ТМД елдерінің жаңалықтары

ТМД елдерінің жаңалықтары13.12.2023

ТМД Кеңесі басты цифрлық технологиялар мен ЖЭК жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітті

QAZAQ GREEN. «БЭЖ ЖО» АҚ Басқарма Төрағасы, ТМД және Балтық елдерінің энергетикалық жүйелерінің бірлескен жұмысын жедел және технологиялық үйлестіру комиссиясының төрағасы Федор Опадчий ТМД Электр Энергетикасының Кеңесі жанындағы Үйлестіру кеңесіне (ТМД ЭЭК) Достастық елдерінің энергетикалық жүйелерінің бірлескен жұмысының нормативтік базасын нығайтатын құжаттар пакетін ұсынды, деп хабарланады ТМД Атқару комитетінің сайтында.

Құжаттар пәкетінде 2022–2023 жылдарға арналған ОПҮК жұмыс жоспарына сәйкес әзірленген құжаттар қамтылған. Бірыңғай Энергетикалық Жүйесі/Біріктірілген Энергетикалық Жүйесі энергетикалық бірлестігінің апатқа қарсы автоматтық жүйесінің жалпы ережелері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің, Балтық жағалауы елдерінің және Грузияның Орнықтылық запастарын мониторингілеу жүйесін ұйымдастырудың негізгі принциптері және Энергия жүйелерінің құрамында (күн сәулесінің және жел генерациясының бөлігінде) жұмыс атқаратын Қайтарылатын энергия көздерін пайдалану негізінде қызмет ететін генерация нысандарына қойылатын негізгі техникалық талаптар.

Бірінші құжатта Бірыңғай Энергетикалық Жүйесі/Біріктірілген Энергетикалық Жүйесі энергетикалық бірлестігнінің электр энергиясының режимдерін автоматтық апаттарға қарсы басқаруды ұйымдастыруға және апаттарға қарсы автоматика құрылғылары мен кешендерін жасауда (модернизациялауда) және пайдалануды ұйымдастыру кезінде қатар уақытта жұмыс атқаратын қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылына жалпы талаптар қойылады.

Екіншісі - қатар уақытта жұмыс атқаратын қатысушы мемлекеттердің энергетикалық жүйелерінде Тұрақтылық Запастарын Мониторингілеу Жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарға қатысты. Ол энергиялық жүйелердің қызмет етуінің іс жүзіндегі шарттары негізінде бақыланатын көлденең қималардағы қуаттылықтың мейлінше рұқсат етілген және апаттық тұрғыдан рұқсат етілген ағындарын есептеуге арналады.

«Ресейде Тұрақтылық Запастарын Мониторингілеу Жүйесінің цифрлық технологиясы белсенді түрде енгізілуде. Бұл электр желісінің тоқ өткізу қабілетін пайдаланудың деңгейін орташа есеппен 10-20%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Тұрақтылық Запастарын Мониторингілеу Жүйесін энергетикалық жүйесін нақты уақыт режимінде басқарғанда ғана емес, сонымен қатар қысқа мерзімді жоспарлау мақсаттарында да пайдалану мүмкіндігі бар. Осы цифрлық технология одан әрі дамытылған жағдайда ол энергетикалық жүйенің жұмыс атқару тиімділігін арттырады және электрлік желісінің физикалық дамуынсыз ағындарды ұлғайту мүмкіндігін тудырады», - деп атап көрсетеді Федор Опадчий.

Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне Қайтарылатын энергия көздерін генерациялауға қойылатын Негізгі техникалық талаптарды көрсете келе ол Қайтарылатын энергия көздері дамуының әлемдік үдерістері және АҚШ пен Қытайда электрлік қуатын шоғырландыру жүйелерін енгізудің жоғары қарқыны туралы сөз қозғады. Сондай-ақ ол Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның бастамасы бойынша актуалдандырылған электр энергиясын жинақтау жүйелерімен Қайтарылатын энергия көздерін локалдық резервілеу және осындай резервілеуге талаптарды қою мәселесіне тоқталды.

«Жаңартылатын энергия көздерінің нысандарын жаппай іске қосу электр энергиясын жинақтау жүйелерінсіз және желінің кең ауқымды дамуынсыз мүмкін емес екені анық. Жинақтаушы құрылғыларды енгізудің әлемдік тәжірибесін ескере отырып, күн сәулесін және желдік генерациялау объектілеріндегі процесті біркелкі емес резервілеуді қамтамасыз ету ұсынылып отырған құжаттағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады», - деп атап өтті ТМД мен Балтық елдерінің энергетикалық жүйелерінің бірлесіп қызмет етуін шұғыл-технологиялық үйлестіру комиссиясының төрағасы.

Жалпы алғанда, құжатта жаңартылатын энергия көздерін энергия жүйесіне қауіпсіз интеграциялауды қамтамасыз ету жөніндегі техникалық талаптардың кешені қамтылады.

Электр энергиясын жинақтау жүйелері арқылы жаңартылатын энергия көздерін генерациялауды резервілеу мәселелерінен басқа, олар мыналарға арналған техникалық шешімдерге қатысты: электр стансаларының қуаттылық шығару сызбалары; жиіліктердің әртүрлі диапазонында жұмыс атқарудың рұқсат етілген ұзақтығы және әртүрлі кернеу диапазонында жұмыс істеуі; жалпы бастапқы жиілікті реттеуге қатысу; белсенді және реактивті қуаттылықты, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің жұмысын реттеуге қатысу; ақпарат алмасу; бұзылыс толқындары кезіндегі тұрақтылық; қосу және/немесе синхрондау шарттары; электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету.

«Бұл құжатты әзірлеу кезінде талқылаулар көп болды, өйткені ол жаңартылатын энергия көздерін энергетикалық жүйелерге интеграциялаудың өзекті әрі күрделі тақырыбына қатысты. Күн сәулесінің электр стансалары мен жел электр стансаларының жаппай енгізілуі энергетикалық жүйелердің жұмыс режимдеріне қиындық туғызады. Әлемдік тәжірибеде ірі апаттардың болу мысалдары кездеседі. Атап айтқанда олар жаңартылатын энергия көздері объектілерінің қызмет етуінің төлқұжаттық және іс жүзіндегі нақты сипаттамаларының арасындағы сәйкессіздіктерге байланысты», - деп атап өтті Федор Опадчий.

ТМД Электр Энергетикалық Кеңесінің Үйлестіру кеңесі үш құжатты да бекітті. Сондай-ақ кеңес отырысында келесі ұйымдастырушылық құжаттар бекітілді: 2024-2025 жылдарға арналған Шұғыл-технологиялық үйлестіру комиссиясының жұмыс жоспары; 2023 жылғы 7 тамыздағы ТМД Электр Энергетикалық Кеңесінің жанындағы Үйлестіру кеңесінің 6-шы отырысының шешімімен бекітілген ТМД Электр энергетикалық кеңесінің Жұмыс тобы туралы үлгі ережесіне сәйкестендірілген ШТҮК туралы ереженің жаңа редакциясы.

Үйлестіру кеңесінің отырысы ТМД Электрлік энергетикалық кеңесінің тұрақты қызмет ететін жұмыс органының төрағасы, Ресей Федерациясының Энергетика министрінің орынбасары Павел Сниккарстың жетекшілігімен бейнеконференция форматында 11 желтоқсанда өтті. Іс-шараға Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және т.б сияқты ТМД-ның сегіз елінен электр энергетикасын басқару жөніндегі атқарушы биліктің ұлттық органдары басшыларының орынбасарлары қатысты.

30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды