Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары12.09.2022

Қазақстанда жаңа жел электр станциясы іске қосылды

QAZAQ GREEN.  Қазақстанда қуаты 60 МВт-ны құрайтын жаңа жел электр станциясы (ЖЭС) пайдалануға берілді. Энергетикалық нысан ЖЭК әлеуетін дамытуға қолайлы бірегей аймақта - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек дәлізінде салынды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" баспасөз қызметі.

Жобаның жалпы құны - 37,4 млрд теңге. Жаңа станция әрбір номинал қуаты 2,5 МВт болатын 24 жел энергетикалық қондырғысынан тұрады. Бұдан бөлек, оған қосалқы станция, соған сәйкес инфрақұрылым салынып, сондай-ақ  әуе электр жеткізу желілері тартылды.  Станция әлемдік жел турбиналарын өндіруші жетекші компаниялардың бірі – «GoldWind» компаниясының жабдығын пайдалана отырып салынды.

Жаңа ЖЭС жылына 225,7 млн. кВтс электр энергиясын өндіретін болады. Өндірістік сипаттамаларынан бөлек, жоба өзінің экологиялық құрылымы тұрғысынан өңір үшін маңызды. Электр станциясын салу және оны іске қосу парниктік газдар шығарындыларын 206 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жылына шамамен 89 мың тонна дәстүрлі отынның орнына жүретін болады.

Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электр энергетикалық холдингі «Power China» қытай корпорациясымен серіктестікте іске асырды, ол энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың табысты үлгісі болып табылады.

Шелек дәлізінде жаңа жел электр станциясын іске қосу рәсімі ҚР Энергетика министрлігі, Алматы облысы әкімдігі, "Самұрық-Қазына" қоры, ҚР-дағы ҚХР Бас консулдығы, "Power China" корпорациясы, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Энергия Семиречья" ЖШС өкілдерінің қатысуымен өтті. Жобаны ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев телекөпір арқылы on-line форматында іске қосты.

ЖЭС-ті іске қосуға арналған іс-шара аясында «Самұрық-Қазына» АҚ мен Power Construction Corporation of China Ltd арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат станцияны кеңейту және оның қуатын 300 МВт-қа дейін арттыру арқылы жобаның екінші кезеңін іске асыруды көздейді.

Жаңа энергетикалық нысанды салу кезінде 300 адам жұмыспен қамтылды. Станцияны одан әрі пайдалану үшін 14 маман даярланып, жұмысқа орналастырылды.

Самұрық-Энерго сарапшыларының айтуынша, Алматы қаласы мен Алматы облысында бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған энергетикалық қуаттар -  Алматы ЖЭО, Қапшағай және Алматы ГЭС Каскады, Жамбыл ГРЭС, сондай - ақ Есік, Мойнақ, Қаратал, Талдықорған ГЭС-теріне қарамастан, бұл өңірде энергия тапшылығы бар әрі өзінің отын ресурстары жеткілікті деңгейде емес. Өндіруші қуаттардың жетіспеушілігінен облыстың электр энергиясына деген мұқтаждығын облыстың энергия көздері тек 50%-ға өтейді. Тапшылық сыртқы энергия өндірушілер (республиканың солтүстік облыстарынан, Жамбыл ГРЭС-і және Қырғызстаннан) есебінен жабылады.  

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Серік Түйтебаевтың айтуынша, Компания жаңартылатын энергетиканы дамытуға ерекше көңіл бөледі. Энергетикалық холдингте бүгінде 5 ЖЭК нысаны жұмыс істейді – күн, жел электр станциялары, шағын СЭС-тер. Осы ЖЭК нысандарының электр энергиясын өндіруі 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 206,6 млн.кВтс құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 8,9% - ға жоғары.

«Алматы облысында «жасыл» электр энергиясын өндіру үшін көптеген табиғи мүмкіндіктер бар. Күн мен желдің әлеуетінен басқа, Самұрық-Энерго гидроэнергетиканы дамытуға ерекше көңіл бөледі, бұған Мойнақ ГЭС-ін салу және Шардара ГЭС-ін жаңғырту жөніндегі аяқталған жобалар дәлел бола алады. Компанияның портфелінде жаңа су электр станцияларын салу бойынша бірқатар жобалар бар. Атап айтқанда, Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-інің апта сайынғы біркелкі емес тәуліктік су жіберулерін теңестіруге және станцияны барлық қолда бар қуатты пайдалана отырып, ең жоғары жүктемелерді жабу режиміне ауыстыруға мүмкіндік беретін қуаты 40 МВт Кербұлақ СЭС-ін контрреттегішін салу.

Сондай-ақ, Компания Алматы облысының тапшы энергия жүйесіне жеткізу үшін электр энергиясының көзін құру мақсатында Шелек өзенінде ГЭС-29-ды салу бойынша жобалау алдындағы жұмыстарды жүргізуде. Ұзақ мерзімді перспективада Алматы облысындағы АлЭС ГЭС каскадын қайта құру және жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жоба қайта құрылатын ГЭС-1 және ГЭС-2 - де электр энергиясын өндіруді арттыру арқылы Үлкен Алматы өзенінің гидротехникалық ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы.

ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 2022 жылғы шілдедегі жағдай бойынша барлығы 142 ЖЭК нысан жұмыс істейді. Жыл басынан бері Қазақстанда жалпы қуаты 322 МВт болатын 8 нысан пайдалануға берілді. 2022 жылдың соңына дейін жалпы қуаты 153 МВт болатын 13 нысанды іске қосу жоспарлануда.

«Самұрық-Энерго» АҚ - акциялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 100% тиесілі Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.

29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді
22.04.2024
Жапония 2025 жылы ғарыштан Жерге күн энергиясын беруді жоспарлап отыр
19.04.2024
АҚШ-та шойын мен болатты тазарту технологияларын әзірлеуге 28 миллион доллар бөлінеді
19.04.2024
Австралия қараусыз қалған көмір шахтасында қуаты 1 ГВт ГЭС салуды жоспарлап отыр
19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді