Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары08.02.2023

Президент Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын бекітті

QAZAQ GREEN.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясын 2023 жылғы 2 ақпандағы № 121 Жарлығымен бекітті.

Қазақстан Үкіметіне Стратегияны жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды, Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президентінің Әкімшілігіне жүктелді.

 Жарлық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді. Ол "Әділет" АҚЖ сайтында жарияланған.

Атап айтқанда, Қазақстан 2016 жылғы 2 тамызда Париж келісіміне қол қойып, оны 2016 жылғы 6 желтоқсанда ратификациялады. 2015 жылғы қыркүйекте Париж келісіміне ресми қол қояр алдында Қазақстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының шеңберінде өз ҰДАС-ын ұсына отырып, оның мақсаттарын ұстанатынын көрсетті, ол мынадай мақсаттарға қол жеткізуді болжайды:

  • 2030 жылғы желтоқсанға қарай ПГ шығарындыларын 1990 жылмен салыстырғанда 15 %-ға міндетті түрде қысқарту;

  • қосымша халықаралық инвестициялар, төмен көміртекті технологияларды, Жасыл климаттық қордың қаражатын беру тетігіне қолжетімділік және өтпелі экономикасы бар елдер үшін икемді тетік болған жағдайда, 2030 жылғы желтоқсанға қарай ПГ шығарындыларын 1990 жылмен салыстырғанда шартты түрде 25 %-ға қысқарту.

2020 жылғы желтоқсанда Климаттың өзгеруіне байланысты өршіл міндеттер жөніндегі саммитте Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Париж келісімі бойынша міндеттемелерін растап, жаңа мақсат - Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі туралы жариялады.

Осылайша, осы Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы  жаһандық климаттық үрдістерді ескере отырып және тиісті халықаралық міндеттемелерді орындау үшін әзірленді. Стратегия әл-ауқатты, орнықты экономикалық өсуді және әділ әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін экономиканы дәйекті түрде трансформациялау жөніндегі жалпыұлттық тәсілдерді, мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындайды және мемлекеттік саясаттардың келісімділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданады.

Стратегияда Қазақстанның экономикасын Трансшекаралық көміртекті реттеу тетігін енгізу, ESG қағидаттарын тарату, "жасыл" инвестицияларды ілгерілету және тарту, энергиялық жағынан тиімді өндіріс, электрлендіру және басқалар сияқты жаһандық климаттық үрдістерге бейімдеу қажеттігі ескеріледі.

Анықтама:

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі отырысында "Біздің әлемді өзгерту: 2030 жылға дейін орнықты даму саласындағы күн тәртібі" қарары қабылданды. Осы қарарға сәйкес БҰҰ-ға мүше 193 мемлекет әріптестік пен бейбітшілік жағдайында орнықты, жан-жақты және үдемелі өсуді, әлеуметтік интеграцияны және қоршаған органы қорғауды қамтамасыз етуге міндеттенді.

2015 жылғы желтоқсанда экологиялық тұтастықты, "жасыл" экономиканы қолдауға, тиімділігі жоғары технологияларды беруге және өзгеріп келе жатқан климатқа бейімделуге бағытталған Парижкелісімі қабылданды. Осы Келісімнің негізгі мақсаттары жаһандық орташа температураның индустрияға дейінгі деңгейден (1850 - 1900 жж. деңгей) 20С-тан төмен өсуін сақтау және температураның өсуін 1,50С-қа дейін шектеуге күш салу болып табылады.

2021 жылғы КӨХСТ-тің бағалауы бойынша, алдағы онжылдықтарда барлық өңірлерде климаттың өзгеруі күшейе түседі және ПГ шығарындыларын дереу және ауқымды көлемде азайту бойынша іс-қимыл жасалмаса, жылынуды 20С-қа шектеу мүмкін болмайды.

Осыған байланысты Париж келісімін іске асыру үшін барлық тарап әр бес жыл сайын климат саласындағы өздерінің іс-қимыл жоспарларын - ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды (бұдан әрі - ҰДАС) ұсынады. Елдер ҰДАС үшін ұзақ мерзімді деңгейді қамтамасыз ететін төмен көміртекті даму стратегияларын да әзірлеуде. Аталған стратегиялардың басты мақсаты көздерден шығатын антропогендік шығарындылар мен оларды ПГ сіңіргіштерінің сіңіруі арасындағы теңгерімге қол жеткізу болып табылады.

2022 жылғы қыркүйекке қарай 52 ел өздерінің төмен көміртекті даму стратегиясын бекітті. Бұл ретте Еуропалық Одақ пен Америка Құрама Штаттары - 2050 жылға қарай, Қытай 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсаттарын белгіледі.

Бұл ретте жалпыәлемдік жалпы ішкі өнімде (бұдан әрі - ЖІӨ) 25 % үлесі бар 13 ел (Канада, Испания, Португалия, Германия, Ұлыбритания, Норвегия, Жапония және басқалар) нөлдік шығарындылар бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі заңды міндеттемелерді белгіледі.

Жалпыәлемдік ЖІӨ-де 50 % үлесі бар 33 ел (АҚШ, Аустралия, Түркия, Чили, Италия, Нидерланды, Үндістан, Сауд Арабиясы, Бразилия, Аргентина және басқалар) бағдарламалық құжаттарға/декларацияларға өздерінің нөлдік шығарындыларының нысаналы көрсеткіштерін енгізді.

Климаттық стратегиялар (орнықты даму стратегиялары) қалалар мен ірі компаниялар деңгейінде де әзірленеді. Қалалық жерлерге әлемдік энергия түтынудың 65 %-ы және ПГ шығарындыларының 70 %-ы тиесілі екенін ескере отырып, 120-дан астам қала 2050 жылға қарай (оның 100-і - 2030 жылға қарай) көміртегі бейтараптығына қол жеткізетінін жариялады.

 

 

20.05.2024
Сутегі энергетикасы саласындағы серіктестік
17.05.2024
Жаңа буын электр станциясы ауаның сығылуына негізделеді
17.05.2024
Тәжікстан мамыр айының соңына дейін Орталық Азияның бірыңғай энергожүйесіне қосылады
17.05.2024
Қытайда натрий-иондық элементтері бар әлемдегі алғашқы өнеркәсіптік энергия сақтау станциясы іске қосылды
16.05.2024
Күн энергиясын сақтау үшін жанартау күлін пайдалану ұсынылды
16.05.2024
Күн энергиясының көмегімен 1000°C-ден жоғары температура алынды
14.05.2024
Латвияда 115 млн еуро сомасына электромобильдерді зарядтауға арналған үлкен желі салынады
14.05.2024
Ember: ЕО-да алғаш рет қазба отынынан электр энергиясын өндіру үлесі 25%-дан төмен болды
13.05.2024
Қырғызстан ЖЭК дамытуға 80,2 млн доллар кредит алады
13.05.2024
Әлемдегі алғашқы жасанды энергетикалық аралдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
13.05.2024
Біз сусыз қаламыз ба? Неліктен Қырғызстанда да су тапшылығы пайда болды?
10.05.2024
Ауадан электр энергиясын өндіретін ақуыз талшықтары жасалды
10.05.2024
ЕО Қазақстанмен ЖЭК саласында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі – елші
10.05.2024
Магманың өзіне дейін бұрғылау: қауіпті жоспар геотермалдық энергияны аса маңызды сызықтарға шығарады
09.05.2024
Ember: ЖЭК 2023 жылы әлемдік электр генерациясының рекордтық 30%-ын қамтамасыз етті
09.05.2024
Жердің тереңінен шыққан энергия – Орталық Азия елдерінде геотермалдық энергияны пайдаланудың қандай пайдасы бар?
09.05.2024
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді
06.05.2024
Англияда сусыз инновациялық гидроэнергетикалық қойма салынады
06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті