірде 51 электр станциясы жұмыс істейді, оның ішінде төрт жылу, 27 гидроэлектр станция, 260 МВт тоғыз күн және 197 МВт 11 жел станциясы бар. Бірақ өндіруші қуаттардың тапшылығы сақталуда және энергия жүйесінің сенімділігі 500 кВ ірі тораптық қосалқы станциялармен қамтамасыз етіледі.
Сондықтан АДБ мен KEGOC компаниясы Қазақстанның оңтүстігінде жоғары вольтты электр беру желілері желісін кеңейту үшін қаржыландыру бөлу туралы келісімге қол қойды. Бұл жоба жаңартылатын көздерден энергия өндіретін ірі қуаттарды энергия жүйесіне біріктіруге және электр энергиясын беруді тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Жоба кернеуі 500 киловольт әуе электр беру желілерін салуды, сондай-ақ жоғарыда аталған қуаты 500 кВ болатын «Шу», «Жамбыл» және «Шымкент» тораптық қосалқы станцияларын реконструкциялауды және жаңғыртуды көздейді.
Нәтижесінде елдің бүкіл оңтүстік аймағын электрмен жабдықтау сенімділігі артады, ал жүйеде қуат тапшылығы, керісінше, төмендейді. АДБ тарапынан мұндай қолдау азаматтар мен бизнеске «таза» энергияға көбірек қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, Қазақстанның оңтүстігінде жаңа жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау үшін негіз жасайды.
Тек қаржы ғана емес
Азия даму банкінің Қазақстандағы жұмысы тек қаржыландыруды ғана емес, сонымен қатар сараптамалық сүйемелдеуді, білім алмасуды және басқа институттармен әріптестікті де қамтиды.
Мысалы, банк бастамаларының бірі энергетикалық ауысу тетігі (ЭАТ) болып табылады, оның мақсаты – парниктік газдар шығарындыларын азайту және Қазақстанды көміртексіздендіру бойынша ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуде қолдау көрсету.
Осы бағыт бойынша 2024 жылғы қарашада COP29 конференциясында АДБ және Қазақстанның Энергетика министрлігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде АДБ Үкіметпен және жеке сектор өкілдерімен бірлесіп, халық үшін сенімді электрмен жабдықтаумен және жылумен жабдықтауды сақтай отырып, елдің энергетикалық секторының неғұрлым таза көздерге көшу жолдарын айқындайды.
Бұдан басқа, АДБ заңнамалық базаны нығайтуда және «жасыл» көшуді жеделдетуге бағытталған саясатты іске асыруда Қазақстанды қолдайды. Банктің қолдауымен дайындалған және 2024 жылғы шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жаңа «Жылумен жабдықтау туралы» Заң осының жарқын мысалы болды.
Заң осы саладағы басқару жүйесін жетілдіруге, инфрақұрылымды жаңғырту үшін инвестициялар тартуға, энергия тиімділігін арттыру тетіктерін енгізуге және жаңартылатын энергия көздерін интеграциялауға бағытталған. Бұл жылу шығынын азайтуға, жылу және электр станцияларының сенімділігін арттыруға, сондай-ақ жаңартылатын көздерді пайдалануды ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл шаралар бірге 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ықпал етеді.
Бұдан басқа, АДБ Энергетика министрлігі мен KEGOC компаниясына энергия жүйесінің икемділігін арттыруда техникалық қолдау көрсетеді, бұл жаңартылатын көздерден энергияның үлкен көлемін біріктіруге мүмкіндік береді. Қолдау «жасыл» энергия өндірісін болжау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету орнатуды, сондай-ақ елдің жаңартылатын энергия көздеріне сәтті көшуін қолдау үшін жаңартылған тарифтік әдіснаманы әзірлеуді қамтиды.
Басқаша айтқанда, Азия даму банкі Қазақстанның таза көздерден энергия үлесін ұлғайту жөніндегі жоспарларына қол жеткізудегі негізгі халықаралық серіктестерінің бірі болып қала береді. Ол үшін банк жобаларға жүйелі түрде инвестиция салады, МЖӘ тетіктерін дамытады және сараптамалық қолдау көрсетеді. Сайып келгенде, мұндай бастамалар экология саласындағы жаһандық сын-тегеуріндерге жауап беруге дайын неғұрлым тұрақты экономика құру мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды