Қазақстан жаңалықтары30.12.2025
Қазақстанда алғаш рет ЖЭК бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті

QAZAQ GREEN. 2025 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағы үшін жиынтық орнатылған қуаты 600 МВт болатын күн электр станциясын салу жобаларын іріктеу мақсатында жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті.
Еркін аукциондық сауда-саттық шеңберінде жүзеге асырылатын күн электр станцияларын салудың міндетті шарттарының бірі – объектінің орнатылған қуатының кемінде 30 %-ын құрайтын электр энергиясын сақтау жүйелерімен жабдықтау, сондай-ақ аталған қуатты кемінде төрт сағат бойы беруді қамтамасыз ететін энергия сыйымдылығының болуы.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 2 компания жіберілді. Сауда сессиясы барысында қатысушылар тарапынан 2 баға ұсынылды. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 1200 МВт-ты құрады.
Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Altyn Dala Energy Ltd.» жеке компаниясы танылды. Жобаның орнатылған қуаты – 600 МВт, аукциондық баға – 34,60 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттыққа байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан электрэнергетикалық қауымдастығы», сондай-ақ Германияның Халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) өкілдері қатысты.
Байқаушылар электрондық сауда жүйесінің ашықтығы мен дұрыс жұмыс істегенін растады, оның операторы ретінде «KOREM» АҚ қызмет атқарды.
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды